Электр кернеуі. Вольтметр
Класы: 8
Сабақтың тақырыбы: Электр кернеуі. Вольтметр. (презентация түрінде)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Кернеу – ток тудыратын электр өрісін сипаттайтын физикалық шама екенін түсіндіру. Сызба бойынша электр тізбегін құруды және вольтметрді пайдалануды, тізбектің әртүрлі бөліктеріндегі кернеуді өлшеуді үйрету.
Дамытушылық: Өз бетімен жұмыс істеу белсенділігі мен логикалық ойлау қабілетін дамыту. Оқушының танымдық, ойын еркін жеткізе білу қабілеттерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, еңбексүйгіштікке тәрибелеу. Топпен жұмыс жасауға, тыңдай білуге, өзін - өзі реттеуге, бақылауға көмектесу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрау, түсіндіру, СТО (Семантикалық карта, Ротация), практикалық, талдау, жинақтау, проблемалық, иллюстрациялық, демонстрациялық
Көрнекілігі: Плакат, маркерлер, топ аттары жазылған парақтар, көк, қызыл, сары түсті жетондар, екі жұлдыз
Құрал - жабдықтар: Вольтметр, өткізгіш сымдар, шам, ток көзі, кілт, компьютер, интерактивті тақта, Activote тест құрылғысы
Сабақтың барысы:
Қызығушылықты ояту.
Ұйымдастыру: (3 минут)
Оқушылармен амандасу. Оқушыларды екі топқа бөлу үшін оқушыларға тапсырмалар беремін.
1. Электр құралдарындағы әр санды оның шартты белгісімен сәйкестендіру керек. Егер оны дұрыс тапсаңдар, көлденең және тігінен қиылысқан шаршының ішінен 5 әріп табасыңдар (№1 қосымша). Жауабы: 1Г - Л, 2А - О, 3Б - Ь, 4В - Т, 5Д - В (Вольт).
2. Суреттің қималарын құрастыру арқылы физик - ғалымның аты - жөнін табады. (Ампер)
Топ аттары: «Ампер», «Вольт». Бағалау ережесімен таныстыру (түрлі түсті теңгелер оқушының жауабына қарай таратылады.)
Тест (Activote тест құрылғысы): (5 минут)
1. Еркін электр зарядын тасымалдаушылардың реттелген қозғалысы.
А) Электр тогы В) Кернеу С) Ток көзі
2. Электр шамдарының жіңішке қыл сымы токтың әсерінен жарқырап қызады. Бұл токтың қай әрекеті?
А) Химиялық В) Физиологиялық С) Жылулық
3. Мыс купоросының ерітіндісі арқылы ток өткенде электродта таза мыс бөлініп шығады. Бұл токтың қай әрекеті?
А) Химиялық В) Физиологиялық С) Жылулық
4. Ток көзінің қандай поюсінен бастап қай полюсіне қарайғы бағыт токтың бағыты болып қабылданған?
А) Ток көзінің оң поюсінен теріс полюсіне қарайғы бағыт
В) Ток көзінің теріс поюсінен оң полюсіне қарайғы бағыт
С) Екеуі де дұрыс
5. Алғаш рет электр тогы түсінігін енгізген ғалымды атаңдар.
А) Италияндық Луиджи Гальвани В) Италиян физигі Алессандро Вольта С) Француз ғалымы Андер Ампер
6. Ток күшін өлшейтін құралды атаңдар.
А) Электр машинасы В) Амперметр С) Вольтметр
7. Амперметрді тізбекке қалай жалғайды?
А) Параллель В) Тізбектей С) Аралас
8. Қандай ток күші ағзаға ауыр зақым келтіреді?
А) 1 мА - ден артық В) 0, 5 мА - ден артық С) 100 мА - ден артық
Бүгінгі тақырыбымызды мына ребусты шешу арқылы өздерің табасыңдар (№2 қосымша).
Мағынаны ажырата білу. Сиқырлы сұрақтар. (10 минут)
Тақырыпқа байланысты сұрақты аудиторияға ұсынады. 2 - 3 минут сұраққа жауапты оқушы өзі жазады, өз ойын жұпта/топта бөліседі. Екі топ өз жұмыстарын аудиториямен бөліседі. Келесі сұраққа көшеді. Жаңа тақырыппен танысып болған соң сиқырлы сұраққа өз жауаптарының қаншалықты сәйкес келгенін салыстырады және қорытындылайды.
Тәжірибе: Электр энергиясын тұтынушымен тізбектей жалғанған екі шамның бірі көмескі, екіншісі жарық. Тізбектің барлық нүктелерінде ток күші бірдей.
Проблемалық сұрақ: Шамдардың жарықтылығының әртүрлі болу себебі неде? (Оқушылар механикалық жұмыс ұғымын еске түсіре отырып, электр өрісіндегі заряд орын ауыстырғанда электр өрісі күштерінің жұмыс атқарады деген қорытындыға келеді)
Сұрақ: Кернеу – қандай физикалық шама?
Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда, электр өрісінің атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасы кернеу деп аталады.
Мұғалім: Кернеу, ток күші және зарядты байланыстыратын формула: U = A/q.
Кернеудің өлшем бірлігі алғашқы ток көзін ойлап тапқан италияндық ғалым А. Вольтаның құрметіне Вольт деп аталады. Электр кернеуі – токтың атқарған жұмысын анықтайтын физикалық шама.
Вольтметр – өткізгіштің ұштарындағы кернеуді өлшеуге арналған құрал.
Өткізгіштің қандай да бір екі нүктесінің арасындағы кернеуді өлшеу керек болса, вольтметрді сол нүктелерге жалғайды. Құралды осылайша жалғауды параллель жалғау деп атайды. Бұл кезде “+” қысқышын ток көзінің оң полюсінен, ал “-” қысқышын ток көзінің теріс полюсінен келетін өткізгіш сыммен жалғайды. Тізбектегі кернеу 220 В екенін сендер білесіңдер. Сондықтан тұрмысқа қажетті электр энергиясын тұтыну (тоңазытқыш, теледидар, электржылытқыш аспаптар, музыкалық орталық және т. б.) құралдары 220 В - қа есептелінген және бір құралды іске қосқанда, қалғандары тізбекте бұрынғысынша жұмыс жасай береді. Дымқыл жерде жұмыс істегенде 12 В - қа дейінгі, ал құрғақ жерде 36 В - қа дейінгі кернеу қауіпсіз саналады.
Назар аудар! Жоғары кернеу адам өмірі үшін қауіпті.
Сұрақ: Екі шамнан, ток көзінен, кілттен, амперметрден, вольтметрден және өткізгіш сымдардан электр тізбегін құрып, екі шамның және әр шамның кернеуін өлшеңдер.
Оқушылар берілген құрал - жабдықтарды пайдаланып, электр тізбегінің әртүрлі бөліктеріндегі кернеуді өлшейді.
Зертханалық жұмыс. Электр тізбегінің әртүрлі бөліктеріндегі кернеуді өлшеу. (10 минут)
1. Ток көздерін, 2 қыздыру шамын және кілтті тізбектей қосып, электр тізбегін жинаңдар.
2. Тізбекті тұйықтаңдар, U1, U2 кернеулерді және U кернеуді өлшеңдер.
3. Жинаған тізбектің сұлбасын сызыңдар.
4. U1 +U2 есептеңдер және U кернеуімен салыстырыңдар.
5. Қорытынды жасаңдар.
Сабақ басында мұғалім қойған сұраққа оқушылар жауап береді. Тізбектей жалғанған шамның біреуінің жарық болуының себебі берілген тізбек бөлігіндегі электр өрісі көбірек жұмыс жасайтындығында.
Ой толғаныс. Ротация (Ауыстыру). (5 минут)
Екі топтың оқушылары тапсырмаларды дайындап, ватмандарға жазады да, тапсырмаларды ауыстырады. Әр топ мұғалімнің белгі беруімен орындарын алмастырып отырады, өзге топтың жауабын оқып, сол тапсырмаға өз жауаптарын әуелі жеке, сосын топта жазады. Өз тапсырмалары қайтып келген соң топтардың жауаптары талқыланып ақырғы пікір түйінделеді.
1) Суретте берілген сұлбаларда жіберілген қателерді табыңдар. (1минут)
2) Шамдағы токтың шамасын өлшеу үшін оқушы қателесіп, амперметрдің орнына вольтметрді жалғаса не болады (Шам жанбайды немесе оның жарығы азаяды)? (2 минут)
3) Есеп. Шамның кернеуін өлшеу үшін оқушы қателесіп, вольтметрдің орнына амперметр жалғағанда не болатынын түсіндіріңдер (Амперметр жанып кетеді). (2 минут)
4) Тізбек бөлігі ұштарындағы кернеу 2 В, ал өткізгіштегі ток күші 0, 4 А. Осы өткізгіштегі ток күші 0, 8 А болу үшін кернеу қандай болуы тиіс? (4 В) (2 минут)
Семантикалық карта (4 минут)
Сергіту: (3 минут)
Тұрамыз, қолдарымызды көтереміз, жоғары қарай тартыламыз. Саусақтарымызды айқастырамыз. Енді қараңдар, оң қолымыздың бас бармағы жоғары тұр ма, әлде сол қолдікі ма? Нәтижесін "О" немесе "С" деп жазыңдар. Қолдарымызды кеудеге айқастырамыз. Қай қол жоғары тұр? Қол шапалақтайық. Қай қол жоғары?
Қорытынды: «ССС» - шығармашылық қабілеті, «ООО» - ойлау қабілеті басым. Класта «шығармашыл» да, «ойшылдар» да бар, сондай - ақ көпшілігің бойында екі қабілет те бар.
Бағалау:(2 минут)
Жетондар санына, түсіне сәйкес оқушылар бағаланады:
«5» - көк түс, «4» - қызыл түс, «3» - сары түс.
Рефлексия. (2 минут)
«Екі жұлдыз, бір тілек». Оқушылар екі жұлдызды бір - біріне кезекпен - кезек бере отырып, тілегін және ұсынысын білдіреді.
Үйге тапсырма:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.