Ертегілер әлемінде
Тақырыбы: Ертегілер әлемінде
Білім саласы «Қатынас» «Шығармашылық»
Білім бөлімі: «Көркем әдебиет» «Сурет»
Мақсаты: Өткен ертегілерді пысықтау
«Бауырсақ» ертегісі желісі арқылы баланың оқу іс - әрекетіне деген қызығушылықтарын оятып, сахналау шеберлігін арттыру. Қиялын, тіл байлығын ойлау қабілетін дамыту. Саусақ моторикасын дамыту. Балалардың достық сезімдерін қалыптастыру, бір - біріне көмек көрсете білу сезімдерін нығайту.
Көрнекті құралдар: Ертегілерге арналған сюжетті суреттер, ертегілер көрмесі, ертегі кейіпкерлерінің киімдері, ақ парақтар, майлы бояу т. б. Перизат ханшайым киімі.
Пән аралық байланыс: Интегралды сабақ, көркем әдебиет, сурет.
Қостілділік компонент: Бауырсақ - колобок, дедушка - ата, бабушка – әже, қоян - зайц, қасқыр - волк, аю - медведь, түлкі - лиса.
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап ертегіні сахналау, тосын сәт.
«Түлкімен бауырсақ»қозғалмалы ойынын көрсету, жұмбақ шешу, суретпен жұмыс.
Шаттық шеңбері: «Біз доспыз» бірлесе тақпақ айтайық
Қуан шаттан!
Қуан шаттан!
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң!
Қайырлы таң!
Күліп шықты күн бүгін.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- қыс мезгілі
- Қыс мезгілі екенін қалай ажыратамыз?
Тосын сәт:
- Перизат ханшайым қонаққа келеді. Қолында сандықшасы бар.
- Сәлеметсіздер ме балалар!
- Мен сендерге «Ертегілер әлемінен» қонаққа келдім. Сендерге сиқырлы сандықша әкелдім.
- Кәне, тексеріп көрейік
(карточка таратып береді)
- Балалар алдарыңдағы суреттерде қайсы ертегі кейіпкерлерін көріп тұрсыңдар?
- Сол суреттерді, ертегі желісі бойынша реттеп қойып, әңгімелеп беріңдерші?
- Бауырсақ, Жеті лақ, Үйшік, Шалқан ертегілерін әңгімелеу
- Тамаша, жарайсыңдар! Мен сендерге риза болдым, сау болыңдар!
Жұмбақ шешу: Сескенбеген қасқырдан, қашып кетті аюдан.
Еш қаперсіз жүргенде, түлкі жұтты қапыдан.
Бұл қай ертегі?(Бауырсақ)
Ендеше бүгінгі сабақта «Бауырсақ» ертегісін сахналап үйренеміз. (Балалар сахналық киімдерін киеді, ертегі кейіпкерлерінің іс - әрекет қимылдарын сөздерін мәнеріне келтіріп ойнайды.)
Сергіту сәті
«Түлкі мен бауырсақ» қозғалмалы ойыны. Балалар шеңберге тұрады түлкі бауырсақты қуады, бауырсақ қашып құтылып кетеді
- Балалар бұл ойыннан не ұқтық?
- Егер бауырсақ жүгіре білсе, түлкіге жем болмаған болар еді.
Сұрақ - жауап
Ертегідегі аңқау аңдарды ата.(Аю, қоян, қасқыр)
Түлкі қандай аң? (айлакер, қу)
Бауырсақты кім жеді?(түлкі)
Түлкі бауырсақты қандай амалмен жеп қойды? (айлакерлігімен)
Бауырсақ қандай жағдайда аман қалар еді?
Қалай ойлайсыңдар?
Қостілділік компонент: Бауырсақ - колобок, дедушка - ата, бабушка – әже, қоян - зайц, қасқыр - волк, аю - медведь, түлкі - лиса, аю - медведь.
Суретпен жұмыс
Енді балалар осы ертегідегі бауырсақты қағаз бетіне түсірейік
Бауырсақтың түсі қандай? (сары)
Пішіні қандай?(домалақ)
Енді ауада саусағымызбен домалақты сызып көрсетейік.
Алдымыздағы ақ қағаздың ортасын бағдарлап, саусағымыздың бас бармақ, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкене бөбек саусақтарын ішке қарай бүгіп, сұқ саусағымызбен сары бояуды қағазды ұқыпты етіп, домалақтап бауырсақ пішінін саламыз.
Енді ішін бояймыз.
Өз бетінше жұмыс
Жеке көмек
Балалардың салған суретінен көрме ұйымдастырып, салыстыру.
Бүгінгі сабақты қорытындылау үшін жұмбақтар айтамын.
Шал әбден тартты шыға алмады
Кемпірімен немересі қосылды шығара алмады
Күшік, мысық және тартты шығара алмады
Тышқан келіп тартқанда оны жерден шығарды.(Шалқан)
Орман, тоғай ішіндегі үйшікте, тұрып жатты үш аю
Үш орындық, үш табақ, үш төсекпен үш жастық.
Бар жиһазы осы – ақ
Бұл қай ертегі?(Үш аю)
Ормандағы сүп - сүйкімді үйде, тышқан, бақа, қоян
Осы кезде қорбаңдап аю келді
Шыққан кезде үйшікке, айналды ол төмпешікке.
Бұл қайсы ертегі?(Үйшік)
Тосын сәт
Түлкі бауырсақты жегені үшін кешірім сұрап, табақ толы бауырсақты балаларға сыйлайды.
Рефлексивті коррекциялау.
- Балалар бүгін оқу іс - әрекетінде не істедік?
- Ертегілер айттық, жұмбақ шештік, ойын ойнадық, сұрақтарға жауап бердік, жаңа сөздер білдік, кішкентай әртістеріміз ертегі қойып берді, Перизат ханшайыммен таныстық, ең қуаныштысы түлкі бізден кешірім сұрап, бауырсақты қайтарып берді.
Бағалау мадақтау.
Қазалы қаласы,
№1 «Ақерке» бөбекжай - балабақшасы
Тәрбиеші: Қазиева Гулнар Қазыбекқызы
Толық нұсқасын жүктеу