Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Міндеттерді қалай жеңілдетуге болады?

Белгілі-бір жетістікке жетіп, табысты болған адамдар бізге сиқыршыдай болып көрінеді, өйткені олар аз уақыт ішінде керемет нәтижелерге қол жеткізіп жатады. Олар мұны қалай жүзеге асырады? Оның ең басты себептерінің бірі — олар көптеген істі жеңілдетуге тырысады. «80/20 Принцибі» кітабының авторы, Парето (Парето заңы) ұстанымының ізбасары Ричард Кох айтпақшы: егер 80% қорытындыға себеп болатын 20% істі анықтай алсаңыз, жұмысыңыздың өнімділігін бірнеше есе арттыруға болады.

Оңайлату — ісіңіздің өнімділігін арттырғыңыз келгендегі жасау керек болған ең бірінші әрекет. Ол талай уақытыңыз бен ақыл-ой қуатыңызды үнемдеуге мүмкіндік береді, ал үнемделген уақытты маңызды нәрселерге арнауға болады.

Істерді оңайлатуға кіріспестен бұрын қандай «істерді» оңайлатуға болатынын анықтап алайық:

- Міндеттерді оңайлату: көпшілігімізде күнделікті атқаратын міндеттер шамадан тыс болуы мүмкін. Жұмыс, үй, бала-шаға, қоғамдық іс-шаралар, хобби дегендей. Егер бұл міндеттер көбейіп кететін болса, кімде-кім болмасын қатты қииналып қалары анық. Сондықтан аса маңызды емес кейбір міндеттерді өз күнделігіңізден алып тастаңыз немесе оларды өзара біріктіріңіз.

- Мақсатты оңайлату: олардың санын үшке дейін қысқартыңыз. Осылайша қажетті дүниеге жақсырақ көңіл бөле алатын боласыз, жүйке тоздырудан арылып, күш-қайратыңызды барынша маңызды болған әрекеттерге бағыттайсыз. Өміріңіздегі өте маңызды мақсаттардың тізімін жасап, оның ішінен дәл қазір ең өзекті 2-3 мақсатты таңдаңыз да әрекетке көшіңіз.

- Әрекеттерді оңайлату: кез-келген жұмыс әрекеттерден тұрады. Енді сол әректтердің ішінен қажетсіздерін қысқарту керек.

- Сөздерді қысқарту: адамдармен түсінікті етіп сөйлесіңіз. Қиын, мәнерлі сөздерді қолданып, сөйлеміңізді қиындатудың қажеті жоқ.

- Таңдауды оңайлату: мұнымен біз бір күнде он рет емес, жүз рет те кезігуіміз мүмкін. Егер таңдау жасаудың әрқайсысына уақыт бөліп, жіті тоқталатын болсақ, ақыл-ой қуатымыздың біршама бөлігін алып қояры анық. Сондықтан, мұның алдын алу үшін өз таңдауларыңызды барынша қысқартуға тырысыңыз: таңғы асыңыз біркелкі болсын, киер киімдеріңізді әр күнге бөліп қойыңыз, күнделікті ұйықы кестесін ретке келітіріп алыңыз да оны мұқият ұстаныңыз.

Өмірімізді жеңілдету барысын неден бастауға болады? Оған көмектесетін бірнеше бағыт төменде көрсетілген.

1 Қысқа тізімдер жасаңыз

Кез келген іске қатысты (сатып алатын заттар бөлек) тізімді бірнеше тармақтан тұратындай етіп құрастырыңыз, мысалы:

- Бір аптаға үш мақсат.

- Бір күнге үш мақсат.

- Сіз ұстанатын үш құндылық.

- Тілдесу барысындағы мінез-құлықтың үш стратегиясы.

Бұл атқарылатын әрекеттеріңізге айқын бағыт көрсетіп, істелетін жұмыс санына абдырамауға көмектеседі. Көп жағдайда адам белгілі-бір қысымға кезіккенде, күйзеліс пен сарыуайымға түседі. Ал ол шексіз тізімдердің нәтижесінде туындайды.

2 Браузеріңізді тәртіпке келтіріп алыңыз

Көбіне адамдар компьютер емес, браузердің алдында отырады. Бұл біздің жұмыс орнымыз, оны толықтай реттеп алуымыз керек.

Браузерде қажетсіз беттерден аулақ болыңыз, үш беттен артық ашып отырудың қажеті жоқ. Басқа қажетті беттерді бетбелгіге сақтаңыз немесе «Save to Google» кеңейтімін пайдалансаңыз болады.

Белгілі-бір сайтта ұзақтау уақыт жұмыс жасайтын болсаңыз, браузеріңізді толық экран режиміне қойып алыңыз (Chrome үшін - F11). Ол жылдам жұмыс істеуі үшін кэш, браузер тарихын және «cookie» -лерді мезгіл-мезгілімен тазалап отырыңыз.

Қажетсіз беттерден барынша аулақ болып, жылдам интернет қолдану керек.

3 Қажетсіз заттардан, әсіресе үлкен заттардан арылыңыз

Әрбір зат тек орынды ғана емес, сонымен қатар қуатыңыздың белгілі-бір мөлшерін талап етеді. Қажетті энергия бөлетіндері де бар, бірақ ол сирек кездесетін жағдай.

Заманауи адам қолында бар аз ғана дүниесімен-ақ бірнеше істі жемісті аяқтай алады. Ол үшін бүгінде технологияның көп көмегі тиюде. Мәселен, жұмыс істеп, көңіл көтеріп және өзіңізді жан-жақты дамыту үшін бір ғана ноутбук та жеткілікті.

Үлкен заттарға ерекше назар аударыңыз. Үйіңізді қоқысқа айналдырмаңыз. Бұған дейін үйіңізде тазалық жасып, артық заттардан арылып кеңістікті кеңейткенде өзіңізді жеңіл сезініп көрген боларсыз. Бұл аздап парадоксті болуы мүмкін, бірақ неғұрлым айналаңызда қоқыс аз болса, соғұрлым жинақы болмақсыз.

4 80/20 қағидасын қолданыңыз

Бүгінде Парето заңы туралы көп жазылған, бірақ іс жүзінде бұл қағиданы аз адам қолданады. 80/20 стилінде ойлану — шын мәнінде лайықты және маңызды 20% -ды таңдау үшін өз əрекеттеріңізді, тілек-мақсаттарыңызды, заттарыңызды, айналаңыздағы адамдарыңызды бен қаржы жағдайыңызды үнемі қадағалап отыруды көздейді:

- Құлаққа жағымсыз естілсе де, өкінішке орай, сіздің айналаңыздағы 80% таныстарыңыздың еш пайдсы жоқ.

- 80% әрекеттеріңіз мақсатқа жеткізбейді.

- Мақсаттардың 80% -ның жүзеге аспауының себептері — жүзеге асыру барысында жіберілген қателіктер немесе ол мақсаттың бас жағынан-ақ сіз үшін маңызды болмағандығы.

- ойыңыздың 80%-ы өнімсіз.

Әлбетте 80% және 20% — салыстырмалы сандар. Олар 65% бен 35% немесе 99% бен 1% қатынасы болуы да мүмкін. Бірақ мәні сол — біздің күш-жігеріміз бен ой-әрекеттеріміздің басым бөлігінің ешқандай мағынасы мен пайдасы жоқ. Тек аз бөлігі ғана ғана жақсы, пайдалы, оң нәтижеге жеткізеді.

80/20 стилінде ойлануды үйреніңіз. Жасырын нәрселерді байқауға, сонымен қатар өзгелер елей бермейтін дүниелерді көруге талпыныңыз. Өнімділікке жеткізетін 20% әрекетті табу үшін өзіңізді және әрекеттеріңізді әрдайым сараптаңыз.

5 Ойланыңыз

Істеріңізді оңайлатуды үйрену үшін сізге аздаған уақыт жалғыз қалып, ойланған абзал. Бұл өз өмірін өзгерткісі келетіндер үшін қойылатын басты талап болмақ. Әрекеттеріңізді қашан, қалай және не үшін жасайтыныңызды ойланбастан, автоматты түрде іске кірісетін болсаңыз, сіз күнде қайталанып жасалатын істердің тұтқыны боласыз.

6 Кейбір міндеттерден арылыңыз

Біз бұл бағытқа жоғарыда қысқаша тоқталып өттік. Бірақ бұл бағыттың маңыздылығы соншалықты, ол қайталау мен кеңейтуді талап етеді.

Осы күнге дейін орындап келе жатқан, бірақ еш құндылығы жоқ міндеттеріңіз туралы ойланып көріңіз. Олар көптеген құнды уақытыңыз бен маңызды қуатыңызды жеп жатыр. Адамдарға көмектесе алмай немесе белгілі бір жұмысты атқара алмай қалсаңыз, өзіңізді кінәлаудан аулақ болыңыз. Сыпайы түрде кері қайтарыңыз да, өзіңіз үшін маңызды болған жұмыстармен айналысыңыз. Осылайша үлкен жеңілдікті сезінетін боласыз.

Сәттілік тілейміз!


You Might Also Like

Новости

Реклама