- 05 нау. 2024 03:02
- 187
Денсаулық фестивалі
Тақырыбы: «Универсиада Ақеркеде» (Денсаулық фестивалі)
Мақсаты: Қызметкерлердің салауатты өмір салтына өз үлестерін қосуға үндеу, қызығушылықтарын арттыру, ауызбіршілікке, біріккен іс әрекетке баулу.
Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер! Шынықсаң шымыр боларсың демекші, сіздерді салауатты өмір сүру салтын ұстану мақсатында «Универсиада Ақеркеде» атты Денсаулық фестиваліне шақырамын.
Денсаулық фестивалына қош келдіңіздер!
Шынықсаң шымыр боласың
Сауығып айдай толасың,
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың!
Жеңімпаз болу оңайма?
Арман болған талайға
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
Бүгінгі қысқы спорттық сайысқа «Ақерке» бөбекжай балабақшасының қызметкерлері қатысқалы тұр. Олай болса сайысқа қатысушы командаларды ортаға шақырамыз.
Жарысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз.
Әр таңды бақытпен атырамыз,
Өнерлі ой көгінде бақылаңыз.
Сайысқа қатысуға енді ортаға,
«Ақерке» қызметкерлерін шақырамыз.
1. Жалын тобы
2. Достық тобы
Әнұран:
Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныс болайық.
1. Балабақша меңгерушісі: Қарымсақова Рабиға Көптілеуқызы
2. Балабақша әдіскері: Серікбаева Клара Тоғамысқызы
3. Балабақша мейіркеші: Ашықбай Сәуле Төреханқызы
Сайысымызды бастаймыз!
Сайыс 5 кезеңнен тұрады.
1. «Шаңғыны табу» ойыны
2. «Такси» ойыны.
3. «Қар жинау» ойыны.
4. «Хоккей» ойыны
5. «Серіктестер» қимылды ойын
1. «Шаңғына табу» ойыны.
Шарты: Кедергілер арасымен жүріп межеден айналып орындарына келу.
2. «Такси» ойыны.
Шарты: Топ басшылары кедергілердің арасымен жүгіріп топ мүшелерін бір – бірлеп жинау.
3. «Қар жинау» ойыны.
Шарты: Кішкентай шелектен қарды алып кедергілерден өтіп үлкен шелекті толтыру.
4. «Хоккей» ойыны
Шарты: Клющкамен допты кедергілер арқылы жүріп, доғаға дәлдеп түсіру.
5. «Серіктестер» қимылды ойын.
Шарты: Ойыншылар шеңбер бойымен айнала тұрып, бірінің оң жақ иығына қолдарын қойып, сол аяқтарын көтеріп шеңберді бойлай секіріп жүреді. Қай ойыншы көтерген аяғын жерге түсіріп алса, сол ойыншы қалғанша ойын жалғаса береді.
Жарыс заңы ежелден
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену, жалықпау.
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады.
Бұл сайыстан ренжімей
Тараса бізге жарады -
демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпазды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі.
Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сауда.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді,
Құр айтпаған ұлы Абай данамызда –
дей келе бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.
Қызылорда облысы, Қазалы қаласы
№1 «Ақерке» бөбекжай - балабақшасының дене тәрбие жетекшісі
Төлегенова Айсәуле Оңбосынқызы