Бауырдың беріштенуі
Бауырдың беріштенуі (циррозы) — диффузды гепатоциттер көлемі азаюымен, фиброздық өзгерістермен, бауырдың қалыпты кұрылымының өзгеруімен, регенерациялық түйіндер пайда болып, одан әрі бауыр жетіспеушілігі және портальды гипертензияға соқтыратын созылмалы полиэтиологиялық бауыр сырқаты.
Бауырдын беріштенуіне алып келетін және жиі кездесетін себептер:
— Алькогольді гепатит (40-80 пайыз жағдайда);
— Созылмалы вирусты гепатит (30-40 пайыз жағдайда);
— Криптогенді;
Сирек кездесетін себептері:
— Билиарлы; Аутоиммунды гепатит;
— Гемохромотоз;
— Вильсон-Коновалов ауруында;
— Альфа 1-трипсин жетіспеушілігінде;
— Кардиальды цирроз;
— Бадди-Киари синдромында;
— Дәрілік заттар себебінен.
Цирроз кезінде бауырда орын алатын морфологиялык өзгерістер
Бауыр бөліктері кұрылымы бұзылып, бауыр паренхимасы мен жасушалары өзгеріп, түйіндер және порталыды гипертензия пайда болып, бауыр көлемі алкогольді цирроз бен гемохроматоз жағдайында ұлғаяды, кейінірек шеміршектеніп, көлемі кішірейеді.
Осыған орай цирроздың морфологиялык жіктелуі:
— кіші түйінді (түйін көлемі 1-ден 3 мм, алкогольді гепатитте);
— ірі түйінді (түйін көлемі 3 мм жоғары, вирусты гепатитте);
— толық емес септальды;
— аралас (әр түрлі көлемде) болып бөлінеді.
Клиникалық көріністері
Науқас тез шаршағыштыққа, салмағының азаюына, диспепсияға, ішінің ауруына, терінің сарғаюына, асцитке, мұрынның, асқазанның, қызылиектің, тері астының қанталауына шағымданады.
Науқас анамнезинде гепатит, терінің сарғаюы, дәрілік заттарды тым көп пайдалану, қан құю, алкогольді шектен тыс пайдалану, тұқым қуалаушылык факторлар болады. Науқаста ауру еш белгі бермесе де, 90 пайыз жағдайда бауыры көтеріліп, сипап байқағанда қолға білінеді.
Объективті өзгерістер: науқастың тамаққа тәбеті нашарлайды, қаңқа бұлшық еттері қашып, «долларлы тері», тері сарғаюы, пигменттер, пурпура, Дюпюитрен котрактурасы байқалады.
Қандағы гиперэстрогенемия белгілері, гинекомастия 3Л жағдайда, аталық жыныс безінің кішіреюі кездеседі. Алақанда «пальмарлы эритема», іштің үлкеюі, іштің теріасты тамырларының кеңейіп, білеуленуі, бауырдың ұлғаюы 70 пайызда, кішірейіп қалуы 25 пайыз, талақтың үлкеюі 50 пайыз жағдайда орын алады. Сонымен қатар, бауыр патологиясы себепті перифериялык ісіктер, неврологиялық өзгерістер, ступор, тремор, психикалық өзгерістер болады.
Бауырдын беріштенуі кезінде жүргізілетін зертханалық, аспаптық зерттеулер:
— жалпы қан, биохимиялық қан зерттеулері, билирубин, ақуыз фракциялары, трансаминаздар, асцит болған жағдайда электролиттер көлемін анықтау;
— иммунологиялық көрсеткіштерін, антинуклеарлы антиденелер мен гепатит маркерлерін анықтау;
— эндоскопиялық зерттеулер, КТ немесе бауыр ультрадыбыстық зерттеулері.
Бауыр беріштенуі асқынған жағдайда асцитке, бауыр энцефалопатиясына, өңештің кеңейген қан тамырларынан қан кетуге, тромбозға, гепаторенальды синдромға, бауыр обырына әкелуі мүмкін.
Портальды гипертензияда тамырлардың кеңеюін, өңештің кеңейген қан тамырларын эндоскопиялық зерттеумен байқау, портальды көктамырдың диаметрін өлшеу, доплер-ультрасонография, КТ, МРТ, портальды көктамыр катетеризациясы, ангиографиялық зерттеулер жүргізіледі.
Бауыр беріштенуінің алдын алу шаралары
— Вирусты гепатиттің жұғуына жол бермеу;
— Алкоголь пайдаланудан бас тарту;
— Бауырға зиянды дәрілерден сақтану;
— Тағамды өт қуу мақсатында күніне 5-6 рет ішу;
— Күнделікті үлкен дәрет жүруін қадағалау;
— Бауыр беріштенуінің емі тек дәрігердің бақылауымен жүргізіледі.
К. Б. Елмағанбетова, терапевт