Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 11 сағат бұрын)
Шын жүректен алғыс айтамын – атты Алғыс айту күніне арналған мерекелік концерт жоспары
«Шын жүректен алғыс айтамын» – атты Алғыс айту күніне арналған мерекелік концерт жоспары

І - жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты оқушылар, құрметті қонақтар және ұстаздар!
«Шын жүректен алғыс айтамын» атты мерекелік концертімізге қош келдіңіздер!

ІІ - жүргізуші: Уважаемые гости, дорогие ребята! Мы приветствуем Вас на замечательном празднике «От чистого сердца благодарны вам». От всей души желаем в этот особенный день много радости, веселья и приятных сюрпризов! Пусть этот праздник остается для всех самым любимым праздником!

І жүргізуші: Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» тақырыбымен өткен ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елімізде Алғыс айту күнін мерекелеу туралы айтқан болатын. Қазақстан шын мәнінде ұлы жұттан басталған зобалаңнан бастап, одан кейінгі Ұлы Отан соғысы сұрапылында туған жерлерінен үдере көшкен сан - мың ұлысқа ортақ шаңырақ болды. Олар осы жерде өздеріне жайлы орта тапты, жанұялы болды, өсіп - өнді. Мұндайда алыстағының өзі бауырың, туысыңа айналады. Қазақ елінде өмір сүріп жатқан кез - келген ұлт қазақты өз бауырындай көреді. Сондықтан, оларға алғыстан басқа айтары жоқ. Біздің елімізге жолдамамен қызметке жіберілген қаншама партия, кеңес қызметкерлері болды. Олардың өзі Қазақстанды туған еліндей көреді. Жазған естеліктерінде қазақ даласын, ондағы адамдар туралы құрметпен еске алады.

ІІ Жүргізуші Сонау 30 - жылдардың соңында үдере көшу саясаты құрбандарының бүгінде үшінші ұрпағы елімізде, егемен елімізде өмір сүруде. Олар туралы әркез жылы сөздер айтылуда. Алайда, жан - жарасы әлі де ұмытылар емес.
«Сталин режимінде әр жылдары, өздеріңіз білетіндей, халықтар түгелдей жер аударылды. Оларды вагондардан ауылдарға тастап кете берді, олардың еш дүниесі болған жоқ. Сол уақытта бұл далада өздері мұқтаж бола отырып, оларды саман үйлеріне қабылдаған қазақтар, қазақ отбасылары ғана өмір сүрді», – деген болатын ел Президенті.
Рас, сол жылдары бүкіл қазақ отбасы арып - ашып келген жандарды құшақ жая қарсы алып жатты. Олардың ұрпақтары бүгінде ержетіп, есейді. Мұндайда алғыс айтқанды ұмытпаған абзал. Бүгінде олардың бәрі «Мың алғыс, қазақ халқына!» дейді.
Биылғы жылы алғаш рет тойланбақ болып отырған 1 Наурыз Елбасының бастамасымен «Алғыс айту күні болып бекітілді». Жалпы, қазақ халқы алғысқа өзінің байырғы мән - мағынасына терең ой беріп, бойына сіңіргендігі анық. Оның себебі көп: біріншіден ислам дінін ертерек қабылдаған қазақ халқы алғыс айтуды әуел бастан әдетке айналдырған. Біз осы Алғыс айту күнінің мереке есебінде күнтізбемізге енгеніне өте қуаныштымыз.

ІІ жүргізуші: Біріншіден Елбасымызға алғыс айтқымыз келеді. Халқымыз бүгінгі таңда Тәуелсіздігін алып, бақытты өмірге келіп отыр, осының бәрі өткен күрестің жемісі. Бұл жерде Елбасының елімізде мызғымас татулық орнатып, бүлдіршіндерімізді бейбіт күннің астында өмір сүруіне жағдай жасап отырғандығы ақиқат.
Бұл күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.
Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау – Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет.

Шын жүректен алғыс айтамын – атты Алғыс айту күніне арналған мерекелік концерт жоспары. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама