Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Әр түрлі жеңді киімді құрастыру есебі мен сызбасы

Реглан пішіміндегі жең ХІХ - ғасырдың аяғында европалық киімдерде пайда болды. Олар ағылшын генералы лорд Регланның атымен аталған. Ол осындай пішімдегі жеңдері бар киімді армияға енгізді. Реглан пішіміндегі жеңдер бастапқыда ер адамдар киімдерінде пайда болып, көп кешікпей әйел киімдерінде кеңінен өріс алды. Бұл пішімнің ерекшелігі омырау жүйесінен тартылған ойықтың ашық жүйесі мен бұйымның иық бөлігімен тұтастыра пішілген жеңдері болып табылады.
20 – сурет, а
20 – сурет, ә
Пішімнің төмендегідей варианттары болады: әдеттегі реглан (20 – сурет, а). Ойық жүйесі өңір мен артқы бойлық омырау ойығының төбе нүктесінен 1, 5 – 2, 5 см т - мен толқымалы сызық түрінде қолтық түбі бұрышына қарай бағытталады. Ноль регланы (20 – сурет, ә). Өңір мен артқы бойлық ойығының жүйелері өңір мен артқы бойлық омырау ойығы төбе нүктелерінен, былайша айтқанда А және А1 нүктелерінен басталады;
20 – сурет, б
20 – сурет, в
Реглан - поган (20 – сурет, б). Ойық жүйесі иық кесіндісінен 4 - 8 см қашықтықта оған жүргізіледі, содан соң мүшелену деңгейінде қол мен кеуде қолтық бұрышына ойысатын толқымалы сопақша қисыққа алмасады;
Реглан - фантазия (20 – сурет, в). Ойық жүйесі төменгі бөлігінде толқымалы қисық түрінде көрінеді, содан соң алуан түрлі формаға ие болуы ықтимал.
Тұтас пішілген жең (20 – сурет, г), алдыңғы және артқы бойы да иық нүктесінен жең ұшына дейін, ал астыңғы жағы қолтық ойығынан тұтасып келеді.
Реглан пішіміндегі жең өзінің өлшемдері, формасы, мүшеленген жүйелерінің саны, ойық тереңдігі мен етек жағының түрге келуі жөнінен мейлінше алуан түрлі болуы ықтимал. Ені бойынша біркелкі кеңейтілген (бірқалыпты), кең, жіңішке төменгі жағы кеңейтілген жеңдер де кездеседі. Реглан пішінді тарлау жең сирек кездеседі. Өйткені олар елеулі дәрежеде қолдардың еркін қимылдарын тежейді. Егер мұндай жеңдерді тігетін болса, онда көбіне лоставица пішімінде қолданылады.
Әдебиеттер тізімі.
1. «Әйелдер және балалар киімдерін дайындау технологиясы». Қ. Қучарбаева.
Т. Амреева, Г. Чмекеева. Астана: Фолиант 2010ж
2. «Киімді конструкциялау және тігу технологиясы» А. Асанова, Г. Тастанбекова Астана: Фолиант 2008
3. Бұйымның түйіндік өңделуі Т. Сулейменова. Астана: Фолиант 2009
4. «Ұлттық киімдерді жобалау және тігу технологиясы» С. Асанова. Астана2008ж.
5. Киімді модельдеу және көркемдік безендіру Г. Ә. Тәкішева, Б. Е. Асанова Астана: Фолиант 2008
6. «Тігін мамандығы» Б. Хамидолла, Қ. Жоламанова. Астана: Фолиант 2009
7. «Тігін бұйымының технологиясы» - Л. Куатбекова, Ү. Келесова. Астана - 2010ж.
Үйге тапсырма: 20 – сурет, а қарап сызбасын сызу.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама