Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Біріккен сөздер
Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсат: оқушыларға біріккен сөздер туралы түсінік бере отыра, біріккен сөздер туралы анықтаманы өздері шығарып алуына жағдай туғызу. Біріккен сөздердің жасалу жолдарын көрсету, түрлерін ажыратуға машықтау, біріккен сөздерді практикада дұрыс жазуға дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсат: шығармашылық жұмысқа баулу, тілді құрметтеуге, табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсат: Оқушыларды ойындар арқылы ойлау қабілетін дамыту, тапқырлық, ізденімпаздық
қасиеттерін қалыптастыру. Жаттығуларды өз беттерінше орындау арқылы ой өрістерін, таным қабілеттерін арттыру.

Өткен сабақтарды қайталау "Сәлеметсіз бе?"ойыны
1. Түбір дегеніміз не?
Сөздің бастапқы мағыналы бөлшегін түбір дейміз.
2. Қосымша дегеніміз не?
Қосымша – сөздің түбірге жалғанған бөлігі.
3. Қосымша қанша түрге бөлінеді? Оларды ата.
Қосымша 2 түрге бөлінеді: жұрнақ және жалғау.
4. Жұрнақ нешеге бөлінеді?
Жұрнақ екіге бөлінеді: сөз тудырушы жұрнақтар және сөз түрлендіруші жұрнақтар.
5. Сөздер құрамы жағынан қалай бөлінеді?
Сөздер құрамы жағынан дара және күрделі болып екіге бөлінеді.
6. Дара сөздер дегеніміз не?
Бір ғана түбірден тұратын негізгі және туынды түбір сөзді дара сөз дейміз
7. Күрделі сөздер дегеніміз не?
Екі немесе одан да көп түбірден құралған сөзді күрделі сөз деп аталады.

Күрделі сөз ата.
Біріккен сөз, Қос сөз, Қысқарған сөз, Тіркесті сөз.

Екі я одан да көп түбірден бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер біріккен күрделі сөздер деп аталады. Мысалы: белбеу, ашудас, өнеркәсіп, т. б.
Біріккен сөздер слайд жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама