Үш арыстың үлгілері
Әдебиеттік оқу 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Үш арыстың үлгілері
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Халық ауыз әдебиетінің өлмес мұрасы - шешендік сөздерді түсіндіре отырып, үш арыстың үлгілерін оқып, мазмұны мен таныстыру.
Дамытушылығы: Ой шақыра білуге, топпен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Тәрбиелігі: Отанын, тілін құрметтеуге, өз бетінше жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, бүктеме, оқулық, тірек сызбалар.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Ақыл ойын дананың
Ана тілден аламын.
Ана тілім ардақты
Ақ сүтіндей ананың.
Оқушыларды 3 ауылға топқа бөлу.
І топ. Төле би ауылы
ІІ топ. Қазыбек би ауылы
ІІІ топ. Әйтеке би ауылы
1. Ой шақыру.
1 - оқушы. Төле би
Бір бала әкесінен өтіп туады,
Бір бала әкесіне жетіп туады
Бір бала кері кетіп туады.
2 - оқушы. Қазыбек би:
Біз мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз
Басымыздан сөз асырмаған елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз.
3 - оқушы. Әйтеке би:
Кісі бірге туыспау керек,
Туысқан соң сөз қуыспау керек.
Сөз қуған бәлеге жолығады,
Жол қуған олжаға жолығады.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Баға
Егер «5» алсаң,
Бақыт берер ол сан
Егер алсаң «4»
Досың сенің көп
Егер алсаң «3»
Білімге сал күш
Егер алсаң «2»
Болдың досқа күлкі
- Кәне, балалар, үйге берілген өтірік өлеңді әр ауылдан екі оқушыдан айтайық.
ІІІ. Өткен сабақты пысықтау.
Осы өтіп жатқанымыз қандай тарау?
- Атадан қалған асыл мұра» тарауы
- Осы тарауда қандай халық шығармаларымен таныстық?
- Оқушылардың жауабы.
Халық шығармалары
↓
Ертегілер
Мақал - мәтелдер
Жырлар
Жаңылтпаштар
Өтірік өлеңдер
Жұмбақтар
Аңыздар
Мысалдар
Шешендік сөздер
ІV. Жаңа сабақты түсіндіру
- Ал, бүгін, осы жанырдың бірі шешендік өнермен танысамыз.
Шешендік сөздер — терең оймен, шебер тілмен айтылған халық шығармасы.
Қазақтан шыққан қандай би - шешендерді білесіңдер?
- Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Жиренше шешен, Досбол, Жидебай шешендер.
Слайд:
Би → көпшіл, ойшыл, шешен, заңгер, батыр, шыншыл, әділ.
ХVІІІ ғасырдағы ұлы тұлғалар бірі - үйсін Төле би. Төле би шамамен 1663 жылы Жамбыл облысы, Шу өзені Жайсаң жайлауында дүниеге келіп, 1756 жылы Шымкент облысы, Ленгер ауданы, Ақбұрқан деген жерде тоқсаннан асып дүние салған.
Қазыбек би 1667 жылы Сырдария жағалауындағы ауылда туып, жастық шағын Қаратау, Ұлытау атырабында өткізген. Қазыбек елге жеті жасынан шешен боп танылыпты.
Әйтеке би (шын аты Айтық ) Бәйдібекұлы. 1681 жылы туылған. Кіші жүзден шыққан қазақтың атақты шешен биі.
Қазақ халқының бұл үш биі ел басына күн туған қиыншылық кезде де, билер кеңесі кезінде де, жер дауы, жесір дауы, құн дауы көтерілген жерде де, бірге бас қосып ел тағдырын бірге шешіп келген. Осы үш би бірлесе отырып, Қазақ хандығының Мемлекетін реттейтін «Жеті жарғы» атты жаңа заң жүйесін жасауға қатысқан.
Жеті жарғы (Әз Тәукенің заңдары)
Қазақ хандығының тағына отырған Тәуке хан мемлекеттің күш қуатын арттыруды мақсат етті. Сол мақсаттың түп қазығы - Ұлы жүзден Төле бидің, Орта жүзден - Қаз дауысты Қазыбектің, Кіші жүзден Алшын, Әйтеке бидің қатысуымен Күлтөбенің басында Тәуке ханның «Жеті жарғысы» деген атауға ие болған заңдар жинағы дүниеге келді.
V. Мәтінмен жұмыс.
«Үш арыстың үлгілері» шешендік сөздерін оқып, мазмұнын сөзбен айтып түсіндіру.
VI. Оқулықпен жұмыс.
Сахналық қойылым ретінде мәнерлеп оқу.
VII. Сұрақ - жауап өткізу
1. Шешендік сөздер айтқан кімдер?
2. Билердің бейнесінін не байқадыңдар?
VIII. Дәптермен жұмыс.
Шешендік сөздер — терең оймен, шебер тілмен айтылған халық шығармасы.
Сергіту сәті: Қарлығаш биі
Веен диаграммасы
Бұрынғы кезде ХVIII ғ. → Хан, Би, Жеті жарғы.
Қазіргі кезде ХХІ ғ. → Президент, Парламент Ата заң.
Ұқсастықтары → Халқымыздың әділдігін орнатушылар.
-- Әр топ өз билерінің нақыл сөздерінің орнын ауыстырып, түзетіп оқу.
І топ.
Өнерлімен дос болсаң,
Қиялыңды қозғайды.
Ой - өрісі жігіт тар
Ауылдан асып озбайды.
Дұрысы: Өнерлімен болсаң, дос
Қиялыңды қозғайды.
Ой - өрісі тар жігіт
Ауылдан асып озбайды.
ІІ топ
Туып – өскен қымбат елің,
Кіндік кескен жерің қымбат.
Ұят пенен қымбат ар,
Өзің сүйген жер қымбат.
Дұрысы: Туып – өскен елің қымбат,
Кіндік кескен жерің қымбат.
Ұят пенен ар қымбат,
Өзің сүйген жер қымбат.
ІІІ топ
Ашу деген су ағын,
Алдын ашсаң арқырар.
Ақыл дария деген,
Алдын тоссаң тоқырар.
Дұрысы: Ашу деген ағын су,
Алдын ашсаң арқырар.
Ақыл деген дария
Алдын тоссаң тоқырар
IX. Сабақты бекіту:
1. Шешендік сөздерді айтқан кімдер?
2. Ұлы жүздің биі кім?
3. Орта жүздің биі кім?
4. Қазыбек би кімдерді қымбат деп бағалады?
X. Оқушыларды бағалау:
Топ ұпайларын санау.
Төле би ауылы Қазбек би ауылы Әйтек би ауылы
XI. Үйге тапсырма: «Үш арыстың үлгілері» жаттау.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы,
№74 Ж. Баласағұн атындағы жалпы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Жанасбаева З.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.