Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Денсаулыққа зиян келтірмей тісті қалай ағартуға болады?

Тісті ағартатын тіс пасталары қаншалықты тиімді, тісті ағарту қалай жүреді және дәрігердің бұған қатысы болуы керек пе, осы және басқа да сұрақтарды талқылаймыз.

Заманауи бұқаралық мәдениет кинематография және жарнама арқылы табысты болуға жетелейтін бейненің қандай болу керектігін, сыртқы тартымдылықтың қаншалықты маңызды екенін насихаттайды. Мұндай бейненің бір элементі – аппақ тістер екені белгілі. Мұндай бейне қаншалықты мінсіз – бұл бөлек тақырып, бүгін тістерді ағарту жайлы әңгіме қозғамақпыз.

Бүгінде ауыз қуысының тазалығына арналған заманауи нарық кез келген мәселені шешіп беретіндей. Голливудтық жымиыс пен аппақ қардай тісті армандайсыз ба? Қалауыңызға орай көптеген ағартатын тіс пасталары бар. Бірақ шындығы сол, ағартатын пастарлардың өзі тістің түсін өзгерте алмайды – олардың ағартуға қауқары жетпейді. Олай болса олардың қажеті қанша және шын мәнінде тістерді қалай ағартуға болады? Бұл мәселені шешуге Startsmile.ru жобасының жетекшісі Юлия Клоуда көмектеседі.

Ағартатын тіс пасталары қалай әсер етеді?

Жоғарыда айтып өткеніміздей, бұл пасталар, басқа да құралдар сияқты тіс түсін ағырақ ете алмайды. Кез келген тіс пастасы эмальға көбіне механикалық түрде әсер етеді және аз деңгейде – химиялық, емдік және басқалай әсер етеді. Кейбір жағдайларда, ағартатын тіс пасталарын жиі қолданса, тіс шынында ағырақ көрінуі мүмкін. Алайда бұл ағарту салдарынан емес, сол баяғы механикалық ағартудан іске асады.

Өйткені көптеген ағартатын тіс пасталары жоғары абразивті болып келеді, яғни көптеген абразив-бөлшектерден тұрады. Бұл абразивті бөлшектер қарапайым пасталар сияқты тістің жұмсақ жұқа қабатын алып қана қоймай, қатты жұқа қабатты да кетіреді, ал кейде біртіндеп тіс тасын да кетіреді. Эмальдың бетінен боялған жұқа қабатты кетіру арқылы тістер ағырақ көрінетін болады. Алайда бұл жағдайда тіс эмалы құртылады: абразивтер тіс бетіне микроскопиялық сызат түсіреді, бұл кейін жарықшаққа айналып, тісті құртуы мүмкін.

Жоғары абразивті ағартатын пасталарға балама бар ма?

Әр адам жылына кемінде екі рет тіс дәрігеріне баруы керек екенін бала кезімізден білеміз. Өкінішке қарай, бұл ережені ұстанатындар кемде кем. Және тіске кариес түскен-түспегенін тексеру үшін жылына екі рет стоматолог-терапевті ғана емес, кәсіби тазарту процедурасын жасату үшін гигиенистке да қаралу керек екенін көбі біле бермейді. Себебі, щетка мен паста тісті күні бойы немесе түнде жиналып қалатын жұмсақ жұқа қабаттан ғана тазарта алады. Бұдан өзге, тісті мұқият тазартып отыруға қарамастан тістерде біртіндеп қатты жұқа қабат түзеледі, сонымен қатар ода тіс тастары пайда болады. Күнделікті жеткілікті тиімсіз гигиена, диетаның бұзылуы, темекі шегу мен көптеген басқа да факторлар бұл процесті күрделендіре түсуі мүмкін.

Стоматолог-гигиенист арнайы склейлердің көмегімен қатты жұқа қабат пен тіс тастарын алып тастайды және мұның жоғары абразивті тіс пасталарына қарағанда тіс денсаулығына зияны жоқ. Бұдан кейін тістерді арнайы қоспамен өңдейді және қажет болса лак жағады. Сонымен қатар дәрігер қажет деп тапса тісті реминерализациялау процедурасын ұсынуы мүмкін. Кәсіби тазарту сеанстарын ұдайы жасау боялған жұқа қабатты кетіру арқылы тістерді жақсы ағартады. Алайда бұл да ағартуға жатпайды.

Тісті қалай ағартуға болады?

Тек кәсіби ағарту ғана тістің түсін ағырақ ете алатынын білген жөн. Ол кабинетте, яғни стоматолог-эстетистің креслосында жасалатын және үйде, яғни стоматолог-эстетистің нұсқаулығымен ұсынылған дәрі-дәрмектердің көмегімен үйде жасалатын болып екіге бөлінеді.

Кабинеттік кәсіби ағарту химиялық, лазерлік және фотоағарту болып бөлінеді. Негізінде, оның бәрі химиялық болып табылады, себебі басты әсер ететін компонент өзгермейді – бұл сутек тотығына негізделген қоспа. Бірақ бірінші жағдайда әсер ету катализаторсыз жүреді, ал екінші жағдайда қоспа әсері лазер сәулесімен катализденеді, ал үшінші жағдайда – жарықпен. Үй жағдайындағы кәсіби ағарту жоғарыда айтылған ағарту қоспасы және арнайы ағаш бездерін пайдалану арқылы, немесе осыған ұқсас қоспаға батырылған ағартатын жолақтардың көмегімен іске асады.

Тістерді ағарту мөлдір болып келетін эмальға емес, тереңірек тіс тіні – дентинге әсер ету есебінен жүргізіледі. Тісіңіздің түсі эмаль арқылы көрініп тұратын дәл осы дентиннің реңкіне байланысты. Дентин табиғатынан ешқашан ақ болмайды. Әдетте ол боялған, пигменттелген болады. Оның түсі ашық-сары мен қошқыл-сары арасында ауытқып тұрады, сонымен қатар сұр немесе алқызыл болуы мүмкін. Кәсіби ағартудың мақсаты дентинді өңсіздендіру болып табылады.

Тісті ағарту алгоритмі

Денсаулыққа зиянын тигізбей тісті қалай ағартуға болады? Біріншіден, мәселені анықтап алу керек: тістеріңіз ненің есебінен жеткілікті түрде ақ емес? Бәлкім, тісіңіз ағырақ көріну үшін сізге дентиннің реңкі мен эмальдың мөлдірлік деңгейіне кәсіби гигиенаның өзі жеткілікті болатын шығар.

Егер боялған тістің жұқа қабатын кетірген соң да тісіңіздің түсі көңіліңізден шықпаса, стоматолог-эстетиске бару керек, ол ағартудың оңтайлы жүйесін таңдап береді. Алайда кейбір жағдайларда тіпті кәсіби ағарту да көмектеспейтінін ескеру керек. Дәрігер сізге мұны алдын ала ескертеді, мысалы, егер сізде тетрациклинді тіс болса. Егер ағарту мәселесі қатты маңызды болса, онда мұндай жағдайда ақырғы шара – виниринг болады. Винирлер мен люминирлер – бұл алдыңғы үстіңгі тістерге салынатын, алынбайтын жұқа керамикалық қаптама. Олар ағартып қана қоймай, тіс қатарындағы болмашы кедір-бұдырды және тіс арасының кеңеюін түзейді.

Ағартатын пасталар не үшін қажет?

Жоғарыда айтып өткен тұжырымнан ағартатын тіс пасталары зиян және пайдасыз деуге бола ма? Әрине, жоқ. Атап айтқанда – бәрі емес. Кейбір кәсіби ағартатын тіс пасталары құрамындағы гидроксиапатиттердің – эмальды қайта қалпына келтіріп, жұқа қабаттың түзілуіне кедергі келтіретін микроэлементтердің есебіненкабинеттік ағарту мен тазарту әсерін бере алады.

Сонымен қатар кейбір ағартатын тіс пасталары боялған жұқа қабатты еріту мен тістің жұқа қабатын түссіздендіру арқылы шылымқорларға, кофемандарға және қара шайды жақсы көретіндерге көмектесе алады. Алайда сізге жағатын пастаны дәрігер стоматолог таңдап береді. Мұндай пастада бірінші кезекте жоғары абразивті бөлшектер аз болуы тиіс. Сонымен қатар, кез келген ағартатын тіс пасталары тістері тым сезімтал адамдарға, балалар мен ауыспалы тістестіруі бар жасөспірімдерге және жүкті әйелдерге жарамайды.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама