Ғылыммен дәлелденген – бақытты болудың 10 қарапайым әдісі
Бақыт – бұл ұстатпайтын, бірақ әркім қолына қондырғысы келетін құс сияқты. Әр адам өмір бойы соны аулаумен өтеді, бірақ қолына қондыра алатындары некен-саяқ. Дегенмен бақытты болу сіз ойлағандай қиын емес – бар-жоғы бірнеше кеңестерді ұстанса жеткілікті.
Әр адам бақытты болғысы келеді, бірақ бұған әркімнің қолы жете бермейді. Себебі, көбіміз оған қолжетпес арман ретінде қараймыз, ал негізінде бәрі оңай. Көңілге жағымды эмоцияларды кез келген адам ала алады, бар-жоғы психологтар ұсынған бірнеше ережелерді ұстанып жүрсе болғаны.
Назарларыңызға ғылыммен дәлелденген тәсілдерді ұсынамыз және әрқайсыңызды осы тәсілдерді ұстануға шақырамыз.
1. 7 минутыңызды спортқа арнаңыз
Спортпен айналысуға уақытым жоқ деп ойлайсыз ба? Бірақ 7 минут – тым көп емес екенімен келісетін шығарсыз? Осындай қысқа жаттығу да сізді бақытты етуге көмектеседі екен.
Күйзелістен құтқаратын тамаша тәсіл – бұл спорт. Шон Ачер «Бақыттың артықшылығы» кітабында осы теорияға дәлел ретінде күйзелістен зардап шегіп жүрген адамдар қатысқан зерттеуді ұсынады. Оларды үш топқа бөліп, емдеу үшін түрлі тәсілдерді қолданды: дәрілер, жаттығулар және дәрі мен жаттығудың бірдей үлесін. Емделіп шыққандарды 6 айдан кейін рецидивке қайта тексереді. Нәтижелер таңғаларлық:
Тек қана дәрімен емделген 38% пациент қайта күйзеліске ұшыраған. Қос тәсілмен емделгендерде рецидив проценті біршама аз, 31%-ға тең болған. Бірақ тек жаттығулармен ғана емделгендердің тобы таңғаларлық нәтиже көрсеткен: олардың арасында рецидив деңгейі бар-жоғы 9%-ды құраған.
Физикалық жаттығулар көңіл-күйді жақсартады, сергектік сыйлайды, мидың жұмысын жақсартады және өзіңе сенімділікті арттырады.
Редактордың ескертуі: ұялы телефоныңызға «7 минуттық жаттығу» деп аталатын арнайы қосымшаны орнатып алсаңыз да болады.
2. Қанған ұйқы негативтен қорғайды
Ұйқының қанық болуы денемізді ауыр күннен кейін қалпына келтіріп, құлшына жұмыс істеуге көмектеседі. Бұған қоса, ұйқы бізді бақыттырақ етеді екен.
Мұны По Бронсон мен Эшли Мерримен «Тәрбиелік шок» атты кітаптарында былай түсіндіреді:
Негативті эмоцияларды өңдеуге мишықтың көмекей безі жауап береді, ал позитивті және бейтарап естеліктерді гиппокамп өңдейді. Ұйының жетіспеуі гиппокамптың жұмысына көбірек әсер етеді. Нәтижесінде, ұйқысы қанбаған адамдар жағымсыз естеліктерге көбірек беріліп, жағымды сәттерді есте сақтамайды.
Осы қағиданы тексеру мақсатында зерттеу жүргізілген: үнемі ұйқысы қанбайтын студенттерге сөздер тізімін жаттау тапсырылады. Студенттер 81% негативті мәні бар («ауру» сынды сөздер) сөздерді жаттап алған және 31% жағымды және бейтарап сөздерді жаттай алған (оның ішінде «күн сәулесі», «жәшік» деген сияқты).
Бір күнге септік болатын көңіл күйіңіздің қалай болатыны да, ұйқыңыздың тыныштығы мен ұзақтығына байланысты.
3. Жақын адамдар бақыт сыйлайды
Көптеген адам өлер алдында жақын адамдарымен аз уақыт өткізгеніне өкініп жатады.
Отбасымызбен және достарымызбен өткізетін уақыт көңіл-күйімізге қатты әсер етеді. Бұған психолог Дэниел Гилберт мынадай анықтама береді:
Адам отбасымен бақытты. Достарымыз бен жақын адамдарымыз да бізді бақытты етеді. Бізді бақыттырақ ететін басқа да заттар түптеп келгенде бізге қымбат адамдармен көбірек уақыт өткізуге көмектесіп қана жатыр.
«Ұзақ жасаудың жобасы» кітабының авторы Говард Фридман да біздің басқа адамдармен қарым-қатынасымыз өміріміздің ұзақтығы мен сапасына әсер ететінін айтады.
4. Бақытқа жылу керек
Өзіңді бақыттырақ сезіну үшін Шон Арчер таза ауада көбірек болу керек деп кеңес береді:
Таза ауада 20 минут серуендеу көңіл-күйді көтеріп қана қоймай, ойлау қабілеті мен есте сақтауды жақсартатынын бір зерттеу көрсеткен екен.
Америкалық метеорогиялық қоғамдастыққа сүйенсек, желдің жылдамдығы немесе ылғалдылыққа қарағанда біздің көңіл күйімізге температура көбірек әсер етеді. Ғалымдар адамдардың 13.9°C кезінде өздерін бақыттырақ сезінетінін дәлелдеген екен.
5. Өзгеге көмектессең өзіңді бақыттырақ сезінесің
Өзімізді бақыттырақ сезіну үшін жылына 100 сағат (немесе аптасына 2 сағат) біз өзгелерге көмектесуіміз керек екен. Тағы бір рет Шон Арчердің кітабына бас сұғайық:
… зерттеу көрсеткендей, 150 адам концертке бару немесе кафеден тамақ ішу сияқты шараларға ақша шығарудан көбірек ләззат алғандарын айтқан. Бұл процесс оларға аяқ киім, қымбат сағат немесе теледидар сияқты зат сатып алғаннан әлдеқайда көбірек бақыт сыйлаған.
Осылайша, өзімізге жасайтын сыйға қарағанда, ақшаны өзгелерге жұмсау, бізді әлдеқайда бақыттырақ етеді.
6. Күлкі – бақытты болудың ең оңай тәсілі
Күлген сәтте көңіл күйіміз көтеріледі. Алайда өтірік күлкіден қарағанда жағымды эмоциялар тудырған шынайы күлкі әлдеқайда тиімді:
Мичиган университетінің ғалымдары өтірік күліп жүруге мәжбүрлі қызметкерлердің көңіл күйлері тез түскіш және жұмыс қабілеттілігі төмен болатынын анықтаған. Ал жағымды ойлардан күліп жүретін адамдар, өздерін бақыттырақ сезінеді және жұмыста жақсы нәтиже көрсетеді.
Күлкі, сонымен қатар, қиын жағдай кезінде қайғы мен ауырлықты жеңілдетуге көмектеседі.
7. Өзіңізге ұнайтын заттар жайлы ойлаңыз
Саяхатқа шығатыныңыз жайлы ойдың өзі көңіл күйіңізді көтере алады. Applied Research of quality of Life журналының авторлары зерттеу жүргізген екен, сол көрсеткендей, адамдар сапарда жүрген кезге қарағанда сапарды жоспарлау кезінде өздерін бақыттырақ сезінетін болып шыққан.
Шон Арчер де бұл феномен жайлы кітабында айтып өткен:
Сүйікті фильмді көремін деген ойдың өзі эндорфинді 27%-ға дейін көтеретінін бір зерттеу көрсеткен екен.
Қазір демалысқа шығып кету мүмкіндігі болмаса да немесе достарыңызбен кездесуге мүмкіндік болмаса да, алдын ала жоспарлап қойыңыз. Көңіл күйіңіз болмаған жағдайда алда сізді сапар немесе кездесу күтіп тұрғанын ойлаңыз.
8. Жұмысыңызға жақын жерде тұрыңыз
Жұмысқа баратын жол көңіл күйімізге қаншалықты әсер ететінін біле білмейміз. Біз айналамыздағы көптеген ыңғайсыздықтарға үйреніп кетеміз. Тек жұмысқа дейінгі ұзақ жолға үйрене алмайды екенбіз.
Жұмысқа дейінгі жолдың ыңғайсыздығын пәтеріңіздің үлкендігімен немесе жоғары жалақымен өтей аласыз, бірақ бұл да жұмыс істемейді.
9. Жақсылық үшін риза болыңыз – бұл да бақыттың кілті
Жақсылыққа ризашылық білдірудің көптеген тәсілі бар. Шүкіршілік айтуға лайықты заттардың тізімін жасауыңызға болады, немесе сізге көмектескен адамдарға әрдайым ризашылығыңызды білдіріңіз.
Journal of Happiness басылымында ризашылық сезімі көңіл күйімізге қалай әсер ететінін анықтаған зерттеудің қорытындысы жарияланыпты:
Зерттеуге қатысқан 219 адам үш апта бойы ризашылық білдіретін үш хаттан жазып отырған. Нәтижесі көрсеткендей, бұл хаттарды жазу адамдарды бақыттырақ еткен, өмірге деген ризашылығын арттырып, жағымсыз ойлардан арылтқан.
10. Адамдар жыл сайын бақыттырақ бола түседі
Жас ұлғайған сайын, әсіресе 40 жастан кейін адамдар өздерін бақыттырақ сезіне бастайды екен.
Бұған қатысты да зерттеулер жүргізілген болатын, соған сәйкес егде адамдардың жағымды эмоциялар тудыратын ақпаратты есте жақсы сақтайтыны анықталған. Сонымен қатар, жас ұлғайған сайын адамдар көңіл күйді түсіретін жағдайлардан аулақ жүре бастайды. Олар жағымсыз адамдармен араласпауға және көңіл күйді түсіретін кездесулерге бармауға тырысады. Егде адамдар қаза мен көңіл қалу сияқты сезімдерді жеңіл көтереді.
Сондықтан, қартаю жайлы ойлар сізге көңілсіздік сыйласа, керісінше қуаныңыз, себебі қартайғанда сіз бақыттырақ болуыңыз мүмкін.