Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Аңыз әңгімелер, шешендік сөздер
Сабақтың тақырыбы: Аңыз әңгімелер, шешендік сөздер
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік мақсаты: Аңыз әңгімелер, шешендік сөздер туралы түсінік беру. Аңыз әңгімелердің ертегілерден айырмашылығын ұғындыру.
2. Тәрбиелік мақсаты: Тапқырлыққа, өжеттілікке, шешендікке баулу, әдептілікке тәрбиелеу.
3. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың тіл байлығын дамыту, сөздік қорын байыту, ойларын жүйелі, нақты жеткізе білу дағдысын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, сауалнама, сұрақ - жауап
Көрнекілігі: Проектор, сауалнама бетшелері, суреттер, кітаптар, т. б.

Жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасы. Сөзжұмбақ шешу
ІІІ. Жаңа сабақ
ІV. Кітаппен жұмыс
V. Бекіту кезеңі.
VІ. Венн жүйесі
VІІ. Қайталау. Сауалнама
VІІІ. Үйге тапсырма
ІХ. Бағалау

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Сөзжұмбақ “Қырық өтірік”
1. Тазша баланың бойындағы бір өнері?
2. “Қырық өтірік” ертегісі ертегінің қай түріне жатады?
3. Тазша бала өтірік әңгімесін қалай бастайды? Нені жоғалтып алады?
4. Аспанға бойы жетпей тұрған бала кімнен ақыл сұрайды?
5. Жирен құлынды тапқан соң, қандай оқиғаға тап болады?
6. Шыжғырылған қоянның майын ненің қарнына құяды?
7. Сыймаған майды қайда жақты?
8. Етігін іздеп жүріп, тағы нені жоғалтады?
9. Өтірік өлеңде Тазша атты қайда арқандадым дейді?
10. Тазша көшкенде жүгімді неге арттым дейді?
11. Тазша қасқырды немен қуады?
ІІІ. Жаңа сабақ
IV. Кітаппен жұмыс
1. Аңыз дегеніміз – тарихта болған адамдардың халық үшін еткен еңбегі, жасаған игілікті іс - әрекеттері жайлы туындаған шығарма.
2. Аңыз әңгіменің өзіне тән ерекшелігі – тарихи шындық пен қиялдың аралас жүретіндігі.
3. Аңыз әңгіме кейіпкерлері: Асан қайғы, Жиренше шешен, Алдар көсе, Қожанасыр, Қорқыт ата, Жошы хан, т. б.
4. Шешендік сөздер дегеніміз – елге белгілі адамдардың қайсыбір оқиғаға байланысты айтқан тапқыр сөздері.

V. Бекіту сұрақтары:
1. Аңыз әңгіме дегеніміз не?
2. Аңыз әңгімелердің ерекшелігі?
3. Аңыз әңгіме кейіпкерлерін ата
4. Шешендік сөздер дегеніміз не?
5. Қазақтың қандай би - шешендерін білесің?
6. Қандай шешендік сөзді жатқа білесің?

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Тұрғызба ауылы
№4 М. Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мұқанғалиева Мария Арыстанқызы
Толық жүктеу
Слайдын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама