Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
1930 ж қоғамдық – саяси өмір
Сабақтың тақырыбы: 1930 ж қоғамдық – саяси өмір
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сталиннің жеке басқа табынушылық саясатының күшеюі негізінде “халық жауларын” түгелдей тамырымен жою үшін партиядағы басқарушылар мен кеңес қызметкерлері арасында тазарту процессі жүргізілгендігі жайлы түсіндіру.
Дамытушылық: Қазақстанда лагерлер жүйесінің құрылуы туралы әңгімелей отырып, оқушылардың ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Өз елін сүйетін және қастерлейтін ұрпақ қалыптастыру.

Негізгі ұғымдар:
Тоталитаризм
БМСБ
ГУЛАГ
Үштік
Ұжымдастыру т. б.

Үй тапсырмасы. “Миға шабуыл” әдісі
1928 жыл, 27 тамыз
- ”Ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды тәркілеу және жер аудару туралы” декрет қай жылы шықты?
1931 - 33жылдары республиканың 6, 2 млн халқының нешесі аштықтан қырылды?
- 2, 1 млн.
Ф. И. Голощекинге бесеудің хатын жазған қоғам қайраткерлері?
- Ғ. Мүсірепов, М. Ғатауллин, М. Дәулетқалиев, Е. Алтынбеков, Қ. Қуанышов
Орталық Комитетінің қарамағына шақырылып алынып “ұлтшыл ” деп айып тағылған қоғам қайраткерлері.
- С. Сәдуақасов, С. Сейфуллин, С. Қожанов, Т. Рысқұлов, Ж. Мыңбаев

Үй тапсырмасын бекіту (кестені толтыру)
“Жылдар сөйлейді” ойыны

Шаруашылықты ұжымдастыру деңгейі
Асыра сілтеушілік іс - әрекетінің залалдары
1929 жыл
56498 оның 34 мыңы шаруа сотталды, жауапқа тартылды.
1931 жыл 5500 жер аударылды.
1930 - 32 жыл аштық

Халықтың 40 % қырылды

Жаңа сабақ
Сталиннің жеке басқа табынушылық саясатының күшеюі негізінде “халық жауларын” түгелдей тамырымен жою үшін партиядағы басқарушылар мен кеңес қызметкерлері арасында тазарту процессі жүргізілді. 1937 — 1938жж. “ұлтшыл - фашистер” мен сатқындық кінәсі Т. Рысқұлов, Н. Нұрмақов, С. Ходжанов, У. Құлымбетов, О. Исаев, О. Жандосов, А. Досов, А. Асылбеков, С. Садуақасов, С. Сафарбеков, Т. Жургенов және т. б. тағылды. Қазақтың ғылымы мен мәдениеті орны толмас шығынға ұшырады. Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. және Х. Досмухамедовтар, М. Тынышпайұлы, М. Жұмабай, С. Сейфуллин, И. Жансүгіров, Б. Майлин, С. Асфендияров, Ж. Исанин, К. Кемеңгеров кінәсіз жазалаудың құрбандары болды.

Қазақстандағы лагерьлер жүйесі
Степлаг - Далалық лагерь
Карлаг - ерекше режимді Қарағанды еңбекпен түзеу лагері.
ЧСИР - Отанға опасыздық жасағандар әйелдерінің Ақмола лагері.
Алжир - Отанға опасыздық жасағандар әйелдерінің Ақмола лагері.
ГУЛАГ - Лагерлер Бас Басқармасы.
Үштіктер - үш адамнан құралған комиссия
БМСБ - Біріккен мемлекеттік саяси басқарма

Жазалау шараларының құрбандары

Қазақ - кеңес әдебиетінің көрнекті тұлғалары: С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров, М. Жұмабаев,
Қазақ тілі білімінің негізін салушы – А. Байтұрсынұлы
Тілтанушы ғалым, профессор - Қ. Жұбанов
Қазақтың тарихи білімінің негізін салушы – С. Асфендияров
М. Дулатов жазаға ұшырады.

Жамбыл облысы, Сарысу ауданы,
Әйтеке би атындағы орта мектеп
Тарих және география пәнінің мұғалімі
Аткоов Медет Қырғызбайұлы
1930 ж қоғамдық – саяси өмір жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама