Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 10 сағат бұрын)
Елдік пен ерліктің ескерткіші

Сыныбы:

Пәні:

Қазақ әдебиеті

Тақырыбы:  

Елдік пен ерліктің ескерткіші

Мақсаты:

  • Халық  тәуелсіздігі үшін күрескен Күлтегіннің батырлық  бейнесін  таныту;
  • Жыр үзінділерімен жұмыс жасай отырып, оқушылардың сөздік қорын молайту, ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру және ауызша сөйлеу тілдерін дамыту;
  • Адамгершілікке, үлкенді құрметтеуге және  ұлттық мұраны қастерлеуге тәрбиелеу

Түрі:

Жаңа  білімді  меңгерту    

Әдісі:

алдын ала оқыту, зерттеу, баяндау, топтастыру, салыстыру (СТО стратегиясы), ақпараттық-коммуникативтік технология

Көрнекілігі :

Электронды слайд, электронды  оқулық, бейнематериалдар

Пәнаралық  байланыс:

география,  тарих.

Сабақ барысы:


  • Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу

Оқушылар назарын сабаққа аудару

Дайындықтарын тексеру

  • Қызығушылықты  ояту. 

«Тірек  символдар»  стратегиясы

 

 Қобыз, тастағы  жазу,  батыр  бейнесі  арқылы  әңгіме  құрау.

Құралған  әңгіме  арқылы  жаңа  тақырыпқа  кіру. 

  • Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен сабақты қорытындылау.

«Күлтегін» ескерткіші  қандай халықтарға ортақ асыл мұра?

Ежелгі дәуір ақындары, ойшылдары, ғұламалары

Ежелгі дәуір әдебиетіне жататын жырлар

Сәйкестендіру әдісі






«Ежелгі дәуір мұралары»

Оғызнама

«Құдатғу Біліг»

«Диуани Хикмет»

«Күлтегін» ескерткіші

Түркі халықтарының ежелгі шежіресін баяндайтын дастан. 

Жүсіп Баласағұн

Тасқа қашалған дастандар 

Қожа Ахмет Яасауи

Оза оқыту технологиясы

Дайындап келген қосымша материалды зерттеу (әр топ өздері тапқан материалдарын талқылайды)

  1. Орхон – Енисей ескерткіші қашан және қайда табылған?
  2. Оларды кім тапты?
  3. Орхон – Енисей жазба ескерткіштерін оқудың ең алғаш “кілтін” тауып, сырын ашқан кім?
  4. Кімдер аударды?
  5. Күлтегін ескерткішінің көшірмесін кімдер, қай жерде жасытып
  6. Қазақстанға алып келді?
  7. Бүгінгі күні ескерткіш көшірмесі еліміздің қай қаласында орналасқан?

Мағынаны  тану

Сабақ эпиграфымен жұмыс.

Болмасын  деп  байлығы  басқаға  азық,

Кеткен  бабам  тарихын  тасқа  жазып.

(Б.Бәйітұлы)

Ежелгі  түркілер  үшін айтулы  кезең 545 жыл болды. Осы  жылы  Ұлы  түркі  қағанаты  өмірге  келген  еді. Сөйтіп  түркілер   өздерінің  тұңғыш  мемлекетін  құрады.

Бумын қаған түркі тайпаларының басын қосып, әлемге әйгілі түркі қағанатының негізін құрады.

Жаңа сабақ

Бейнематериал көрсету «Күлтегін ескерткіші»

https://youtu.be/dE46jWbdDZI

Жыр жолдарымен жұмыс. Мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіну.

Тізеліні бүктірген.

Ілгері – Қадырқан қойнауына дейін,

Кері – Темір қақпаға дейін жайлаған.

Екі аралықта жүрген иесіз көк Түріктерді

Осылай қоныстандырған екен.


Кестемен жұмыс жасау.


























































1-топ

1 шумақ

Биікте Көк тәңірі,

Төменде қара жер жаралғанда,

Екеуінің арасында адам баласы жаралған.

Адам баласы үстіне ататегім

Бумын қаған, Істемі қаған отырған.

Отырып, түркі халқының ел-жұртын

Қалыптастырған, иелік еткен.

Төрт бұрыштың бәрі дұшпан екен.

Сарбаздармен аттанып,

Төрт бұрыштағы халықты

Көп алған, бәрін бейбіт еткен.

Бастыны еңкейткен,

Күлтегін жауласқан елдер мен батырлар

  • Күлтегін жауласқан елдер мен батырлар

Оғыз, Құқай, Татабы, Табғаш, Соғды, Аз.


Тадық чур, Ышбар Ямтар, Иегін Сілікбек

  • Жырдың тақырыбы
  • Идеясы
  • Көтерілген мәселелер

Түркі халқының бірлігі, ерлігі


Күлтегін батырды Түрік қағанатының құдіретті тұлғасы етіп көрсету.


Түрік қағанатының орнауы, жарты әлемді өзіне қаратып алуы. Білге қаған мен Күлтегіннің ерліктері.


Ағайындылар арасында ауызбіршілік болуы керек, тәуелсіздік үшін күрес

  • Батырлардың ел үшін күресін үлгі етеді Қойылатын мәселелер
  • Халықтың жағдайы
  • Білге қаған мен
  • Күлтегіннің іс-әрекеті
  • Қандай нәтижеге жетті? Өлеңдегі мәселені ашатын жолдар. 

Іші ассыз, сырты тонсыз

Бейшара, мүсәпір халыққа отырдым

Түркі халқы үшін күндіз отырмадым.


Інім Күлтегінмен бірге өліп-тіріліп жерді ұлғайттым.


Көп қолмен 12 жорық жасадық.


Өлімші халықты тірілттім. Жалаңаш халықты тонды, кедей халықты бай қылдым, төрт бұрыштағы халықты бейбіт қылдым.

Тату қылдым.

2-топ

2 шумақ

Соңындағы інісі ағасындай болмады,

Ұлдары әкесіндей болмады.

Біліксіз қағандар таққа отырған екен,

Әміршілері де біліксіз екен,

Жалтақ болған екен.

Бектердің, халқының ымырасыздығынан,

Тауғаш халқының тепкісіне көнгендігінен,

Арбауына сенгендігінен,

Інілі-ағалы дауласқандығынан,

Бек пен халықтың өзара жауласқандығынан,

Түркі халқы елдігін жойды,

Қағандығынан айырылды. 


3-топ

3 шумақ

Әкеміз, ағамыз құрған халықтың

Аты, даңқы өшпесін деп,

Түркі халқы үшін

Түнде ұйықтамадым,

Күндіз отырмадым,

Інім Күлтегінмен бірге,

Екі шадпен бірге

Өліп тіріліп, жерді ұлғайттым

Біріккен халықты от-су қылмадым

(Өзара тату еттім)

Өлімші халықты тірілттім.

Жалаңаш халықты - тонды қылдым,

Кедей халықты бай қылдым.

Аз халықты көп қылдым, 


Тату елге жақсылық қылдым.

Төрт бұрыштағы халықты тату еттім

Бәрі маған бағынды



Қорытынды

«Күлтегін» ескерткіші тақырыбына кластер сызу


Бағалау


Үйге тапсырма

Жырды хрестоматиядан толық оқып, композициялық жоспар құру.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама