Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Жетуі қиын Тридрангар шамшырағы

Исландияның Вестман аралдарындағы Тридрангар шамшырағы әлемдегі оңаша тұрған ең үрейлі шамшырақтардың бірі болып табылады.

Атлант мұxитынан шамамен 40 метр биіктікте жалғыз тұрған бұл ғимарат 1939 жылы тікұшақтардың көмегінсіз салынған болатын. Мұны қалай жасай алғандығын елестетудің өзі қиын!

Бұрын шамшырақпен бірге бұл аралда теxникалық қызмет көрсетумен айналысатын және бірін-бірі кезек-кезек алмастыратын бір-екі жұмысшы тұратын. Бүгінде шамшырақ толығымен автоматтандырылған. Кейде ғана жұмысшылар шамшырақтың жағдайын біліп кету үшін, мүмкін ақауларын жөндеу үшін осында ұшып келеді.

Тікұшақ алаңы салынбай тұрып, бақылаушыларға жартасқа қайықпен жүзіп келіп, шың басына өрмелеп шығуға тура келетін. Шамшырақтың 1939 жылы қалай салына бастағандығы туралы жұмысшылардың бірі әңгімелеп берді:

«Бізге бірінші кезекте жартас шыңына апаратын жолды құру керек болды. Сол істе бізге Вестманнаэйяр аралдарынан келген тәжірибелі жартасқа өрмелеушілер көмектесті. Біз оларға қажетті бұрғыларды, балғаларды, шынжырлар және шынжырларды бекітуге арналған қысқыштарды жеткіздік.

Шың басына сәл қалғанда ілігетін еш мүмкіндік болмады. Сондықтан, альпинистердің біреуі тізерлеп, екіншісі оның арқасына мінді, ал үшіншісі сол екеуінің үстіне шығып, сонда ғана шың басына жете алды. Осыншалықты қауіпті істі бақылап тұрғанда не сезінгенімді сөзбен айтып жеткізудің өзі қиын».

Тридрангар шамшырағы исландиялық жазушы Ирса Сигурдардоттирді өз елінде бестселлерге айналған «Why Did you Lie?» детективті романын жазуға шабыттандырды.


You Might Also Like

Новости

Реклама