Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Қасым Қайсенов «Жау тылындағы бала» Қазақ баласының тағдыры
Сабақтың тақырыбы: Қасым Қайсенов «Жау тылындағы бала» Қазақ баласының тағдыры

Қазақ әдебиеті 7 сынып
Сабаққа негізделген оқу мақсаты:
– әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау.
Бағалау критерийлері: Шығармадағы үзіндіні жатқа оқиды.
Кейіпкерлерге сыни баға береді.
Пәнаралық байланыс: Тарих, география, музыка

Сабақтың басы
Оқушылармен амандасып, сыныпты түгендейді. Кезекшімен сұхбаттасады.
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
«Жойылсын соғыс» әнін орындау.
Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген
Тоқтасын мәңгілік жойылсын.
Кел, достарым, ән бастайық!
Көтеріп жаңғыртып
Даласын дана, баласын ана
Жоқтамасын мәңгілік!
«Мозайка» әдісі арқылы сынып үш топқа бөлінеді.

Алдынғы білімді тексеру. «Желпуіш» әдісі арқылы жүзеге асады. Оқушылар үйден сұрақтар дайындап келеді.
Қызығушылықты ояту.
Оқушылар Ұлы Отан соғысының ардагерлерін білесіңдер ме?
үйден сұрақтар дайындап келеді.
Қызығушылықты ояту.
Оқушылар Ұлы Отан соғысының ардагерлерін білесіңдер ме?

Ортасы
Оқушыларға «Қасым» фильмінен үзінді көрсету.
«Т» кестесін толтыру
Білемін Қостым

ҚБ. Топтар бір - бірін «Бас бармақ» әдісі бойынша бағалайды.
Оқушыларға Қасым Қайсеновтің өмірі таныстырылады.
Қасым Қайсенов (1918 - 2006)
Қасым Қайсенов 1918 жылы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Асу - Бұлақ ауылында қарапайым еңбекші отбасында дүниеге келген. 1934 жылы орта мектепті толық аяқтамай Өскемен қаласындағы саяси - ағарту техникумына оқуға түсті. 1939 жылы оны бітірген соң әскери - барлау мектебіне жіберіледі, 1941 жылы қараша айында осы мектепті бітірген бойда, Оңтүстік - Батыс майданының штабына жөнелтіледі. Арнайы тапсырма бойынша Украинаның басқыншылар қолында қалған жеріне жіберіледі. Ол жерде Қасым Қайсенов В. И. Чапаев атындағы партизан құрамасының үшінші отрядын басқарады. Молдавия, Украинаның Закарпатье бөлігі, Чехословакия және Румыния жеріндегі ұрыстарға қатысады.
Қасым Қайсенов «Жау тылындағы бала» Қазақ баласының тағдыры жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама