Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 9 сағат бұрын)
Алгебралық өрнек. Алгебралық қосынды
Қызылорда қаласы, «Мұрагер» мектебінің
математика пәні мұғалімі Мәтжанова Жанар Онғарқызы

Сабақтың тақырыбы: Алгебралық өрнек. Алгебралық қосынды
Сабақ мақсаты:
• Алгебралық өрнек, алгебралық қосынды туралы оқушы білімдерін жинақтау, жүйелеу, тәжірибеде қолдана білу дағдысын қалыптастыру;
• Оқушылардың ой - өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілетін дамыту;
• Алға қойған мақсатқа жете білуге, жауапкершілікті сезіне білуге, өзіне сенімді болуға тәрбиелеу. Оқушыны жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Сабақ типі: Білім, білік және дағдыны тексеру сабағы
Сабақтың әдісі: Блум таксономиясы, СТО стратегиялары.
Сабақтың көрнекілігі: презентация, кубик, бағалау парақтары, стикер

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпта оқушылардың қатысуын қадағалау, сынып оқушыларын 2 топқа бөліп отырғызу, топ басшысын сайлау, бағалау парақтары тарату. Оқу құралдарын алып, сабаққа назар аудару;

2. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген №711, 714 есеп нәтижесі таратылады. Оқушылар бір - бірін тексереді. Бағалау парағына дұрыс жауапқа сәйкес ұпайды жазамыз.
Бағалау парағына назар аударыңдар. Мұнда сабақта орындалатын жұмыстар жазылған, әр жұмыс бойынша оқушылар тиісті ұпай алып отырады.
3. Өткен сабаққа шолу
Ойланайық!
1. Қандай өрнек алгебралық өрнек деп аталады? (жазылуында бір немесе бірнеше әріптері бар, амалдар таңбалары және жақшалардан тұратын өрнек)
2. Алгебралық өрнекті тауып, оқып беріңіз (1, 3, 4, 6).
1) 12+а; 4) x2+7;
2) 17*3+5; 5) 0, 6 - 5*3;
3) 2а+b; 6) (a+b) 4.
3. Алгебралық өрнектің құрамындағы әріпті санмен алмастыруға бола ма? (Иә, болады. Бұл алгебралық өрнектің негізгі қасиеті)
4. Қандай сандар алгебралық өрнектегі әріптің қабылдайтын мәндері деп аталады? (әріптің берілген өрнектің мағынасы болатын мәндерін әріптің қабылдайтын мәндері деп атайды)
5. өрнегіндегі айнымалының қабылдайтын мәндерін тап. (кез келген сан)
6. өрнегіндегі айнымалының қабылдайтын мәндерін тап (x| x 2).
7. Алгебралық қосынды дегеніміз не? (бірнеше алгебралық өрнектерден «+» және «-» таңбалары арқылы құрастырылған жазу)
8. Алгебралық өрнектің мәні деп қандай санды айтады? (алгебралық өрнектегі әріптің орнына оның қабылдайтын мәнін қойып, көрсетілген амалдарды орындау нәтижесінде шығатын санды)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама