Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Апама. Анаға сыйлаймыз. Кім? не? Сұрағына жауап беретін сөздер
Сабақтың тақырыбы: Апама. Анаға сыйлаймыз. Кім? не? Сұрағына жауап беретін сөздер.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың кім? не? Сұрағына жауап беретін сөздер жайлы білімдерін ары қарай жалғастыру. Оқу мен жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту, шапшаң ойын қорыта алуға, ұқыпты жаза білуге дағдыландыру, сөйлеу тілін дамытумен қатар балалардың анаға деген сүйіспеншілігін ояту, ана еңбегін ардақтап, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі - тәсілдері: Сұрақ – жауап, «Топтастыру» стратегиясы, ойындар.
Пәнаралық байланыс: Өзін – өзі тану, еңбек, музыка.
Көрнекіліктер: Қима қағаздар, күннің суреті, техникалық құралдар,(мультимедиялық проектор)

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық.
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Құрметпенен сіздерге
Сәлем бердік біз,
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін
Мерекелік осы күн.
- Дұрыс айтасыңдар оқушылар, бүгін бізде қонақ. Бүгін бізде мереке.
- Қазір бізге қай сабақ?
- Ана тілі.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем.
- Көктем мезгілінің қай айы?
- Наурыз.
- Көктемнің нешінші айы?
- Бірінші.
- Көктем мезгілі екенін табиғаттың қандай белгілерінен байқадыңдар?

Көктем

Жылғалардан су ақты
Қар ериді
Құстар келеді
Күн жылынады
Бәйшешек гүлдейді
Төрт түлік төлдейді
- Көктемгі алғашқы гүлді кім атай алады?
- Бәйшешек, жауқазын.
- Бүгінгі сабаққа жақсы қатысып, дұрыс жауап берген балаларға жауқазын мен бәйшешек гүлін сыйлаймын. Ал сендер аналарыңа сыйлайсыңдар.

II. Үй тапсырмасын тексеру.
- Олай болса үй тапсырмасына не берілді?
- Оқулықтың 103 бетіндегі 91 жаттығу және «Бәйшешек» пен «Жауқазын» өлеңін жаттау болатын.
- Жақсы оқушылар барлығымыз дәптерімізді ашайық. Үй тапсырмасын тексерейік.
Кітап – кітаптар, машина – машиналар, бала – балалар, үй – үйлер.
- Ережені сұрау.
- Кім? кімдер? Деген сұрақтар адамға байланысты қойылады: Мысалы: аға, ата, ұшқыш, аналар
- Не? Нелер? Деген сұрақтар заттар мен жануарларға байланысты қойылады.
Мысалы: тоқылдақ, қайың, машиналар.
- Олай болса қанеки кім «Бәйшешек» пен «Жауқазын» өлеңін жатқа айтып береді?
- (3 - 4 оқушыдан сұрау).
- Балалар ойын ойнағыңыз келе ме?
- Ия
- Олай болса сендермен «Бәйге» ойынын ойнаймыз.
1. Оң жақтағы 20 - жұмбақтың шешуін тап.
Сылдырдан қорқады, талырып жортады (Қоян).
2. Сол жақтағы 10 – мақалдың жалғасын тап.
Сіз деген – әдеп,........ (Біз деген құрмет)
3. Ортадағы 50 - Құстар сөзіне сөйлем құра
4. Оң жақтағы 30 – Қазақстан
Республикасының рәміздерін ата?
5. Сол жақтағы 20 - (Елім менің жерге бай, Айдынды шалқар колге бай. Кімнің сөзі?)
6. Оң жақтағы 10 - «Қарағай» сөзін буынға бөл, дауысты дыбыстарды ата?)
7. Ортадағы 40 – (Тасымалданбайтын екі буынды сөздерді ата?)
8. Сол жақтағы 30 – (Жуан және жіңішке жұп дауыстыларды ата?)
9. Ортадағы 60 – жанды дауыс (Көктем айында қандай мерекелер бар?
- 8 наурыз халықаралық әйел – қыздар мерекесі, Наурыз тойы. (Жеке – жеке тоқталу)
- 1908 8 наурызда тұрмыстың ауыр жағдайына төзе алмаған Клара Цеткин бастаған еңбекші әйелдері Нью-Йорк қаласына демонстрацияға шықты. Содан бері 8 наурыз – бүкіл халықаралық әйелдер мерекесіне айналды. Бұл мерекені жылдың басқа мезгілінде болуы қисынға келмейтіндей. Өйткені, көктем секілді әйелдер де адамзатқа өмір, жылылық пен әсемділікті сыйлайды.
- Наурыз – жыл басы, халықтық мереке. Наурызды бүкіл шығыс елдері мерекелейді. Наурызда ойдағы арман – тілек орындалады деп сенген. Әр үйде қазан – қазан наурыз көже пісіреміз, одан жұрттың бәрі ауыз тиген. Мереке ойын – сауық, ән – күй, күлкі, думанмен өткен. Бұл күн мен түннің теңелетін, қыс ызғары кетіп, көктем лебінен 22 – іне қараған түн осы күнге сәйкес келеді. Бұл күні адамдар бір – бірімен төс қағып амандасады, өкпелері болса кешіреді. Кісілер бір – бірімен көрісіп амандасқанда бата береді. Жақсы – жақсы тілектер айтады.

III. Жаңа сабақ.
- Сол мерекелердің бірі – 8 наурыз аналар мерекесіне тоқталамыз.
- Бүгін Мариям Хакимжанованың «Анам» атты өлеңі және Ақұштап Бақтыгерееваның «Анаға сыйлаймын» атты өлеңмен танысамыз.

Мариям Хакимжанова

(1906 - 1998)
тамаша ақын, дархан жүректі ана
«Құрмет белгісі»
«Еңбек ордені, медальдармен марапатталды.»
«Бөбегім менің – өлеңім менің»
«Ана жүрегі»

- Қане саусақтарымызды қойып, мұқият тыңдаймыз.
- Өлеңді мәнерлеп оқып беру. (әңгімелеп беру)

Ақұштап Бақтыгереева

1944ж. 23 тамыз Ақжайық ауданы Еңбек ауылы
Қазақстан жазушылар одағының мүшесі
«Советская женщина» «Огонек» журналының жүлдегері
«Ана махаббаты»

- «Анаға сыйлаймыз» өлеңін мәнерлеп оқып беріп, әңгімелеу.
- Өлеңді тізбектей оқыту

IV. Дәптермен жұмыс.
- Қанеки балалар дәптерлерімізді ашып бүгінгі күннің жадын жазайық.
Оқулығымыздың 104 бетіндегі 92 – жаттығуға назар аударайық. Жаттығудың тапсырмасын оқыту. «Күннің көзін бұлт баспасын» ойыны арқылы осы жаттығуды орындаймыз.
- Оқушылар тақтаға назар аударайық.
- Бұл жерде күннің көзін бұлт басқан. Тапсырмалар орындау арқылы күннің көзін аша аламыз. Тапсырмаларда көктем, ағаштар, мал туралы айтылған сөйлемдерді көшіріп жазуымыз керек.
- Тапсырмаларды орындап күннің көзін бұлттан аштық.
- Жарайсыңдар.
- Енді күнге тілек айтайықшы
- Күніміз жарық, әрқашан күн сөнбесін. Аспанымыз ашық болсын! Бейбітшілік болсын!

Сергіту кезеңі.
- «Әрқашан күн сөнбесін» әнін орындау:
- Әрқашан күн сөнбесін, Аспаннан бұлт төнбесін.
- Қасымда болсын мама,
- Болайын мен де аман!
- Балалар аналарымыздың мерекелеріне арнап еңбек сабағында ашық хат жасаған едік, соған шағын құттықтау сөзімізді жазайық. (3 - 4 оқушыға оқыту).
Енді осы жазған құттықтау сөзімізді аналарымызға сыйлаймыз.

V. Сабақты қорыту.
- Дүниеде анасыз адам болмайды. Мына отырған сендер де, мен де, осы бәріміз анадан туып, ананың көкірегінен нәр алғанбыз. Дүниеге келген жас нәресте ең алғашқы сөзді анасынан үйренеді, ең алғашқы әнді анасынан естиді.

Ана

Аяулы жан
Жарық өмір сыйлаушы
Қамқоршы
Мейірімді
Ұстаз
Пана
Дос
Ақылшы
VII. Үйге тапсырма:

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама