Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ертегілер еліне сыр шертеді (химия пәні бойынша)
Ертегілер еліне сыр шертеді (химия пәні бойынша)

Оқушы өзі ізденіп, химиялық элементтер, химиялық қосылыстар туралы ертегілер жинақтаған

Металдар патшалығы
Ерте заманда «Металдар патшалығы» болыпты. Олар жарықта күн сәулесімен шағылысып, түнде ай нұрымен сәулеленген сұлу шаһарда өмір сүрген. Патшалықты ақылды, салмақты, әрі көріктілігімен ерекшеленетін «Алтын» басқарыпты. Алтынды барлық металдар жақсы көргенмен мыс қана ұнатпапты. Мыс алтынның ақылдылығын, сұлулығын іштей қызғанады. «Мен де сұлумын, ол сары болса, мен қызыл - сарымын, тіпті алтыннан да көріктімін, мен неге патша болмаймын?» деген ойлар мысқа маза бермей, бір күні қастандық жасапты. «Металдар» патшалығы түнгі ұйқыға кеткенде патша сарайына ұрланып кірген Мыс Алтынды өте сақтықпен шаһар сыртына алып шығып, жерді терең етіп қазып көміп тастайды. Сөйтіп, өзі ешкімге білдірмей Алтынның орнына барып жайғасады.
Күн артынан күн өте береді. Мыс таңертең тұрғаннан кейін күнге қарап бетін ысып әлекке түседі. Күн ысыған сайын қошқыл тартып, жүдей түседі.
Бір күні бұл өзгерісті Алтынның жылдам әрі ақылды уәзірі Сынап байқап қалады. Сынап металдарды жинап алып былай дейді: «Мына патша біздің бұрынғы падишамызға ұқсамайды, бұл менің білуімше залым Мыс. Біздің патшамызға қастық жасап, өзі оның орнына патша болмақшы. Бәріміз мұның көзін жояйық. Алтынды тапқызайық»,- дейді.
Металдардың бәрі бірауыздан Сынаптың айтқанына келіседі. Жиналып келіп Мысқа: «Біздің патшамыз қайда, сен оны қайда жасырдың? Сен Алтын емес екеніңді мойында. Біз саған бәрібір Алтынды тапқызамыз!»- деп есін шығарады. Бұлардың айтқанын өркөкірек Мыс тыңдағысы да келмейді. Әбден ашуланған металдар Мысты жанып жатқан отқа тастап жібереді. Мыс табан астында тотығып, беті қошқылданып шыға келеді. «Біреуге ор қазба, өзің түсесің» деген халық мақалы осындайдан қалса керек. Амалсыз Мыс өзінің істегенін металдар алдында мойындайды. Алтынды шаһар сыртындағы көмген жерінен шығарады. Жер астында қанша жатса да, Алтын бұрынғыдан да нұрлана түседі. «Алтынды тот баспайды» деген сөз осыдан шығыпты.
Мыс болса өзінің қателігінен көп опық жеп, өз ісіне өкінеді. «Енді мен осылай өмір бойы қап - қара болып қаламын ба?»- деп жылап жібереді.
Ежелден ақылды Алтын кек сақтамай, Мысты кешіреді. Мысты сутек толтырған ыстық моншаға шомылдыртады. Содан Мыс баяғы қалпына келеді.

Май
«Ертеде химия елді мекенінде органикалық зат ұлтынан шыққан Май деген бір толық қыз болыпты. Оның анасының аты Глицерин, әкесінің аты Карбон екен. Майдың сыныптастары көп болғанымен, тұйық мінезі май Сумен ойнағанды ұнатады. Су екеуі гидролиз ойнын ойнауға еш жалықпайды. Майдың көршілері органикалық еріткіштер. Май олармен ойнамаған соң, олар кейкездері дөрекілік танытып ренжітіп кетеді. Достары Майдың үйіне қонаққа барғанды ұнатады, себебі Май оларды тамаққа тойғызып үйлеріне қайтарларында маргарин мен майонез беріп жібереді, кей кездері сабын, олиф, бояу, лак сияқты сыйлықтар да беріп отырады екен. Сонымен Май деген қыз осындай екен.

Мыс сақина
Бір ауылда Жантас пен Жандос деген замандастар өмір сүріпті. Бірде олар кездесоқ кездесіп қалыпты. Амандасып, хал - жағдайын сұрасқан соң, мына әңгіме аясында сөйлесіпті.
Жантас: - Жандос, мына заманда қарын тойдыру үшін қалай да ақша табудың жолын іздеген жөн.
Жандос:- Жантас, не ойлағаның бар? Қане ортаға сал.
Жантас:- Елдер осы Құдайдың тегін суын да сатып жүр. Қыста қалың жауған қардан көсіп - көсіп алып, ерітіп, газ толтырады да «минералды су» деп бізге сатады.
- Астапыралла.
- Ал біздің олардан бір жеріміз кем бе?
- Сонда біз не істеп сатамыз? Дымымды құртпай айтсаңшы.
- Міне, көрдің бе мына сары сақинаны. Апамнан «бұл қандай сақина?» деп сұрап едім, «Мыс сақина ғой» деді. Алтынға қатты ұқсамайды. Мүмкін күміске айналдырып, біреулерді сан соқтырып кетерміз.
- Қалай?
- Мына сиқырлы сұйықтықты кеше апайдың көзін ала бере зертханадан ұрлап алғанмын. Қазір осыған мына сақинаны тез салып, аузын жаба қоямын. Шамалыдан соң сақинамыз күміс болып шығады.
Міне Жантастың ойы дәл келіп, 20 - 30 секундтан соң күміс түсті боп шыға келеді.
- Ойбай - й, мынауың шынымен - ақ күміс болды ғой. Мен сенбей тұрсам.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама