Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 10 сағат бұрын)
Қорқыт ата кітабы
Сабақтың тақырыбы: Қорқыт ата кітабы
Сабақтың мақсаты;
Білімділік: Қорқыттың білімдар, ақылгөй, ойшыл, зиялы, ірі тұлға екенін оқушылар жеткізу.
Дамытушылық: Шығармашылық белсенділіктерін шыңдау, ойларын еркін жеткізуге баулу.
Тәрбиелік: Өнер адамына, еліне, тарихына, табиғатына, тілге деген сезімін ояту.
Сабақтың түрі: білімді жинақтау, қорытындылау.
Сабақтың әдісі: оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Пәнаралық байланыс: тарих, саз өнері.
Сабақтың көрнекілігі: Қорқыттың портреті, нақыл сөздері, «Ежелгі дәір әдебиеті»үнтаспа

Сабақтың жүру барысы
1. Ұйымдастыру
а ) сәлемдесу
ә ) түгендеу
2. Үй тапсырмасын сұрау
1. Ой шақыру.
- Оқушылар мына суреттегі кім деп ойлайсыңдар?
- Қорқыт атаның
- Қорқыт ата кім?
- Қорқыт - түркілердің оғыз ұлысынан шыққан асқан сәуегей, бақсы, күйшілік, жыраулық өнердің атасы.
- Қорқыт қобыз аспабын алғаш жасап, күй тартқан адам.
- Оқушылар сіздер Қорқыттың нақыл сөздерін 8 сыныпта өттіңіздер. Кім қандай нақыл сөздерін біледі?

1. Қара есектің басына қанша жүген таққанмен,
Ол тұлпар болмас.
Қар қанша қалың жауғанмен
Ол жазға бармас.
Гүлденіп өскен бәйшешек
Ол күзге бармас.

2. Анадан өнеге көрмеген қыз жаман,
Атадан тағылым алмаған ұл жаман.
- Оқушылар осы Қорқыттың нақыл сөздері мен қазіргі мақал - мәтелдердің ұқсастығы бар ма?
- Ұқсастық бар. Мысалы:
Анадан өнеге көрмеген қыз жаман
Атадан тағылым алмаған ұл жаман, деген нақыл сөз қазіргі
Ана көрген тон пішер,
Ата көрген оқ жонар,- деген мақалға ұқсас.
Олай болса, БҮҮ кестесі бойынша кестенің бірінші бөлігін толтырайық

8 ғасырдағы Сыр бойында Жанкент қаласында дүниеге келген. Мазары Қызылорда облысы, Қармақшы станциясында орналасқан. т. б

2. Мағынаны тану.

Топтастыру.
Қорқыт туар кезінде,
Қараспанды су алған.
Қара жерді құм алған.

Қорқыт ата 8 ғасырдағы Сыр бойында Жанкент қаласында дүниеге келген. Мазары Қызылорда облысы, Қармақшы станциясында орналасқан.
Қорқыт туғанда Қаратауды қараңғылық басып, сұрапыл дауыл соққан. Содан Қараспан тауы аталған.
Қорқыт осылай елді қорқыта туғандықтан Қорқыт атанған.

Өлімнен қырық жыл бұрын Қорқыт қашқан
Қазылған көрді көріп, қатты сасқан
Тағдырдың тақымына тәнті болмай
Ажалмен арпалысып жан таласқан.

Қорқыт 20 жасқа жеткенде түс көреді. «Қырықтан артық өмір сүрмейсің» деген соң өлімнен қашады.
Өзінің ағаштан ойып жасаған қобызымен Сыр суының үстіне кілем төсеп көптеген күйлер шығарған.
Ұшардың ұлуы, Қасқыр, Әупбай, Желмая, Башпай, Аққу, Кілем жайған.
1. Үнтаспа арқылы Қорқыттың бір күйін жіберіп, Жаңа сабақты түсіндіремін.
Қорқыт ата кітабында 12 жыр бар.
2. Оқушыларға жырды мәнерлеп оқытамын
3. Түсініксіз сөздермен жұмыс.
3. Ой толғаныс.
1. Қорқыт ата кітабындағы «Алып Бамсы» жыры мен «Алпамыс жыры» ұқсас

Алып Бамсы - Ер жүрек, батыр, ақылды, қолбасшы, мерген, қара күш иесі
Екеуі де халық жырының кейіпкері, батыр, өмірлері ұқсас.
Алпамыс - Батыр, мерген, сүйгеніне қосылған, халқын сүйген ер, намысшыл.

2. Бес жолды өлең
Қобыз - зарлы, мұңды
үн шығарады, күңірентеді, елжіретеді.
Қобыз - қазақтың ежелгі аспабы.
аспап
Қорқыт - данагөй, балгер
армандады, қиналды, күй шығарды
Қорқыт - мәңгілік өмірді іздеуші.
Адам

4. Сабақты қорытындылау.
Тірек сөздермен жұмыс.
Қорқыт. Ажал. Күй. Қобыз. Жыр.
5. Үйге тапсырма.
6. Бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама