Өзіңді сүю – өмірді сүю
Өткізген мектеп психологі:
Алигожина Камшат Габдулманапқызы
Өзіңді сүю – өмірді сүю (коррекциялық сабақ)
Мақсаты: Қатысушылардың өзін – өзі тануына, өз қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзгелердің көзқарасына тәуелді болмауға, өзін – өзі рухани жетілдіруге, өмір сүруге құлшынысын арттыру.
«Менің көңіл - күйім» жаттығуы.
Мақсаты: Қатысушылардың өз көңіл – күйлерін орынды, дәл жеткізе білу дағдыларын жетілдіру.
Оқушылар көңіл – күйлеріне байланысты смайликтерді таңдайды. Бұдан сабақ басында оқушылар бойында қандай көңіл - күй басым екендігін анықтауға болады.
«Австралияның жаңбыры» жаттығуы.
1. Адамдарға көңіл - күй тудыра алатындай сәлемдесе аласызба?
2. Сіз әрдайым ұстамды, сыпайысыз ба?
3. Қарсылықты тура білдіресіз бе?
4. Сіз берген сөзіңізде тұра аласыз ба?
5. Өз сыныптастарыңызға жиі бұйрық бересіз бе?
6. Сіз адамдармен қатаңдық танытпастан, паңданбастан қатынасқа түсе аласыз ба?
«Мен ғажаппын» жаттығуы.
- Мен осы өмірге келуіммен кереметпін.
- Мен сияқты бұл өмірде ешкім де болған емес, болмайды.
- Мен ғажаппын, кереметпін.
- Менің күш - жігерім көп, денсаулығым мықты.
- Мен өмірді сүйемін, өмір мені аялайды.
- Мен тамаша жанмын.
- Мен айналама бақыт шуағын шашамын.
- Мен мақсатыма жетемін.
- Менің қолымнан бәрі келеді.
«Өзіңді сүю» кеңесі.
1. Өзіңді сынай берме.
2. Өзіңді үрейлендіріп, қорқыта берме.
3. Өзіңе – өзің мейірімді, жұмсақ және шыдамды бол.
4. Өзіңнің сана - сезіміңе мейірімді болуды үйрет.
5. Өзіңді мақтауға үйрен.
6. Өзіңді сүю - өзіңді қолдау екенін ұмытпа.
7. Өзіңнің кемшін жақтарыңды сүйе біл.
8. Өз денеңн күтім жаса.
«Өзіңе сенімділік неден құралады» кеңесі.
Луиза Хейдің кеңесі («как исцелить свою жизнь Новосибирск 1996»).
Жағымды ойлауға үйрену. Жақсы нәрсе туралы ойлап, соны күту, соған сену. Өз ойыңда үйлесімділік пен тепе - теңдікті құра отырып, біз де соны өмірден таба бастаймыз.
Өзің туралы жағымсыз ойлардан құтылу. Сіздің саналы түрдегі өзіңізді мейлінше жақсы емеспін деген сеніміңіз, сіздің іс - әрекетіңіз бен қылықтарыңызды басқарады да, әрдайым ол өмірде көрініс береді.
Өзіңді сүй. Біз өзімізді бар жанымызбен сүйіп және өзімізді құрметтесек, сонда өз іс - әрекеттеріміз бен қылықтарымызды қоштаймыз, біз адамдармен ең ғажап қарым - қатынас тудыра алатындай, жаңа қызықты жұмыс табуға мүмкіндік беретіндей, дене салмағымызды тұрақтандыра алатындай, денсаулығымызды нығайта алатындай етіп ақылымызды нақты ұйымдастыруды құрамыз. Өзіңді қабылдау және өзіңді қоштау - бұл жағымды өмірлік өзгерістер жасаудың кілті.
Өзіңді неғұрлым азырақ сынауға тырыс. Сын біз құтылуға тырысып жатқан сол ой бейнелеріне тоқтау сап қояды.
Өз жеткен биігіңізді өзіңіз теріске шығармаңыз және басқалардың теріске шығаруына жол бермеңіз. Мұны балалар керемет орындайды. Өмірдегі бар жақсы нәрсе өзіңнің сыртқы «Меннен» айырмашылығы болатын ішкі «Менді» қабылдаудан басталады. Біздің жүрегімізде барлық планетаны емдеп жазарлық махаббат жетерлік екенін ұмытпаңыздар.
Өз бойыңыздан жақсы қасиеттерді іздеңіз. Осыдан сіздің өміріңізде айтарлықтай прогресс басталады. «Мен өзім дегенің бәрін қолдаймын» деген жаттығу бар. Сіз мұны неғұрлым көбірек айтсаңыз, соғұрлым жақсы болады.
Басқалардың сіз туралы айтқанына көп көңіл бөлмеңіз. Әр адам - қайталанбас және ерекше. Біз осы планетаға біреуге ұқсау үшін емес, өзімізді көрсету, жеткізе білу үшін келгенбіз.
Ақиқатты тани біл...
Кісінің имандылығы кісі сыйлауынан көрінеді. Адамның ақыл - парасаты, мәдениеті мен тектілігі мінез - құлқынан көрінеді. Мұхаммед Пайғамбар.
Адамдарды танып білудің ең жақсы тәсілі – өзін - өзі тану. Сатья Саи Баба
Өзіңді өзің басқара алмасаң, өзгені де басқара алмайсың. Халық даналығы
Адам өміріндегі ең қажетті білім - өзін - өзі тану. Бернар Фонтенель
Өзіңді өзің таны. Өзін - өзі тану өте қиын. Фалес
Кімде - кім өзін сүйсе, туысқандарын сүйсе, өз елін сүйсе, әсіресе, адам баласын бауырым деп білсе, сол адамды ізгі атаймыз. М. Жұмабаев
Өзіңді - өзің танысаң – істің басы. Ш. Құдайбердіұлы
Ең қиыны өзіңді - өзің тану, ең жеңілі - басқаға ақыл айту. Фалес
Әр адам – өзінің ішкі дүниесінің көрінісі. Марк Цицерон
Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі. Әл - Фараби
Осындай нақыл сөздерді оқып, мазмұнын ашып, оқушылардың өз пікірлері мен ойлары, ұсыныстары тыңдалады.
Сабақ соңындағы «Менің көңіл - күйім» жаттығуы арқылы кейінгі оқушылардың көңіл - күйіндегі өзгерістерді анықтауға болады.