Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ағылшын тілі сабағында сөйлеу дағдыларын тиімді қалыптастыру үшін бейне материалдарды қолдану

Берікбаева Ләззат Сьезьекқызы
Орал қаласы, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемелекеттік университеті
шет тілі және екі шет тілі мамандығы, 03401 топ студенті.
Нурушова Тамара Ивановна
Орал қаласы, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемелекеттік университеті, аға оқытушы, ғылыми жетекші.

Бүгінгі таңда көптеген оқуыту технологиялары бар, соның ішінде ең иімді және оқушыларға ең қызықты технологияның түрі ол – бейне технологиясы. Бейне материалдар арқылы тілді оқыту үрдісінде лингвистикалық, психолингвистикалық және психологиялық оқушылардың білім, білік, дағды жүйесін, ғылыми дүниетанымын, көзқарастарын қалыптастыра отырып, оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға болады. Бұл дегеніміз тұлғаны ең бірінші орынға қойып, тұлғаға бағытталған амал қолдану.

Сабақ үрдісінде бейне материалдарды  қолдану барысы, мұғалімнің жан-жақты дайындығының, яғни жоғары білімі мен шығармашылық ізденімпаздығын талап етеді. Ұйымдастыру кезінде мұғалімдерге қойылатын талаптар:

•    Тақырыпқа байланысты көп ақпарат жинақтауы;
•    Техникалық құрал-жабдықтарды пайдалана алу қабілеті;
•    Өзіндік шығармашылығы;
•    Ақпаратты дұрыс және анық ұйымдастыра білуі.

Мұғалім ең алдымен сабақ жоспарына сай тақырып таңдап, жоспар құру керек, сабақ жоспарын дұрыс ұйымдастыруда, мұғалім өзі сабақ беретін оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтауларын, оқып, жазып, айтып жеткізулерін, сабаққа ынта жігер қойып, көңіл бөлуі сияқты психологиялық жағдайын ескеру қажет.

Келесі жоспар құруда сабақтың тақырыбына байланысты тапсырмалар, көрнекі құрал-жабдықтар, сабақ барысының кезеңдік түрлері, оқыту әдістері мен тәсілдері және оқыту түрлері жазылады.

Кoмпьютерге магнитoфoн қoсылып, oл дисплейдің экранында виузалды суретпен фoнoграмманы синхрoндауға мүмкіндік береді. Осылайша шет тілді мәтінді тыңдап түсіну үшін көретін сүйеніштерін жасаудың жақсы мүмкіндігі пайда болады. Көретін сүйеніштері мәтінді тыңдау кезінде қиындықтарды алып тастауға бағытталған мәтін алды жаттығулары түрінде болуы мүмкін. Сүйеніштер мәтінді тыңдағанға дейін көрсетіледі, және қажет болса, тыңдау кезінде экранда болуы мүмкін. Сосын мәтінді тыңдаудан кейін орындау қажет мәтіндік тапсырмалар пайда болады. Көретін сүйеніштер мен мәтіннен кейінгі тапсырмаларды бұлай қолдану шет тілді мәтінді тыңдап түсіну кезінде жақсы әсер береді.

Оқу дағдыларын жетілдіруде жаттығулар. Дисплей экранында берілген жылдамдықпен төменнен жоғарыға өтетін және оның үстіңгі жақтауына жоқ болатын шет тілді мәтін пайда болады. Мәтіннің экранда өту жылдамдығы оқушылардың үйрену деңгейіне байланысты  реттеледі. Мәтін экранда өткен кезде оқушылар одан берілген ақпаратты алып, бақылау кезінде бақылауға арналған тапсырмаларда не қажетт екендігін көрсетуге тиіс. Бұл қойылған сұрақтар жауап болуы мүмкін, бұл дұрыс емес ережелер болуы мүмкін, бірақ біздің ойымызша, бақылау үшін ең жақсы нұсқа «Comprehension Test» болып табылады.

Сондай–ақ компьютерді жылдамдықпен оқуға пайдалануға болады. Мұндай жаттығуларды орындау оқушыларға тапсырма беруге ғана емес, сонымен қатар әрбір орындалған жаттығуға баға беріп, олардың жұмысын қадам-қадам түзетуге мүмкіндік береді. Осылайша ең болмағанда жасалған қателерді талдауда оқушылардың әрбір жұмысын тексеру қажеттілігі болмай қалады. Бұның бәрін компьютер орындайды. Оқушылардың жұмысын ынталандыратын мүмкін түсіндірмелер аса маңызды рөлді атқарады. Оқушыларға олардың жұмысына көңіл бөлулер, олар жіберген қателерге қатысты ықыласты ескертулер, ұсынылатын бағдарлама олардың көбірек белсенді қызықты орындауына жағдай жасайтын дем беретін репликалар ұнайды. Қарым- қатынастағы игі ниеттілік оқушылардың ақпаратты жақсы қабылдауының психо-физиологиялық алдағы қатарлы заңдылықтарының бірі болып табылады. Сондықтан буферлерге жауап «дұрыс» «дұрыс емес», «қате», «сіздің жауабыңыз түсініксіз» секілді қарапайым сөздерді енгізу емес, мүмкіндігінше оқушылардың әрекеттеріне қарым- қатынасты білдірген дұрыс. Мысалы: «Жарайсың!», «Өте жақсы», «Өкінішке орай, сіз қателестіңіз, тағы да жауап беріңіз», «Сіздің жауабыңызды үлгімен салыстырып, тапсырманы тағы бір рет мұқияттырақ орындауға тырысыңыз. Сәттілік тілейміз!». Жұмысты қорытындылаған кезде бағаны жай қою емес. сондай-ақ оған түсіндірме берген маңызды. Компьютерге сондай-ақ оқушылардың әр түрлі контингенті үшін грамматика (ереже, қандай да бір өзге грамматикалық түрлердің қолданылу кестесі, етістіктердің жіктелуі және басқаруылуы және т.б.) және лексика (берілген сөздің негізгі сөз тіркестерін, оның синонимдері мен антонимдерін көрсетумен) бойынша анықтамалық материалды, оқу және айту ережесін, лигвоелтану және тарихи ақпаратты және т.б. енгізуге болады. Қажетті анықтамалық материалды іздеу үшін компьютерді пайдалану оқушыларды сәйкес сөздікті немесе анықтамалықты іздеуден құтқарады, бұл уақытты көп ұтуға мүмкіндік береді.

Бейне материалдарды талдау түсіндірмелі жаттығулар бойынша өткізіледі. Кеңейтілген түсіндірілмелі жаттығулар мазмұнына қарай ірі тақырыптар және жеке тақырыптар бойынша орындау болып екіге бөлінеді. Орындау тәсіліне қарай түсіндірмелі талдау да екіге бөлінеді: ауызша және жазбаша талдау.

Жаттығуды ауызша талдауда мынандай методикалық талаптар қойылады:

а) оқытылып отырған материалдың өзіндік белгілері көп болмауы тиіс;

ә) тақырыптың анықтамасы сөйлем жағынан ықшам болуы қажет;

б) орындалатын жаттығудың мақсаты күрделі болмауы керек;

в) жаттықтырылатын материалдан оқушылардың жалпы түсінігі болуы абзал.

Бұндай жаттығулары төмендегідей жүйе бойынша жүргізуге болады. Алдымен, оқушылардың ойын бағыттау үшін тыңдап отыруын талап ету қажет. Дәптерге ештеңе жаздырылмайды. Өтілген тақырыпқа сай, жаттығулардың шартын ауызша әңгімелейді. Мәселен, мәтінді түгел тыңдатамыз, соңынан оқып шығыңдар, әріптердің дыбысталуына назар аударыңдар, мәтіндегі объектілерді ауызша атаңдар, осыған ұқсас мысалдар келтіріңдер, тақырыптың өзіндік ерекшеліктерін саралап түсіндіріңдер, анықтамасын айтыңдар.

Жаттығуды ауызша талдау арқылы оқушыларда мына сияқты дағдылар дамиды: оқушылардың білімі бекітіледі, есту қабілеті қалыптасады, сенімділік қабілеті нығаяды, байқау қабілеті дамиды. . [24,б.16]

Ауызша және жазбаша өтілетін тапсырмаларды жүргізу орнына қарай тақтада және орнында отырып орындау болып екіге бөлінеді. Тақтада орындау үшін инетербелсенді тақта мен жылжымалы тақта пайдалынады. «Интерактивті тақтаның керемет мүмкіндіктері оқушыларды шабыттандырады». Тақтада тақырыптың неғұрлым қиын және күрделі түрлері орындалады.

Бұл сияқты талдаулар төмендегі тәртіппен өткізіледі: жаттығудың нөмірі жазылады, орындалу үлгісі көрсетіледі, объектінің өзіндік белгілері бойынша қалай сұрыпталатыны, жазылу емлесіне байланысты заңдар қалай дәлелденетіні түсіндіріледі. Ал орнында отырып орындалатын жаттығулардың шартын дауыстап оқып, дәлелдеп түсіндіреді. Оқулық бойынша ауызша талдау, көбінесе күрделі мақсатты объектілерді түсіндіру үшін жүргізіледі. Оқулықтағы материал бірер оқушыға дауыстап оқытылады. Оқулықтың беті, параграфтың, жаттығудың беті мен нөмірі тақтаға жазылады. Тағырып бойынша таңдалып алынған видеоматериалдар оқулықтағы тақырыпқа сай болуы қажет. Бір оқушыны тақтаға шығарып, жаттығудың шартын орындатады, бірер үлгісін мұғалім өзі жазып көрсетеді, қалғанын сыныпқа сұрақ қоя отырып, үлгісін тақтаға жаздырады.

Қазіргі таңда жаңа ақпараттық технологияларды оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру құралы ретінде қолдану өте тиімді. Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу және қолдану, интеллектуалды дамыған, ақпараттық ортада жақсы әрекеттене білетін тұлғаны қалыптастыру жолында пайдалы болуы мүмкін коммуникация құралдарының барлығын пайдаланудың белсенді процесі жүріп жатыр. Бұл ретте оқушының  шығармашылық қабілетін аша білу үшін жағдай жасау, оның қабілетін дамыту, өзін-өзі жетілдіру және жауапкершілікке тәрбиелеу сөз болады. Білім және біліктілік адам үшін маңызды құндылықтарға айналады. Соған орай білім жүйесі де дайын білімді игеруге ғана емес, интеллектуалдылықты қалыптастыруға, жеке танымдық әрекетті қалыптастыруға бағытталуы тиіс.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама