- 18 янв. 2018 00:00
- 234
Ерлан Сағадиев цифрландыру жүйесін меңгермей жатқан мектептерге шүйлікті
ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев цифрлық технологияларды меңгере алмай жатқан мектептерді анықтауды тапсырды. Министр дәл осы мәселеде директорлар алдымен жауап беретінін мәлім етті.
«Бізде BilimLand жүйесіне барлық мектептер қосылған. Әр қала бойынша қолымда статистика бар деп айта аламын. Мәселен, Павлодар қаласындағы 35-ші мектеп қыркүйек айының алғашқы күндері-ақ 14 мың лекция жүктеп алған. Ал 5-ші мектеп лекцияны 283 рет қана жүктеген. Айырмашылықты байқайсыз ба? Демек, біреуге бұл керек, екіншіге мүлде қажеті жоқ», - дейді министр.
Ерлан Сағадиев ендігі кезекте мамандар «Kundelik» бойынша статистиканы салыстырып отыратынын жеткізді.
«Яғни, бұдан былай 35-ші пен 5-ші мектептің үлгерімі қандай екенін біле аламыз. Цифрлық білім ресурстары оқу материалдарының бастамасында өте ыңғайлы екені анықталып отыр. Мұғалімдер неге осыны қолданбайды? Өйткені, білмейді немесе түсінбейді. Себебі, оларда видежобалар жоқ. BilimLand жүйесіне ақша төлеп отырып, қалайша оны 280 рет қана қолдануға болады. Дәл сол уақытта, дәл сол соманы төлеген басқа мектеп 14 мың рет қолданса... Бұл мүлде біліксіз басқару дегенді білдіреді ғой», - деді министр.