- 05 нау. 2024 04:15
- 258
Ұлттық құндылықтар (Алты қалпақ әдісі)
Тақырыбы: Ұлттық құндылықтар (Алты қалпақ әдісі)
Мақсаты: Ұлттық құндылықтар туралы әртүрлі ойлауды қажет ететін сұрақтар, проблемалар төңірегінде ой қорыту, өздерінің “ойларын білдіру”.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, плакаттар, слайдтар, маркерлер, стикерлер.
Барысы: І. Кіріспе
- Сәлеметсіздер ме құрметті әріптестер! Бүгінгі «Алты қалпақ» атты семинарға қош келдіңіздер!
(Мұғалімдерді түрлі - түсті шляпалар арқылы топқа бөлу. Шешім қабылдау үдерісінде мұғалім үшін ең маңыздысы уақыт шектеліп қалмауға мүмкіндік беретін жаңа дайындық түрі қажет болады)
Эдвард де Бононың «Ойлаудың 6 қалпағы» әдісі – ақпараттың, қандай салаға қатысты екендігіне қарамастан (ғылыми таным, білім беру, тұлғааралық өзара әрекет) барынша обьективті қабылдауға арналған практикалық дағдыларды игерудің қарапайым да тиімді тәсілі.
Эдвард де Боно кім?
Эдвард де Боно 1933 жылы Мальтада дүниеге келген. Мальта университетін бітіргеннен кейін, Оксфордта психология, физиология және медицинаны зерттейді, сонан кейін әлемнің озық - Оксфорд, Кембридж, Лондон және Гарвард университеттерінде қызмет атқарды.
Эдвард де Боно – әлемде креативтілік және ойлау дағдыларына оқыту саласындағы танымал сарапшы, бүйірлік ойлау тұжырымдамасының және соған негізделген бизнес - тәжірибеде, шығармашылық жұмыста және оқытуда қолданылатын «Ойлаудың алты қалпағы», CoRT, Direct Attention Tools, т. б. әйгілі әдістемелердің авторы, британдық психолог, жазушы.
ІІ. Негізгі бөлім
Теория кезеңі: «Ойлаудың алты қалпақтары» әдісі мынадай -
Ақ (ақ бұлттар) - фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде беру
Қызыл (от) – ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіру
Қара (тұман) – негативті ойлау, мысалы: “бұл орындалмайды, себебі....”
Сары (күн) - оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар, ұсыныстар, мысалы: «неге, бұл міндетті түрде орындалады!»
Жасыл (дала) – жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар
Көк (аспан) – жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды, білдіреді, қорытындылайды.
1 - тапсырма: тақырыптың ұлттық дәстүріміз төңірегінде болуына орай, әр топқа ұлттық нақыштағы тапсырмалар беріледі.
«Ақ қалпақ» – киіз үйдің қаңқасы, құрал – жабдықтары (шаңырақ, кереге, уық, басқұр, сырмақ, текемет т. б) Ақ қалпақтылар киіз үйдің қай уақытта пайда болғанын, қай жылдары қалай пайдаланғаны, сонымен қатар, қазіргі таңда қолданыста барын айтып өтеді.
«Қызыл қалпақ» – Ұлттық ойындар (көкпар, тоғызқұмалақ, алтыбақан, ханталапай, қыз қуу, күрес, арқан тартыс т. б) Әр ойынның астарында әр түрлі ой – мағына жатыр. Мысалыға: қыз қуу дәстүрлі ойыны – махаббатың, пәктіктің символын білдіреді.
«Қара қалпақ» - Ұлттық киімдер (шапан, кимешек, камзол, құлақшын, мәс, бешпет, кәжекей т. б) Қара қалпақтылар ұлттық нақыштағы киімдеріміздің жағымсыз жақтарын айтып өтеді.
«Сары қалпақ» - Ұлттық ыдыс – аяқтар (зерен, торсық, ожау, саба, мосы, т. б) Ұлттық нақышта безендірілген ыдыстарымызды әрі қарай дамытып, қазіргі таңда өткелі жатқан «ЭКСПО» 2017 байқауына шығаруға ұсынды.
«Жасыл қалпақ» - Ат әбзелдері (үзеңгі, ер тоқым, қамшы, сауыт, т. б) жасыл қалпақтылар ат әбзелдерімізді жаңа идеяларымен, қазір кезге лайықтап пультпен басқарылу әдістерін айтып өтті.
«Көк қалпақ» - Ұлттық тағамдар (қазы – қарта, құрт – ірімшік, қымыз, т. б) Көк қалпақтылардың ойы бойынша, ұлттық тағамдарымыз бен сусындарымыз экологиямызға байланысты, адам денсаулығының пайдасы туралы тоқталып өтті.
Осы тапсырмалар аясында жұмыстарын плакат беттеріне түсіріп, постер қорғалды.
Ұлттық құндылықтар (Алты қалпақ әдісі). жүктеу