Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
АЭС-ке қарсы шыққан белсенділерге үкім шықты

АЭС-ке қарсы шыққан белсенділерге үкім шықты ,-деп хабарлайды Инфохаб.

Өткен жылдың 6 қазанында өткен наразылық акциясына қатысқан бес азаматқа сот үкімі жарияланды. Тергеу дерегіне сәйкес, олар тәртіпсіздік ұйымдастырып, билікке қарулы қарсылық көрсетуді жоспарлаған деп айыпталды.

Судья Ернар Қасымбековтың шешімімен зейнет жасындағы және оған таяп қалған белсенділер – Нұрлан Жаулыбаев, Жанат Қазақбай, Фазылжан Сыздықов, Нұрлан Темірғалиев пен Айдар Мүбәраков кінәлі деп танылып, төрт жылға бас бостандығынан шектеу жазасына кесілді.

Сонымен қатар, оларға бес жыл бойы қоғамдық-саяси қызметпен айналысуға тыйым салынды.

Бұл үкім қоғамда қызу пікірталас туғызуда: біреулер биліктің шешімін орынды десе, енді біреулер оны азаматтық еркіндікке қысым деп қабылдауда.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама