Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Бақытжан Байқадамов

Бақытжан Байқадамов 1917 жылы 24 наурызда Торай қаласында қазақ элитасының белгілі өкілі, аса білімді интеллигент Байқадам Қаралдиннің отбасында дүниеге келген.

Бақытжанның ата-анасы музыкалық жағынан дарынды адамдар болды: анасы Үрзипә көп өлеңдерді білуші еді, әкесі домбырада ойнап өлең айтатын. Бақытжанның музыкалық қабылеті ерте бастан көзге түсті, және де әкесі оның дамуына барынша атсалысты. Бақытжан бала кезінен-ақ музыкалық сауатты меңгерді, домбырада, сыбызғыда ойнады, өлеңдер жазды. Оның жетекшілері белгілі музыкашылар — Уахаб Қабиғожин мен Науша Бөкейхановтар болды. Әкесінің қайғылы өлімінен кейін (1930), Қызыорданың тәжірибелік-көрсеткіштік мектебінің интернатына жібереді, бұл жерде ол үрлемелі оркестрдің құрамында трубада ойнады және соғып ойнайтын аспаптарда өнер көрсетті. Дәл осы жерде Бақытжан сирек кездесетін математикалық қабылет танытты. Мектептен кейін (1933) ол ҚазПИ-дің физика-математикалық факультетіне оқуға түседі, оны бітіргеннен кейін (1937) математика сабағының мұғалімі болып жұмыс істейді. Бірақ Бақытжан музыканы ұмытпайды — көркемөнерпаздық байқаулар мен жарыстарда жеңе отырып, өз күштерімен өнер көрсету ұжымдарына басшылық жасайды. 1938 жылы халық дарындыларының республикалық байқауында ол өзінің “Пионерлер әніменен” Кенен Әзірбаевқа ғана жол беріп, 2-ші орынды иеленеді.
Мұғалімдік жасаған осы жылдардың ішінде Б. Байқадамов бірден танымал болған өзінің тұңғыш шығармаларын да жазады. “Әйгөлек” (1938) өлеңімен қоса оған деген халықтың ықыласы пайда болады. Б. Байқадамов өзін толықтай музыкаға арнайды — Е. Брусиловскийдің үйірмесінде өнермен айналысады, соғыс жылдарында көшіріліп әкелінген Киев консерваториясының профессоры М. Скорульскийден гармония мен полифония бойынша сабақ алады. 1944 жыл — Б. Байқадамовтың өміріндегі өзгеріске толы жыл. Консерваторияның ашылған кезде ендігі мойындалған 28 жасар автор (1943 жылдан СССР композиторлар Одағының мүшесі) — профессор Е. Брусиловскийдің алғашқы студенттерінің бірі болады.

Композитордың жеке өміріндегі осы жылы оның тағдырын күрт өзгерткен нәрсе, аты аңызға айналған полк қолбасшысы, генерал И. Панфиловтың қызы — Валентинамен кездесуі болды. Батырдың қызына үйленуі композиторды тікелей репрессиялардан сақтап қалды (өз кезінде оның жасырынуына, басқа біреудің фамилиясымен жүруіне тура келген, оны институттан шығарып тастаған, балалар мен жастар ұйымдарына — пионерге, комсомолға қабылдамай қойған, соғыс жылдарында отанды қорғау құқығын бермеген...). Осы сәттен бастап музыкаға берілген тыныш, қорқыныш пен қорлығы жоқ өмір басталған еді.

Уақыты жағынан айтарлықтай қысқа болған өнер жолында (60 жасында көз жұмған) Бақытжан Байқадамов көп нәрсе жасап кетті. Ол Қазақстанның музыкалық мәдениетінің тарихында алдыңғы қатарлы композитор-өлеңшілердің бірі, көптеген хор туындыларының, ірі вокалды-би композицияларының авторы ретінде ғана емес, сонымен қатар дарынды ұйымдастырушы, музыкалық ұйымдардың жетекшісі, өзгеріс енгізуші-ұстаз, қазақтың халық аспаптарын жетілдіру мен қайта жасау саласындағы тәжірибеші-ғалым ретінде де қалды.

Б. Байқадамов соңынан аса бай мұра — 200-ден астам жарқын да дарынды өнер туындыларын қалдырып кетті. Оның “Айгөлек”, “Домбыра”, “Ақ бидай”, “Су тасушы қыз”, “Өзіңсің”, “Сүйген сәулем”, “Теміртау жастарының маршы” сияқты өлеңдері — қазақстанның өлең өнерінің сарқылмас қазынасы. Композитор халықтың мұң-мұқтажына, оны не мазалайтынына, бәріне де көңіл бөлуге тырысты. Оның өлеңдері — бұл барлық маңызды оқиғалар - әскери тақырып, қазақстандық Магнитка, тың игеру... бейнеленген музыкалық шежіре. Халық оның өлеңдерін сүйуші еді, оларды әп сәтте қағып алатын. Мысалы, оның “Мазасыз көктем” кинофильміне арнап жазған “Су тасушы қыз” өлеңі фильм көрсетіліміне дейін көп уақыт бұрын айтыла жөнелген еді, сөйтіп композитордың талап етуімен бұл бөлім кинокөріністен кесіліп алынды. Өлеңдердің табысты болуын көп жағдайда орындаушылар қамтамасыз етті. Б. Байқадамов өз өлеңдерін тек қана нақтылы бір әншілерге ғана арнап жазған, және бұл орайда солардың барлығы да — Жамал Омарова, Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова, Әнуәрбек Үмбетбаев және ағайынды Абдуллиндер еш күмәнсіз оның өлеңдерін бірге жасап шығарушылар болып табылады.

Хорға арнап ән жазушы (композитор) ретінде Бақытжан Байқадамов қазақтың халық әндерін шеберлікпен өңдегендігімен ғана емес, ол бәрінен де бұрын қазақ өнері үшін жаңа жанрларды — хор сюитасын, хор поэмасын, хор күйін жасап шығарушы ретінде әйгілі болды. Хор шығармашылығында композитор өзін нағыз жаңалық енгізуші ретінде көрсетті.

Б. Байқадамов республикаға танымал бірнеше ұжымдардың дүниеге келуінің қайнар басында болған. Олардың қатарында оның өзі құрған, Қазақтың халық аспаптары оркестрінің де хор капелласының да ұйытқысы болған филармония да бар. Ақырында ол филармонияның да капелланың да көркемдік жетекшісі болды. Хор капелласын құрудағы және оның негізгі репертуарын жазудағы сіңірген зор еңбек Б. Байқадамовқа ғана тиесілі.

Б. Байқадамов жаңа ұжымның, бірнеше вокалды-хореографиялық композиция арнап жазған ҚазССР-інің Мемлекеттік ән мен би ансамбльінің көркемдік жетекшісі болған. Олардың бірі — “Саяхатта” — Москвадағы жастар мен студенттердің бүкіләлемдік фестивалінде таныстырылған, және композитор бірінші дәрежелі Алтын медальмен марапатталған болатын (1957).

Б. Байқадамовқа жалпы білімберу мектептеріне арналған музыка пәнінің мұғалімдерін дайындауға бағытталған педагогикалық институттардың жанынан музыкалық факультеттер құру идеясын ойлап тапты. Өзі жайындағы жақсы естеліктерді Б. Байқадамов республикадағы жалғыз ғылыми-тәжірибелік музыкадық шеберхананың ұйымдастырушысы ретінде де қалдырды. Математика мен музыканың кәсіби мамандығы Б. Байқадамовқа домбыраның жаңа өлшемдерін жасап шығаруға мүмкіндік берді. Дарынды шебер М. Романенконың сол өлшемдер арқылы жасаған аспаптары бүгінде республикадағы ең жақсылары болып есептеледі.

Тұтастай алғанда, осы керемет суретшінің шығармашылық бетбейнесі туралы айтқан кезде, шығармашылықтың барлық түрлерінің ішінен Бақытжан Байқадамовтың вокалдық және хор жанрларын басқаларынан артық көргенін айта кеткен жөн. Оның ойынша, өлеңнің, басқа еш нәрсенің қолынан келмейтін. Көкейтесті оқиғаларға анағұрлым шапшаң, анық және сергек қарайтын қабылеті бар екен. Бақытжан Байқадамовтың қажырлы еңбегі оның көзі тірісінде тиісті дәрежеде ресми түрде мойындалмады. Наңыз халықтық композитордың “Қазақ ССР-інің еңбегі сіңген өнер қайраткері” деген атағы (1957), “Еңбек қызыл ту” ордені (1959) мен “Еңбектегі озаттығы үшін” (1959), “Тың жерлерді игергені үшін” медальдары болды. Композитордың көп қырлы-бір сырлы қажырлы ісі енді ғана абыройына қарай бағаланды — қазір оның аты Қазақтың мемлекеттік капелласына, Арқалық қаласындағы өнер мектебіне, Алматы қаласындағы көшеге берілген, ол тұрған үйде мемориалдық тақта ашылған. “Дарын әділдікті қажет етеді”... (А. Нүрпейісов), алайда көрнекті шебер Бақытжан Байқадамов үшін сол әділеттіктің туы өзі дүниеден озған соң 20 жылдан кейін ғана желбіреді.

Бақытжан Байқадамовтың шығармашылығы — бұл Қазақстанның музыкалық өнерінің тарихындағы ең бір жарқын да мәнді кезеңдер. Композитор “мойындалған өлеңшіге және тұңғыш қазақтың хорға ән жазушысына айналды... Бақытжан Байқадамов — қазіргі ұлттық өнердің сирек кездесетін өкілі...” (Е. Брусиловский). Бақытжан Байқадамов — бақытты да қайғылы тағдыры бар адам. Оның бүкіл саналы өмірі “халық жауының ұлы” деген таңбалық белгінің астында, ал шығармашылық тағдыры — бүкіл халықтың оған деген құрметі мен махаббатының қанаты астында өтті.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама