Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Жер жәннаты - Жармышым

Авторы: Төрәлі Асылан Бекболұлы

3 - сынып оқушысы
 

Мазмұны

І.  Кіріспе

ІІ. Негізгі  бөлім.

  1. Табиғат  және  адам
  2. Табиғат  ресурстарын  тиімді  пайдалану
  3. Жер жәннаты  - Жармышым және  оның экономикасы
  4. Ауылымыздың мақтаныштары
  5. Қорытынды

 

Жер үстінде қанша игілік болса, соның бәрі бар жер – Маңғыстау

                                                                                                            Әбіш Кекілбаева

Экономика (грек, okonomia - үй шаруашылығын жургізу өнері) – қоғамның өндіргіш күштерінің тиісті сатысына сайкелетін өндірістік қатынастардың жиынтығы; меншік қатынастары басты және айқындаушы элементі болып табылатын оның базисі (мыс., федализм, капитализм, социализм, социализм Э-сы АҚШЭ-сы;) елдің немесе елдер тобының үстем өндіріс тәсілін, еңбек өнімділігі деңгейін, т.б. басшылыққа алаотырып, сипатталатын халықшаруашылығы (мыс, ТМД елдерінің Э-сы, Қазақстанның Э-сы, АҚШЭ-сы; халықшаруашылығының, өнеркәсіптік салалары, өндірістің түрлері, олардың өнім өндіру (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету ( көлемімен, оның сапасымен ресустардың пайдаланылу деңгейімен, жоспарлы тапсырмалардың орындалу дәрежесімен сипатталатын жай-күйі; қоғамдық ғылымдар тобының құрамдас бөлігі, халықшаруашылығының белгілі бір саласын (өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, көлік, құрылыс, т.б Э-сы) және өнеркәсіп салаларын (көмір, химия, жеңіл ағашөнеркәсібі, машинажасау Э-сы) зерделеумен айналысатын ғылымипән.

Адамның бар өмірі - табиғат және қоғам арасындағы байланыс пен қарым-қатынастан тұрады. Адам табиға заңдарынан тыс өмір сүре алмайды. Ол өз еңбегі арқылы табиғатта бар нәрсені (жер, су, өсімдік, пайдалы қазбалар, жел және т.б) өз керегін, өз мұқтажын қанағаттандыруға бейімдейді. Адамза қоғамның алғашқы кезеңінде бұл табиғат сыйларын қарапайым пайдалану еді: адамдар балық аулады, жануарлардыөлтірді, жемістердіүзді. Кейініректеадамдар өскелеңқажеттіліккеорайтабиғатигіліктерін азды – көпті икемдеугекірісті. Адамдар отты пайдалануды, табиғат өнімдерін өңдеуді, киім тігуді үйренді. Адамның неғұрлым суық өлкегеж ылжып, жаңа территорияны игеруге мүмкіндіктері туды. Транспорттың ең қарапайым құралдары пайда болды (ағаш, бөрене домалатуға пайдаланылды.) Бір сөзбен айтқанда, адам табиғатты, оның өнімдері мен құбылыстарын барған сайын өз қажеттеріне көптеп бейімдей бастады. Адам өндірушіге айналды, өндіріс пайда болды. Қазір біз табиғаттың бастапқы жемістерін пайдаланбаймыз деуімізге болады. Оларды өңдейміз. Мысалы, көмірді таза күйінде ешкім пайдаланбайды. Оны өндіреді, жағады, жылу, электр энергиясына айналдырады. Бұл процесті онда көп адамдар қатысатын өндіріс процесі деп атауға болады. Адамешқашан дажалғыз- жарым еңбекетпегендерлік. Мамонтты үлкен топболып өлтірген. Пирамидаларды көптеген мыңдағанадамдар салған. Өндірісбарғансайын қоғамдықболабастады. Мәселен, автомобиль жасауүшін әр- түрлісалаларда еңбекететін санмыңдаған адамның күш- жігерін жұмсаукерек.

Өндірістік қатынастар белгілі заңдылықтар  бойынша  адамзат  қоғамының  өркендеуімен бірге дамиды. Өндіріс, өндірістік  қатынастар өркендеуінің заңдары  қоғамдық  заңдар  деп аталады.

Табиғат (жаратылыс) заңдарынан айырмасы қоғамдық заңдар өзгеріп отырады. Адамзат  қоғамының  өркендеу  процесінде  жаңа  заңдар  пайда  болып, ескілері  өзгереді. Адамзат қоғамы дамуының барлық  кезеңінде тән болатын заңдар бар (бүкіл әлемдік тартылыс  заңы, Архимед  заңы және  басқалары). Қоғамдық заңдар өндірістің өркендеуі мен  өндірістік қатынастардың өзгеруіне сәйкес  өзгеріп отырады. Өндіріс өркендеуінің әр кезеңінде тек өзіндік, тек сол кезеңге тән болатын заңдар сәйкес келеді.

Қоғамдық заңдарды бәрі бірдей өзгеріске ұшырап  отырады деп ойлау  дұрыс болмас  еді. Тарихи  дамудың барлық  сатыларында  кездесетін заңдылықтар да бар. Мысалға еңбек  өнімділігінің өсуін  алайық. Еңбек  өнімділігі  деген  ұғымның өзі адамның (өз еңбегі  арқылы) белгілі бір  уақытта (сағат, ай, күн, жыл) қаншалықты  өнім  өндіретінін білдіреді. Айталық , адам тас  балтаны қолданып  жүрген кезінде    күніне  бір ғана ағашты  шауып  құлата  алады. Ал  темір  балтамен қаруланған  кезде, ағашты  бір  сағатта шауып  тастайтын  болды. Электр  арамен осындай  ағашты 10  минутта  құлатар  еді. Еңбек неғұрлым өнімді бола бастады. Мұндай мысалдарды көмір  өндіруден (балта, күрек, шой, балға, көмір  комбайны) және де басқа да өнім түрлерін келтіруге болады. Еңбек  өнімділігінің адамзат  қоғамы дамуының барлық кезеңдері бойында  өсіп келе жатқандығы даусыз  мәселе. Еңбек өнімділігінің өсу  заңы  тұрақты, жалпы экономикалық заң  болып  табылады.

Барлық уақыттарда, барлық  қоғамдық – экономикалық формацияларда әрекет ететін басқа бір тұрақты заң мынадай: күллі даму атаулы уақыт  бойынша да, сондай-ақ кеңістік бойынша да өтіп жатады. Шын мәнісінде, «даму» деген сөзді айтсақ, біз кешегіге қарағанда бүгін көп өндіргенімізді, неғұрлым алуан түрлі өнім өндіретінімізді түсінеміз және т.б. Алайда бір орыннан табан аудармай тұрып, көп өнім шығару (көмірді мол өндіруге, дайындауға, бітік егін өсіруге), оның  жаңа түрлерін игеру  мүмкін емес. Мәселен, көмір  өндіруді көбейту  үшін жаңа  көмір кендерін өндіріске енгізу қажет жәнет.б. Сөздің кең мағынасында бір орында тұрып, даму, өсу мүмкін емес. Тек  жаңа территорияларды  игеріп, жаңа  жерлерде, жаңа  орындарды, жаңа  заводтар мен фабрикаларды салып, яғни  кеңістікте  жылжи отырып дамуға болады. Демек, қандай бір  даму болмасын ол  сонымен бір  мезгілде уақыт пен кеңістіктегі де даму  болып табылмақ.Белгілі  бір өнім өндіруді (көмір, болат, нан, мата, аяқкиім жәнет.б), белгілі  бір  саланы, жалпы  алғанда қоғамда өндірілетін бүкіл  өнімдерді  көбейту бір  саланы, жалпы  алғанда қоғамда  өндірілетін бүкіл  өнімдерді көбейту белгілі бір территорияда кәсіпорынның, ауыл  шаруашылығына жарамды  жерлердің, пайдалы  қазбалардың болуына , халықтың орналасуына  байланысты жүзеге асырылады. Бүкіл  қоғамдық дамудың  ажырамас аса  маңызды  бөлігі – өндіріс өркендеуінің территориялық орналасуы болып  табылады.

Қоғамдық  өндіріс өркендей отырып, орналастырыла  береді.Өндірістің орналасуы қалай  анықталады? Өндірістің территориялық орналасуына бүтіндей бірқатар факторлар мен  заңдар әсер  етеді.Дамудың басқа  жақтары сияқты, өндірістің территориялық орналасуы, оның  методтары, әдістері сол  уақыт кезеңіндегі сол қоғамдағы заңдармен  белгіленеді. Біздің  елімізде, социалистік қоғамда өндіріс, айталық, АҚШ- тан, дамыған капиталистік елден немесе феодализм қалдықтары  әлі  де  күшті болып  отырған Африканың бірқатар елдерінен принципті басқа  заңдар бойынша  орналасады.

Өндірістің орналасуына  барлық  заңдар ықпал  ете  қоймайды. Бірі аз, бірі  көп әсер етеді. Әрбір  қоғамда  дамудың барлық  жақтарына  және  соның  ішінде өндірістің орналасуына  даықпал жасайтын негізгі  заң бар. Мысалы, бұрынғының негізгі  заңы неғұрлым  көп пайда  табу заңы  бар. Ал қазіргі  заңда  ең  бастысы адамға  қамқорлық жасау  болып  табылады. Қазіргі  негізгі  өндірістің негізгі  заңы адамдардың қажеттіліктерін  барынша  қанағаттандыру  болып  табылады.Әр  түрлі негізгі  экономиканыңзаңдар  өндірісті орналастыруға да  әр түрлі ықпал  жасалды. Қазіргі экономикалық заңдар бәрі  де  адам үшін, адамның игілігі үшін жұмыстанады. Адамның , барша халықтың мүддесі бәрінен де жоғары қойылады. Өндірісті орналастыру оның  негізгі заңының ықпалы  бойынша  жүреді.Сондықтан жоспарлы , тиімді  жүзеге асырылады. Уақыт  айтқанда  бұл  қалай  жүзеге  асады? Еліміздің экономикалық  заңдарының , ең  алдымен өндірісті орналастыруға ықпал  жасайтын негізі экономикалық заңның механизмі  қандай? Осы  сияқты  мәселелерге  жауап беруге  мен  өзімнің шығармашылық жұмысымның тақырыбын «Жер жәннатым - Жармышым» немесе Қайда? Қалай? Неге олай? деп  атадым. Бұл зерттеу тақырыбымда  өндірісті орналастыру кезінде қандай заңдар әрекет етіп, қандай  табиғат жағдайлары  мен  ресустары  ықпал  ететініне, ол  ғылыми- техникалық прогрестің, ықпалына  қалай  ұшырайтынын оған  адам мен тіршілік  жағдайлары  қалай  әсер  ететінін сөз  етпекпін. Сондай-ақ , бұл  шығармашылық жұмысымда біздің  елімізде өндірісті  орналастыру  практика жүзінде қалай  жүргізіліп келді, қалай  жүзеге  асырылуда жаңа  салалар қалайша  пайда  болуда, жаңа территориялар қалай игерілуде, шөлдер мен ит  тұмсығы  батпайтын ну  жыныстарда  жаңа  қалалар мен поселкелер қалай пайда  болуда деген  мәселелер сөз  болады.

Сөздің  кең  мағынасында  алғанда  табиғат – климат, рельф, ресурстар және  т.б.- адамның  тіршілігінде  күн  сайын әсерін  тигізеді. Адам табиғатпен үнемі  бетпе – бет келеді, әрқашан оның  аясында  болады. Адамның барша  өмірі- бұл  оның  табиғатпен, табиғат  жағдайлары  және  ресурстарымен өзара  әрекеттес болу  процесі. Өзен арқылы өтетін темір  жол  салу үшін  адам әуелі  көпір  салуы  керек. Жол  құрылысында  тау  жасайтын кедергіні жою  үшін туннель салу немесе тауды  айналып өтетін жол  немесе сол таудың  өзіне  жол  салу  керек. Ал  аңғарларда  жол  түзу  салынады.

Сондай- ақ азық-түлік өнімдерін де адам табиғаттан алады, табиғат сыйын тиісінше  өңдейді – астық  жерде  өседі, өріске  жайылған сиырдан сүт  алынады, барлық  өзенде, көлде, теңізде ауланады.

Бір  сөзбен айтқанда  өмір  жолында  біз  табиғатпен үнемі  бетпе- бет келеміз.

Бірақ  адам  мен табиғаттың  өзара  қарым-қатынасы  әрқилы  қалыптасып  келді. Жоғарыда  айтқанымыздай , алғашқыда  адам  табиғатта  бар  нәрсені  алумен шектеледі. Ал кейіннен ықпал  жасап, оны  өз  керегіне қарай  бейімдеуге , табиғат  ресурстарын кеңінен  пайдалануға  кірісті: руда  мен  отын  өндірді, ағашты  кесті, өсімдік, мал  өсірді, суды  пайдаланды және  т.б. Фабрика ,  завод, су  станциясы, канал, жол  сала  бастады. Табиғат  барған  сайын адамға  көп  қызмет  ететін  болды.

Ал  адам  өз  қызметі  арқылы табиғат игіліктерін алып қана қоймайды, табиғи процестерге белгілі дәрежеде әсер етеді. Бірнеше мысал  келтірейік.

Адам жерді  өңдемеген кезде  де топырақтың құрамында  табиғи  биологиялық процестер жүріп  жатты. Ал  жерді  өңдеп, жыртып, егін  салып, тыңайтқыштар себе  бастаған кезде  адам табиғат  ағымының бұл  процестеріне барған  сайын көп  араласа  бастады, оларды  өзгертіп отырды.

Адам  орианды  кеседі. Соның  нәтижесінде  жел  соғып тұратын  аумақ кеңейе түседі, желдің  күші  ұлғаяды, бағыты  өзгереді. Сайып  келгенде , ол  қоршаған ортаның өзгеруіне  ықпал  жасайды. Сонымен бірге орманды кесу  көптеген жануарларды «үйреншікті  тұрағынан» безендіреді, көбіне  олар  құрып  бітеді.

Электр энергиясын алу  үшін плотиналар салынады. Нәтижесінде  белгілі бір территория су  қоймасының астында  қалады. Бұл да  адамның табиғатқа  жасаған әсері.

Белгілі  бір өндіріс үшін су  қажет. Адам  суды  пайдаланады, одан соң суаттарға  жібереді (өзенге, көлге, теңізге). Бірақ  бұл  бұрынғы  су  емес. Ол лас  су, онда  өндіріс қалдықтары , зиянды  қоспалар  бар.Сондықтан адам  мұндай суды суатқа  жіберіп, көбіне  оны  ластайды, бүлдіреді.Бұл  суда  енді  балық  үшін, су  өсімдіктері үшін қажетті  жағдай  жоқ. Нәтижесінде  жануарлар мен өсімдіктердің көптеген  түрлері құрып  кетеді.

Табиғат ресурстарын пайдалану  оны  қорғау ісімен әрқашан  тікелей байланысты болу  керек. Қазіргі таңда  айрықша  маңызды. Өндірістің өркендеуіне  байланысты  адамдардың табиғатты «бүлдіру», ластау  мүмкіндігі арта  түседі. Демек, табиғатты қорғауға, судың, ауаның тазалығына және  т.б. өте  көп назар  аударылуы  тиіс. Табиғат  игіліктерін пайдалануда сақ  болған  жөн. Кейде табиғатқа  ұқыпсыз, жан- жақты ойластырмай қараудың салдары  тез  арада байқалмайды, оның зардаптары да дереу  білінбейді. Бұл  кейіннен көрінеді.Мұның  табиғатты  қайта өзгерту жөнінде жүргізілген алғашқы  шаралардың адамға  берген пайдасынан анағұрлым көп  зиян келтіруі мүмкін.

Орманды түгелдей отау осының классикалық мысалы  бола  алады.Ежелгі  заманда  Месопототамияда , Грецияда, Кіші Азия мен  кейбір басқа  жерлерде адамдар орманды түгел  отап  тастаған.Олар мұны  егін  егуге  жыртатын жер  босату  үшін  істеді.Былайша  бәрі  дұрыс  сияқты. Бірақ  осы  орманды  құртудың нәтижесінде  бұл  жерлерде  біртіндеп ылғал  жиналмайтын, сақталмайтын болды. Ақыр  соңында   бұл  аудандар шөлге  айналып кетіп  отырды.

Бір  сөзбен  айтқанда, табиғат  пен  адамның қарым- қатынасы  өте  күрделі. Адам  өзінің  күнделікті  қызметінде  әрдайым  осыны  ескеріп  отыруы  тиіс.

Адам  табиғатқа  өз  еңбегімен  ықпал  етеді. Өзімізде  бар  нәрсенің барлығын біз  табиғаттан  алдық, табиғатты қайта өзгертсек, ол өз еңбегіңіздің  нәтижесі.Алайда  біздің   игілігіміз азық- түлік мөлшері және  т.б. тек  еңбегімізге байланысты  деуге  болмайды. Еңбек  біздің  байлығымыздың бірден- бір  көзі  ғана емес.Карл Маркс «Капитал» деген еңбегінде  былай  деп  жазды: «Уильям Петти айтқандай, еңбек – байлықтың  атасы, жер – оның  анасы». Демек, табиғаттың өзінің, оның байлықтарының, адам  еңбек  етіп отырған табиғат  жағдайларының үлкен  маңызы  бар. Бұл  мәселені егжей- тегжейлі  қарау  керек.

Темір  алу  керек  дейік. Бұл  үшін әуелі  руда  өндіру  қажет. Еңбек  сіңіру  керек. Бірақ   әртүрлі  құрамы  бар. Демек , темірдің белгілі бір  мөлшерін жұмсау  деген  сөз.

Басқа  мысал.Адам  егін  егеді. Бір  топырақ құнарлы  да, екіншісінің құнары  төмен. Ал  еңбек  бірдей  жұмсалады. Табиғи құнарлы  жерден  астық  мол  алынады. Бұл  табиғаттың  ықпалы.Мұндай  мысалдарды  көп  келтіруге  болады. Мұның  бәрі де  өндірістің дамуына  табиғаттың үлкен  ықпал ететінін білдіреді. Сондықтан өзінің  қажеттілігіне  орай табиғат  заттарын қайта  өзгертуге  бағытталған адамның бүкіл «қызметі» , бүкіл  еңбегі, біріншіден,  табиғат  ықпалының қолайсыз  жақтарын жеңу , екіншіден қолайлы  жағдайларды  дамыту  және  нығайту  болып  табылады.

Табиғат  пен  адамның, табиғат  пен  қоғамның өзара  қарым- қатынасы  үнемі кеңейе  түсуде. Бұл  тарихи дамудың, өндіргіш  күштердің өркендеуінің  нәтижесі.

Мал  шаруашылығы,  қарапайым  егін  шаруашылығы, балық  аулау, бағалы  аң  терісін аулау  кәсіпшілігі – тарихи өткен заман  шаруашылығының  негізгі  салалары.Не  бары жүз  елу – екі  жүз  жыл  бұрын өзендердің энергиясы тек  су диірмендеріне  ғана  қолданылатын еді. Электр  энергетикасының дамуына  байланысты су  ресурстары арзан энергия  өндірісінің көзі  ретінде  үлкен  роль атқара  бастады. Мұнан  не  бары  жүз  жыл  бұрын адамның негізгі  отыны  ағаш  болатын. Бу  двигателін ойлап  шығару металл қорытуға, қажетті  темір  рудасы  мен  көмірдің жаңа, үлкен кен  орындарын пайдалануға  алып келді. Ал  Дизель ойлап  тапқан іштен  жану  двигателі мұнайға  деген  сұранысты  ұлғайтты. Мұнай  өнеркәсіпте , ауыл  шаруашылығында , флотта және автомобильдерде қолданыла  бастады. Мұнайдың  маңызы мен құны  артты. Ал  мұнай  химиясының дамуына  байланысты  мұнайдын маңызы  онан  әрі  өсті.

Еңбек  процесінде  адам  білімі  кеңейе түседі. Ол  табиғат ресурстарының жаңа  қасиеттерін үнемі  ашумен  болады. Сондай- ақ бұл адам  мен табиғаттың өзара  қарым-  қатынасын  ұлғайтады. Өндіріске  тартылатын заттардың түрі  үнемі көбейіп, бұл  өзара  қарым- қатынасты  күшейте  түседі. Адамның жаңа  товарларды көптеп  өндіретін салаларды кеңінен өркендету үшін мүмкіндігі  молаяды. Бір сөзбен  айтқанда , адам  табиғаттан барған  сайын көп  ала  отырып, оның  игілігін пайдалана  береді.

Табиғат  ресурстарын қайта  қалпына  келтіруді  ойламай,  тек одан  ала  беруге  бола  ма? Осы  тұрғыдан барлық  табиғат  ресурстарын қалпына  келетін және  келмейтін  екі  негізгі  топқа  бөлуге  болады. Мысалы,  орманды  алайық. Оны  кеседі, отырғызады, көшеттер  егеді. Сондай-ақ барлық  ағашты  бірдей  кесе бермейді. Адамдар орманның үнемі өсуіне  қамқорлық  жасайды немесе  топырақты  алайық.Топырақтың белгілі бір құнарлылығы болатынын жоғарыда  айттық. Егін  салған  соң, құнары  кемиді. Демек, адам  топырақтың құнарлылығының қайта  қалпына  келуіне мүдделі, сол  үшін шара  қолданады. Мысалы, жердің жеке- жеке танаптарына  кезек-кезек егін  салып, топырақтың  тыныс  алуына мүмкіндік  туғызады  және т.б. Сонымен , адам, ағаш, топырақ ресурстарын  тұтынып қана  қоймайды, оларды  қалпына  келтіруге  де қамқорлық  жасайды. Бұлар  қалпына  келетін  ресурстар  деп  аталады.

Ал  көмір, мұнай,  газ,руда,құм, саз балшық  және  ресурстар ше? Адам  бұларды  табиғаттан өте-  мөте  көп  алады. Бірақ  ресурстардың қалпына  келуі  үшін  істей алмайды. Бұлар  қалпына  келмейтін ресурстар  деп  аталады. Бұларды  келешек  ұрпақ  үшін де  сақтау  қажет. Бұл  үшін адамзат ресурстардың қорын үнемі, толықтырып отыруға  арналған бірқатар шаралар жасады (барлау, тереңге  бойлау т.б.)

Табиғат  ресурстары  өзінің табиғи  жағдайларына  байланысты  да  бөлінеді. Адам  ресурстардың бір  тобын – жер қойнауынан, екіншісін – жер  бетінен, үшіншісін – ауадан, төртіншісін- судан және  т.б. өндіреді. Сондықтан олар  дәл  осы табиғи  жағдайларына  байланысты  топталады. Біріншіжер  қойнауынан алынатын ресурстар жатады ( көмір, мұнай, газ, руда, құрылыс  материалдары).Екінші  топқа  биологиялық және  жер беті  ресурстары (орман, құс, аң, балық, топырақ), ал үшінші  топқа  өзен, жел, күн, және  т.б. жатады.

Тарихи  тұрғыдан адам  әуелі биологиялық ресурстарды , сосын жер  беті ресурстарын, кейіннен барып жер  қойнауы ресурстарын пайдаланды. Бұл  ресурстардың  барлығын  адам әр  түрлі  пайдаланды, ол ресурстар әр  түрлі  роль  атқаратын. Мысалы, көмір, мұнай, табиғи  газ, сланец отын  ретінде  қолданылады. Ағаш- отын, химия  өнеркәсібі түрлі  салалар  үшін құрал және  т.б. адам  көзімен қарағанда өз  қызметі  бар. Сол  үшін де  олар бағалы.

Бірақ  ресурс қандай  қызмет атқармасын олардың  кез  келгені адамның пайдалануы үшін, одан  белгілі бір  өнімді даярлау  үшін қызмет  атқарады, яғни ресурстың халық  шарашылығына  белгілі  бір ролі  бар. Сол  себепті  адам  бұл рольді әр  түрлі  бағалайды.Бұл  табиғат ресурстарына  шаруашылық  тұрғыдан баға  беру  деп  аталады. Мұндай баға  ресурстарды дұрыс  пайдалану үшін, өндірісті дамыту  үшін және оны  орналастыру  үшін  өте  маңызды.

Кез  келген  табиғат  ресурстарын бағалау  кезінде  адамның алдында алдымен  екі  сұрақ  тұрады.

Бұл  ресурс  оған  керек  пе, әлде  жоқ  па? Ал  керек  болса , қанша  мөлшерде  керек, Экономика   тілімен  айтқанда  бұл- ресурсты қаншалықты  дәрежеде  пайдалану  керек  және  ол  қазіргі кезеңнің шаруашылық  міндеттеріне лайық  бола  ма?Мысалы  тағы  да орманды  алайық. Ағаш  отынның  басты  түрі  болып  тұрғанда   адам  орманды  дәл  осы  тұрғыдан ғана  бағалап  келді. Оны  осыған  байланысты  пайдаланып  отырды. Отын  барлық  жерде  керек  еді. Оны  тасымалдау  қиынға  соқты. Ағаш  ке келген  жерде  шабыла  берді. Адамның   басқа  қызметтері ( орман қорғау, аң  өсіру және  т.б.) нашар  орындалды. Уақыт  өткен сайын орманның  отын  ретіндегі  керек  емес (берісін айтқанда жер  шарының көптеген аудандарында). Ол  енді  бұл  мақсат  үшін  пайдаланылмайтын  болды. Орманды  қосымша тағы да  бір  қызмет  атқаратын жерде (адамдардың демалыс  орындарына  дейін) кеспейді.

Ресурсты  шаруашылық айналымға  түсіру  тиімді  ме? Айталық, көмір  керек екен. Бірақ  осы  уақытта  өндіруі  өте  қымбатқа түсетін көмір  кендері  бар (  бұл жерде  көмір  өндіретін жұмысшы  күші  жоқ, оны  тасымалдау  үшін жол  жоқ,  оны  тұтынатын жерде  кәсіпорын жоқ және  т.б.) Демек, бұл  кенді қоғамдық  өндіріске тарту  тиімсіз. Тағы  да  орман  шаруашылығынан мысал  алайық. Елімізде орманның   мол  қоры  бар. Олардың  жақындағылары  ғана ,  яғни «шетінен» пайдалану  қолға  алынуда. Тайганың түкпіріне  біртіндеп жылжуға  бола  тұра , оның ортасына  баруда  қандай  мән  бар.

Кейде  тиімділік тұрғысынан қарағанда  ресурсты  пайдалану  үшін бағалағанда  уақыт  факторы ерекше  роль  атқарады. Айталық су энергиясының  мол  қоры  бар тиісті  ауданнан тез  арада  электр  энергиясын алу керек  болды. Бірақ  гидростанция құрылысына  көп уақыт  керек, ал  энергия өте  тез  қажет  болып  тұр. Мұндай  жағдайда  салынуына  аз  уақыт  жұмсалатын жылу  электр станциясы тұрғызылады. Су  ресурсы уақытша  шаруашылық айналымына  түспейді ( су  энергиясы жылу энергиясынан гөрі  арзан  болса  да ), ал  жылу  ресурсы , тіпті  алыста  жатса  да , іске  қосылады.

Әрине, бұл  айтылғандардың бәрі  шаруашылық айналымына  тек  қана  өте  бай рудалар, тек  жоғары  спалы  ресурстар пайдаға асады. Бұл  өндіріс пен тасымалға  кететін шығынның жиынтығымен  анықталады. Белгілі бір  ресурсты  іске  қосудың басқа  да  себептері  болуы  мүмкін. Бірақ  әңгіме  мұнда емес. Әңгіме  ресурсты  шаруашылық  айналымына  түсіру  үшін керек  пе  және  тиімді  ме  деген  екі  сұраққа  жауап  беруде. Міне  сонан  кейін ғана  кәсіпорындар , поселкелер, үйлер тұрғызылып, жол  салына  бастайды  және т.б.Өндірісті  орналастыру  үшін  табиғи  ресурстарын шаруашылық  тұрғыдан бағалаудың , міне, осындай  маңызы  бар.

Табиғи  ресурстарды  бағалауға  әр  түрлі  мамандық иелерінің үлкен  тобы  қатысады. Олардың   ішінде  геологтар да, технологтар да  және  т.б. бар. Бұлардың бәрі де ресурстары  әр  түрлі  сала  тұрғысынан сипаттайды. Бірақ  негізгі  бағаны, шаруашылық  тұрғысынан берілетін бағаны  барлық  мамндардың мәліметтерін пайдалана  отырып, экономист  береді. Тек  соның  бағалауынан кейін ғана  белгілі  бір  шешім қабылданады.

Табиғи  ресурсты  экономист  қалай  бағалайды?

Біріншіден , ол  белгілі  бір  табиғат  ресурсын  оның  географиялық орны  тұрғысынан бағалайды. Ресурсты  осы  тұрғыдан  бағалау барысында  сол  ресурс жатқан  ауданның  жалпы  табиғат  жағдайлары  есепке  алынады. Ресурсты  тасымалдау  жағдайы – ресурс оны  өңдейтін  жерге , ресурстан  алынатын  немесе  оның  көмегімен  алынған  өнім  тұтынылатын жерге  қатысына  қарай  қалай  орналасқандығымен , ресурсты  пайдаланукезінде  қандай қатынас  құралдарын қолдануға  болатындығымен және  т.б. бағаланды. Дәл  осы  географиялық орнына  байланысты ( дәлірек  айтқанда, жайсыз  географиялық  орны ) кейбір  үлкен көмір бассейндері , ірі  темір  рудасының кен  орындары  белгілі  бір «көлеңкеде» жата  береді.Бұған  керісінше  мысалдар да  бар. Мысалы, Қостанай  темір  рудасы  өндіріске тез  тартылды, өйткені  ол  қара  металлургия  өркендеген Оңтүстік Орал рудаға  мұқтаж бола  бастаған еді. Географиялық орынды  бағалау, міне  осындай  роль  атқарады.

Екіншіден , экономист  белгілі  бір  жерге  орналасқан табиғи  ресурсты  басқа  жерге  орналасқан осындай  ресурс  түрімен салыстыру  тұрғысынан  бағалайды.Мұнда  сипаттамалар  көп. Бұл  ресурстың сапасында  рудадағы  пайдалы  заттар проценті , отынның калориялығы  және т.б. (оның жату  жағдайын да, демек  өндіру  құнын да  ол жер  бетіне жақын  немесе алыс  жатыр ма, ашық өндіруге немесе  шахталық өндіруге бола  ма, су  басып  кеткен  жоқ па және  т.б) ресурс  көлемін  сипаттайды. Мәселен, жақсы(сапасы  бойынша) ресурс  бар  делік. Жақсы орналасқан (жер  бетіне  жақын және  т.б). Бірақ  ресурс  қоры  өте  аздығы сондай, оны  тірек  ететіндей кәсіпорын салу  тіпті  пайдасыз. Айталық, бұл  ресурстың  қоры 3-5 жылға  жетеді  делік. Ал  шахта , фабрика салу  қымбатқа түседі әрі олардың  ұзақ  уақыт  жұмыс  істеуі тиіс.Демек, қор аз  болған жағдайда өнеркәсіп кәсіпорыны  оны  тез арада өңдеп бітіреді де  содан соң  ондаған  жылдар  бойына  жұмыссыз қалады. Сондықтан ресурсты салыстырып бағалауда қордың  мөлшері  аса  маңызды  сипаттама  болып  табылады.

Үшіншіден, ресурсты  бағалауда  оның, белгілі  бір халық  шаруашылығы  комплексінің басқа  ресурспен үйлесуі өте  маңызды  роль  атқарады. Көбінесе  дәл осындай үйлесім табиғи  ресурстар негізінде  өндіріс  ұйымдастыруға мүмкіндік  береді.

Төртіншіден, ресурсты бағалау  кезінде  тағы  да бір , комплектіліктің бірнеше  басқа  аспектісі – ішкі  комплектіліктің, яғни  рудадағы  белгілі бір  негізгі  ресурстың  тағы да  басқа  қандай  компоненттермен үйлесіп  келуінің маңызы  бар. Мүмкін, руданың құрамы негізгі  ресурсқа  бай  болмас, оның  есесіне  оның  құрамында  халық  шаруашылығына  өте  керекті  басқа  қоспалар  бар.Немесе  көп емес, не  бары  бір, екі бірге  жүретін компонент бар, бірақ  недәуір үлкен мөлшерде  кездеседі. Бұл  табиғи  ресурсты  шаруашылық  тұрғыдан  бақылауға  елеулі  ықпал  жасауы  мүмкін.Бұл  жағдайда  ресурстың маңызы  тек  басты  өнім  өндірісі  үшін, сол  сала үшін  ғана емес , сондай-ақ басқа  салалар үшін де  маңызды  болуымен белгіленеді.

Бесіншіден, ресурсты  сол  аудандағы  халықтың қоныстануы тұрғысынан бағалау  өте  маңызды. Белгілі  бір  табиғи  ресурсты  шаруашылық айналымға солконструкциялардың арнаулы  ерекшеліктері  болуы  тиіс. Аяқкиім , киім  бәрі  де  климатты ескеріп  жасалады.

Әсіресе  климат  ауыл  шаруашылығына  айрықша  ықпал  жасайды. Басқа  салалардан гөрі ауыл  шаруашылығы күн  жарығының, жылудың ылғалдың мөлшеріне  сезімтал  болып, тікелей  соларға  байланысты болады. Ауыл  шаруашылығының кейбір  мәдени дақылдары  жылуды  сүйеді, екіншісі ылғалды  көбірек  талап  етсе , үшіншісіне  жарық  қажет. Сондықтан белгілі  бір әрбір  аудан климатқа  байланысты  неғұрлым  ыңғайлы  жағдайларға  бейімделген дақылдарды  сұрыптап  отырады. Айталық  Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан және  басқа  күннің  жылуына  бай , суармалы  егіс  үшін суы  да  мол жеткілікті  аудандарда  бірден – бір дұрысы мақта  өсіру  болып  табылады. Ал  Қазақстанның солтүстік және  солтүстік  батыс аудандарында  бидайдың пісіп  жетілуі үшін өте  қолайлы жағдайлар  бар. Ал  цитрус тұқымдастар, шай, іс  жүзінде  тек Закавказье республикаларында  ғана  өсіріледі.

Мысалы, желді  алайық. Желдің  бағытына  байланысты үйлердің бір  жағы  тек  тұтасынан қабырғадан  тұрса , екінші  жағына  терезелер салынады. Кәсіпорындарды  тұрғындар  поселкесінен түтін, ыс және  т.б. келмейтіндей  етіп салады. Сондықтан өндірісті  орналастыру  кезінде  климат  жағдайы өте- мөте мұқият  ескрілуі  тиіс.

Енді  өндірісті  орналастыруда  үлкен роль атқаратын рельефтіқарастырамыз. Руда  арзан теңіз  транспортымен , ал  көмір темір  жолымен  тасылады. Ең  негізгі  мәселе  мынада, көмір  ең  жоғарғы  деңгейден ең  төменгі  деңгейге  тасылады, яғни  жүк  тиелген составтар  төменге  қарай  жылжиды. Бұл  тасымалды  едәуір  арзандатады, жылдамдықты  көбейтеді, сөйтіп  халық шаруашылығының тиімділігіне  жол  ашады.

Басқа  мысал. Каспий  маңы  ойпаты  Каспий  теңізіне  қарай  жазықтықта  төмендей, 500 км  бойы 75 метр  ғана , яғни 1  километрге  15  сантиметрден  төмендейді. Бұл  ойпаттың солтүстік  бөлігінде  жатқан  шағын  өзендердің көктемде  жүздеген километрге  жайылып көптеген  жерде  судың  тасуына  әкеп  соғады. Су  көбейген жылдары  осы  қуаң дала  мен  шөлейт алқаптың 200 мың гектарға  жуық аймағын су  басады. Мұның  шаруашылыққа  қолайлы үлкен пайдасы  бар. Ал  су аз және  қуаңшылық жылдары  судың  тасу аумағы өте- мөте азаяды.

Таулы  аудандарда  жол  құрылысына  байланысты  қиыншылықтар туады, тауға  кәсіпорындар салу  бұдан да  қиынырақ.

Рельф  халық  шаруашылығының үлкен  мәселелерін шешуге  ғана емес, сондай- ақ жекелеген кәсіпорындардың шаруашылығын жүргізуге  де жиі  ықпал жасайды. Мәселен,совхоз жазда  күні  ыстық, жауын- шашыны аз жерге орналасады. Бірақ совхоз таудың солтүстік беткейінде  болады.Мұнда  қыста  қар  көп  болса, қар  тоқтату  жүргізіледі. Көктемде  еріген қар  суын жүзімдікке қарай бағыттайды. Нәтижесінде  егістің шығымдылығы ұлғаяды.

Су  ресурстары. Бірде – бір  өндіріс сусыз жұмыс  істей алмайды. Әсіресе  су ресурстарының қуаң аудандарда айрықша үлкен  маңызы  бар. Мұнда әр  тамшы  су  қымбат. Көктемдегі  көл- көсір су  көбіне жазда су тапшылығымен  алмасады.

Сондықтан қар  суын  сақтаудың үлкен  маңызы  бар (плотина құрылысы, су  қоймаларын қазу және  т.б)

Қаншалықты  дәрежеде  судың көптігімен бірге, сондай-ақ судың  сапасының қандай екендігінің де  маңызы  бар. Суда  тұз көп  немесе ластанған болуы да  мүмкін. Суды  пайдалану  жолдарын белгілегенде  осы  жағын да назарға  алған жөн.

Сондай-ақ өзен  ағыстарының өзгешелігін назарға  алудың да  маңызы бар. Бұл  су  ресурсын энергоресурс ретінде де, балық  шаруашылығының ресурсы ретінде де және  басқа көзқарас тұрғысынан бағалауды да өзгертіп  жібереді.

Топырақ  тәрізді табиғи  ресурсқа  неғұрлым мұқият баға  беріледі. Агрономдар, топырақтанушылар, топырақты  жан- жақты сипаттайды. Экономикалық баға  беру  әр түрлі  аудан топырақтарының құнарлығын салыстырып, топырақты шаруашылық айналымға  түсірудің кезегін  анықтаған соң  беріледі. Экономист топырақты  игеруге  қажетті  қаржының сомасын, тыңайтқыштарды  қолдану  мүмкіндігі және  көптеген мәселелерді  анықтайды.  Мұның  бәрі  топырақты  пайдаланудың тиімділігін күшті  өзгертуі  мүмкін. Топырақтың  құрамында болып  жатқан  процестердің  есебі  кейде  агротехникалық  шараларды  қолданумен бірге  бірқатар басқа  шараларды ,айталық, мал шаруашылығын өркендету  шарасын  талап  етеді. Бұл  шаруашылықта  үлкен  тұрақтылық сақтауға , мәдени  өсімдіктерді  өсіруге  кеткен топырақтың құнарлы  заттарын қайтару  үшін қажет  болады.

Топыраққа  анализ жасау  әртүрлі  пайдалануға  жарамды жер  резерфтерінің арасындағы  сәйкессіздікті , бұталарда  жеміс  бақтарымен ауыстыру қажеттілігін , суландыру мүмкіндіктерін және  т.б. анықтай  алады.

Жеріміздің көпшілік  аудандарын шаруашылыққа  маңызы аса  зор өсімдіктер  дүниесі  алып  жатыр, бұл өсімдіктердің, әсіресе  мәдени өсімдіктердің , сондай-ақ жайылымдар мен  шабындықтарда өсетін өсімдіктердің шаруашылық маңызы зор. Жайылымдар мен шабындықтардан барлық  жемшөптің 70  процентке жуығы  алынатынын айта  кеткен  жөн.

Өсімдіктер  дүниесі шаруашылық тұрғысынан әр  қилы сипатталады. Бұл  сипаттамаларға  жемшөптің өнімділігі де , пісіп  жетілуінің маусымдылығы да, жануарларға сіңімділігі және  т.б. енеді. Жайылым  мен шабындыққа су  жіберіп  отырудың маңызы  зор. Көбінесе  су  жіберуді қолдан  күшейтуге тура  келеді.

Жануарлар  дүниесінің шаруашылықтың үлкен  маңызы  бар. Күллі  жануарлар дүниесін (аңдар, құстар, жәндіктер және  т.б) шартты  түрде  екі  топқа: пайдалы  жануарлар және зиянды  жануарларға  (әсіресе, ауыл  шаруашылығының зиянкестері) бөлуге  болады.

Адамның  жануарлар  дүниесімен қарым- қатынасы  өте  алуан  түрлі. Адам аң  аулауды қадым  заманда  бастаған. Кейіннен  жануарларды  қолға  үйретуге  кірісті. Мал  шаруашылығы  өркендеді. Жануарлардың көптеген түрі  жұмыс  көлігі  ретінде  қолданылады. Қазіргі  уақытта  мал  шаруашылығы  - халық  шаруашылығының  аса  ірі  саласы.Адам  бұрын  бостан-босқа қырып  жіберген жануарларды өсіре  бастайды (құндыз, күміс  түсті  қара  түлкілер, күзен және  т.б.). Құс  шаруашылығының үлкен  маңызы  бар. Жәндіктер де  (ара) белгілі бір  роль  атқарады.Сондықтан жануарлар дүниесін бағалау адам мен  табиғаттың қарым- қатынасына да маңызды  орын иеленеді.

Жануарлар  дүниесінің  ресурстары  әдетте едәуір тез  қалпына  келеді. Сондықтан бұл  ресурсты  адамның  неғұрлым ұтымды  пайдалануға  мүмкіндігі  бар. Хайуанаттар  дүниесінің  ресурстарын ұдайы  өндірумен жеңіл  өнеркәсіп пен  тамақ  өнеркәсібінің кәсіпорындары  айналысады. Терісі  бағалы  аңдардың ролі ерекше. Олардан  бағалы  тері  алынады. Адамның шаруашылық қызметінде  балық  ресурстарының  да  маңызы  зор. Қазіргі  уақытта  адам  тек  балық  аулаумен ғана  шұғылданбайды, сондай-ақ балық  қорын да  ұдайы өндірумен, уылдырық сақтайтын қондырғы, балық  заводын, жасанды  су  қоймасын және  т.б. жасаумен айналысады. Су  қоймасын бағалау, оның  балық  өнімділігін анықтау, табиғи  факторларды  есепке  алу ( жылу, жарық) – осының  бәрі  де балықты  ұдайы өндіруге  ықпал  етеді. Су  қоймаларының ластануымен күресу де  маңызды  мәселе.

Селода  дәрігерлік амбулотория  халыққа  өз  дәрежесінде  қызмет  етіп тұр. Мұнда  екі  дәрігер , снгіз  арнаулы  орта  білімді маман  жұмыс жасайды. Дәрігерлік  амбулотория жыл  сайын жаңа  медициналық құрал-жабдықтармен  жабдықталып келеді. Өткен  жылы  дәрі- дәрмекке 1  млн 72  мың теңге, медициналық  құрал – жабдықтар  алуға  4  млн 413 мың   теңге  бөлінсе, биылғы  жылы 1 млн 89 мың  теңге  дәрі- дәрмектер алуға  қаралып, 1  млн 480  мың теңгеге амбулоторияға жедел- жәрдем автокөлігі алынды. Осы  жылдың өткен  бес  айында 3240 адам дәрігер қабылдауында   болып , тиісті  ем- домын алды.

Мектепте  өткен жылы  3565  мың   теңгеге  жөндеу  жұмыстары  жүргізіліп, 4230 мың   теңгеге  физика   кабинеті , 515 мың   теңгеге акт залына  кресло , штор және  т.б . заттар  алынып, жаңа  екінші   компьютер сыныбы іске  қосылды. Тағы  айта  кетерлік  қуанышты  жағдай , ел  азаматтары  М.Құрманбаев, Х.Ережеповтер қамқорлығы  арасында  мектепке «Газель» автокөлігі сыйға  тартылды. Биылғы  жылы да  мектепке қажетті  құрал – жабдықтар  алуға  2270 мың  теңгеге қаржы  қаралып  отыр. Сондай- ақ , мектепті  жеңіл  жөндеуден  өткізу, мектеп  асханасын су  көзіне  қосу , жылу  жүйесін газға   қосу  секілді  жұмыстар да жүзеге  асырылмақ.

Жармышта  халыққа мәдени  тұрғыда  көрсететін селолық  мәдениет үйі  мәдени  көпшілік шараларды  тұрақты  ұйымдастырып, жүйелі  өткізіп  келеді. Мұнда  домбыра , ән  үйрену, драма, хор үйірмелері  және  халықтық театр  атағы  бар  ұжым  жұмыс  жасайды. Жақында  облыстық деңгейде  өткізілген «Маңғыстау  жұлдыздары» фестивалінде  біздің   аудан  өнерпаздарының  бас  жүлдені  жеңіп алуында  Жармыштықтардың да  қосқан  елеулі  үлесі  бар  екендігі  сөзсіз. Сонымен қатар , 9602 кітап  қоры  бар  селолық кітапхана  халықтың  рухани  жан- дүниесін арттыруға жұмыстанып  келеді.

Селода  кәсіпкерлік қызметі  де  жолға  қойылған. Қазір   ауылда  екі  мал  дәрігері , бір  дәрі  сатушы , он  кәсіпкер дүкен   ашып, жеке  кәсіпкерлікпен айналысуда. Сонымен  бірге  село  бойынша  18  шару  қожалығы тіркелген. Шаруа  қожалықтарында  26  сиыр, 660  қой , 155 жылқы , 98 түйе және 257  ешкі малдары  бар. Өткен  жылы  аудандық «Маңғыстау ауданының микрокредиттік ұйымы» ЖШС – нен екі  тұрғын 300 мың теңгеден несие  алып, кәсіптерін  жасауда.

Жармышта  жеке  баспана  салуға  ниет  білдірушілер қатары  жылдан -  жылға  артып  келеді. Мәселен, өткен  2006 жылы  тұрғын  үй  салуға  63000 шаршы  метр жер  беріліп , 720 шаршы  метр  жерге  тұрғын  үй  салынған  болса , 1320 шаршы  метр жерде  аяқталмаған тұрғын  құрылысы  жүргізілуде.Сондай – ақ , өткен  жылы  бір  муниципалды  тұрғын  үй  салынып, бюджет  саласы  қызметкерлеріне  берілді.Сондай 80  балалық  балабақша  мен  фельдшерлік пункт салынды.

Селодағы  халықтың тұрмыс  жағдайы күннен  күнге  жақсарып  келеді. Оны  мына  көрсеткіштерден де  аңғаруға  болады.2010 жылғы  мәлімет  бойынша  11 жанұя  күнелтісі  төмен деген  есепте  тұр, жалпы   жұмыссыздар саны  - 24, ақылы  қоғамдық жұмысқа  тартылғаны  38  адам. Осы  жылдың  өзінде-ақ 70 адам әр түрлі салаға  жұмысқа орналасқан.

2010 жылдың  күзінде  Шетпе – Жармыш және  Жармыш селоішілік құбыры  құрылысы толықтай аяқталып, пайдалануға  берілді. Қазір Жармыш   селосында  жаңадан  салынған тұрғын  үйлерге  газ және  тоқ  желісін тарту жұмыстары  қызу  жүргізіліп жатыр.

Селода  ауыз  су   мәселесі  де  толық шешілген  деуге  болады. Биылғы   жылдың бірінші   жарты  жылдығында  селоішілік су  құбыры  құрылысы  аяқталып, бірнеше  жағдайы  төмен  отбасына  үйлеріне су  құбыры  тартылып  берілуде.

Селода  телефон байланысыда  оңынан шешімін  тауып келе  жатқан жүйелі  жұмыстардың бірі. Қазіргі  уақытта  селодағы  мекемелерде  10, жеке тұрғындарда  63, барлығы  73 телефон  нүктесі  бар.

Селоішілік  автоклік жлдары  асфальтталған. Жармыш – Ақтау-Жармыш   маршруты  бойынша  күніне  екі  рет автобус қатынасы  жолға  қойылған

Селолық  әкімшілікте  әкімнен  басқа  екі  бас  маман , бір  жетекші  маман, яғни  төрт мемлекеттік  қызметкерлер  жұмыс  жасайды.

Міне , Жармыш  селосының бүгінгі  таңдағы  жағдайы , тыныс  -  тіршілігі  осындай. Біреуден  ілгері, біреуден  кеш дегендей, бірақ   көптен ілгері  береке  бірлікте  тірлік  кешуде. Мұндағы  жасалып  жатқан , ілі  де  жасалар  жарқын  істер  аз  емес. Оның   бәрін  баяндап  шығу  мүмкін  емес, әрине  Тек  солардың  бірер  жылда  жүзеге  асатын бірқатарын ғана  айта  кетелік. Жармыштан  жаңадан  мәдениет  үйі  салынуы  үшін 1,5 млн теңгеге  қазір  жобалық – сметалық құжаттары  жасалуда. Құрылыс  жұмысы  келесі  жылы  басталады.

Ауылға  жасалып  жатқан барлық  жақсылықтарды  халық   көздерімен  көріп, сезініп  отыр. Дегенмен , тұрғындарға  тұрмыстық жайсыздықтар туғызып  жатқан жайлар да  жоқ  емес. Мәселен, Жармыштағы  жер  асты  суының күрт  көтерілуі, оның   салдарынан қора  - жайлардың ылғал  тартып, үйдің ішкі  сылақтарының  түсіп  қалуы  жергілікті  халықтың орынды  ренішін  туғызуда. Бұл  бағыттағы  ауыл  әкімінің  дренаж қызметін ұйымдастырып, суды  төмен түсіруге  жан- жақты  шаралар  алып жатқаны  құптарлық  екен. Қысқасы , ауыл  ажарын көтеру, мәдени, көпшілік, тұрмыстық   жағдайлар барған  сайын жолға  келіп жатқан Жармыш  ауылы келер күнге  нық  қадам басып  барады.

«Бескемпірден»  жоғары  сапалы темір  кені  табылды

Темір рудаларының «Бескемпір»  кен орны Маңғыстау  ауданының Жармыш  селосына жақын, шығыс  Қаратау жотасының  солтүстік  етегінде  орналасқан. Кенорында  темір  рудаларының  екі  типі  анықталып  отыр. Бірі – қоңыр теміртек  рудалар, 200-210 метр  тереңдікке  дейінгі  қабатта  түзелсе, екіншісі – сидерттік рудалар 200 метр тереңдіктен төмен  орналасқан. Қоңыр  теміртек рудалар  жердің үстіңгі  қабатына  қалыңдығы  27 метрлік бірнеше  линзпалар түрінде  шығып жатыр. Жер  бетіне  шығып жатқан линзалардың жалпы  ұзындығы шамамен5,8 км. Құрайды.

Орташа  есептегенде  200  метрден төменгі  тереңдікте  қоңыр  теміртек рудалар өзгеріске  ұшырамаған біртекті сидерит аталатын темір  рудасына  айналды. Алғашқы  сидериттік рудалардың табиғи  жағдайы химиялық қайта  өңделген түзілісі  болып  табылатын қоңыр теміртек рудалар құрамындағы темірдің  арасалмағын  бағаланды (45,84 % ) сидеритті  рудаларға  қарағанда  (36,86 %)  жоғары  сапаға ие. Темір  рудаларының  екі  түзілісі  де  құрамындағы  марганец жынысының арасалмағына  қарағанда (3,17%) олардыңы  табиғи  жағдайда   шыңдалып, марганецпен байытылғандығын көрсетіп  отыр. Бұл дегеніңіз аталған рудалардың қай- қайсысын да  қосымша  байытпастан табиғи  күйінде  қазып ал да, металлургиялық  жөнелте  бар  деген  сөз.

«Бескемпір»  темір  рудалары  кен  орнының барланған  қоры 36,0 миллион қоңыр  теміртек рудалар 26,5 млн. Тонна сидериттік рудалар 9,3 млн  тонна. Барланған  темір рудалары  қорының барлығын ашық әдіспен – тереңдігі  200-250 метрлік қазан  шұңқыр қазу  арқылы  өндіруге  әбден  болады.

Маңғыстаудағы  темір  рудасының қоры  осымен шектелмейді. Тек  ашылған «Бескемпір» кен  орнының оңтүстік  және  басқа  іргелес аймақтарында  геологиялық барлау  жұмыстарын одан   әрі  жалғастырған жағдайда  темір рудасының анықталып  отырған  қорын  әжептәуір  ұлғайтудың мүмкіндіктері  зор. Ол  үшін қаржы  көздерін  іздестіру  мақсатында  инвестициялық  ахуал қалыптастырудың жолдары  ойластырылуы  қажет. Темір  рудалары  шикізатының  қазіргі  дүниежүзілік бағасы  деңгейінен қарағанда аталған  кен орнын іске  қосу өзінің рентабельділігін  көрсетіп  отыр.

Қорыта  айтқанда  , «Бескемпір» темір  рудалары  кен  орны  бүгінгі  таңда  одан   әрі  егжей- тегжейлі  барлау  жұмыстарын жүргізіп, игеруге беруге  әзір тұрған коммерциялық маңызы  зор обьектілердің бірінен  саналады.

Жер жәннаты – Жармышым және  оның  экономикасы

Қазақстанда  алғаш  біздің дәуірімізге  дейін қолға  үйретілген мал ешкі 80 % , кейін  көне  мекен – жайларда  басым  көпшілігі  қой  сүйегі  табылған. Сондықтан біздің  көне  заманда өмір  сүрген ата- бабаларымыз, ауыл  шаруашылығымен айналысқан. Әсіресе, өзіміздің қазіргі  тұрған Маңғыстау  жерімізде  ертеректе  шөлге  төзімді  қой мен  жылқы  малы  өсірілген. Маңғыстаудың  табиғаты  мен  өсімдіктер  дүниесі  сиыр  малын  және  ешкі  өсіруге , адам  қажетті өнім  алуға  тиімсіз  екенін  көрсетті. Маңғыстаудың көшпелі  мал  шаруашылығы  мен отырықшы  егіншілік кәсібі  адамзат өркениетінің  дамуына  бірдей бір  негіз  болған экономикалық тіршіліктің бір  тұтас түрі  болып қалыптаса  бастады.

Мал  шаруашылығына  байланысты  экономикалық  даму  барысында  Маңғыстауда  су  көздері  құдықтардың өсу  көрсеткіштері  әр  жылда  әр  түрлі  болған.

Сонымен  бірге  Маңғыстау  аймағында  мал  өсіру  басым  болды. Себебі , егін  егуге  жер  тарлық  ете  бастады. Сөйтіп  сол  кездегі  теңіз  жағалауындағы  халықтармен  мал  шаруашылығымен  айналысып  жүрген  көшпенділер бір- біріне  экономикалық мүдделіліктен  туындаған сауда – саттық етек  ала  бастады. Мал  шаруашылығының  өнімдері  отырықшылықтардың қол  өнер  бұйымдарына  айырбастауға  түсті. Экономикалық байланыс  жасаған  сауда  керуендері  Маңғыстау  арқылы талассыз  жүріп  жатты. Сөйтіп, атақты  Хорезм – Болгер жолы, Ұлы Жібек  жолы  өмірге  шын  мәнінде  сауда  қақпасына  айналды. Көшпелі  мал  шаруашылығының  экономикасы , сауда  керуендері  ХІҮ ғасырға  дейін қалыпты  жағдайда жүріп, кейін тоқтап  қалды.

Себебі ХҮ  ғасырда Ноғай, қалмақтардың Маңғыстау мен Үстіртті жаулап  алуы кері  әсерін  тигізді. Маңғыстау экономикасы  құлдырап  кетті. Маңғыстау  шеткі  саудадан  шет  қалды. Шөл  даламен сауда- саттық жасаған  керуендер азайып, енді  теңіз жолы  арқылы  саудагерлер мен  кәсіпкерлер келе  бастады. 1870 жылдары  мал  шаруашылығы  құлдырап, азайып, егін шаруашылығы  мен  балық шаруашылығы  кең  етек ала  бастады.

Ал  қазіргі  жағдайда  Маңғыстау  жеріне  көз  жүгіртсек .

Таушық  елді мекенінде  сүт  өндіретін  кәсіпорын , Қарақұдық  совхоздарында жүн  өндіру  цехы  жұмыс  жасай  отырып,  қазіргі  таңда  Шетпе  елді  мекенінде  цемент өндіру  зауыты жұмыс  істеуде. Сондықтан  да  сырттан  әкелінетін қымбат  бағадағы  цемент қажетсіз  болып  өзіміздің ішімізден  өндірілетін цемент  арзан  бағаға  сатылады. Міне, экономикамыз осылай  қарқынды  дамыса, халқымыздың әлеуметтік  жағдайы  жақсарып, елімізде  жұмыссыздық азаяды.

Енді  менің  шығармашылықпен айналысып  жүрген басты  тақырыбыма  тоқталсам. «Жер  жәннаты  - Жармышым және  оның экономикасы»- деп  алдым. Бұл  тақырыпты  алған  себебім мен  өзімнің туған  жерімнің экономикасын зерттеудемін.

І.  1930  жылға  дейін ел  бытыраңқы  көшпенді  болды. 1930 жылдың   күзінен бастап ел  біріктіріліп, алғаш  Жармыш  ауылдық советі құрылды. Сол  жерлерден алғашқы  бастауыш мектептер ашыла  бастады. 1931 жылдан  бастап колхоз, 1932  жылы Жармыштың  күншығысындағы  Ағым  жерінен бастауыш  мектеп  салынды. Оған  дейін  әркімнің үйінде  оқытылды. 1935 жылы  Жармыштан орталау  мектеп  салынды. Онда  4  класс бөлмесі, 2-3  шағын  кабинеттер болды. Осы  жылдарда  мектепту  басқарған Жалғасбаев  Тұрар, Қазақбаева  Үбіния, Өмірбеков  Әділхан т.б.  болды.

1940-41  жылдардан  бастап  жеті  жылдық мектеп, бала  саны  жетпей Шахтадан бастауыш  мектеп  болды. 1950  жылы 7  жылдық  мектеп , 1960-61 оқу  жылынан  бастап  8  жылдық , 1969 жылдан  бастап орта  мектеп  болды.Қазіргі  кезде  С.Қапашұлы  басқаратын Жармыш  мектебі, Б.Шәдібаев, А.Көшекенқызы қызмет  ететін, ауданда  алдыңғы  қатарлы  мектептер  қатарында.

ІІ.  Жармыш  жануарлар  мен  өсімдіктерге  бай. Себебі, өсімдіктерінің өзінен дәрі – дәрмек , емдеуіш  сұйықтық  заттар  жасалады. Ал,  жануарлары  табиғаттың сұлулық  символы іспеттес. Жануарларына : ақбөкен, қарақұйрық, түлкі, киік т.б. жатады. Өсімдіктеріне  қалқан  селеу, еркек, ши, түйеқарын, ебелек, жусан, күйреуік  жатады. Жармыштың   жануарлары  мен өсімдіктері  құрғақшылық пен ыстық  климатка бейімделген.

ІІІ. Жармыштың   климаты, ауа- райы, амалдар. Ауа-райының әр  айда , әр  маусымда болып  тұратын құбылысын «амал» деп  атайды.

ІҮ. Пайдалы  қазбаларға : құм,  саз, қара  тас, кебір, тұз, көмір  жатады. Сирек кездесетін әк  пен табиғи  саздың қоспасынан цемент  шикізаты  алынады.

Ү. Жармыштың  ауыл шаруашылығы -  мал  бағу. Төрт  түлікті  өсіру түгел дамығанымен саланың негізін  қой  шаруашылығы  құрайды. Мал  шаруашылығы өнімдері :  елтірі, жүн, ет, ірімшік, сүт, балқаймақ, қымыз. Бұл  өнімдерді жеке  қожалықтар  өндіреді. Мыс: түйе  сүтінен  шқбат  жасап, Тұщыбекті санаторийге  тапсырады.

Жармыш   селосы  оңтүстігінен Қаратау, солтүстігінен Ақтау  тізбектері  қоршаған  аралықтағы  елді  мекен. Жалпы  жер  көлемі 588953 гектар, оның 523311 гектары ауыл  шаруашылығына  жарамды  жер. Селода  қазіргі  таңда  1804 адам  тұрады. Оның   ішінде  әйелдер  саны – 781, бір  жасқа  дейінгі  54, 14 жасқа  дейінгі 610 бала  бар. Халықтың  саны   жылма- жыл  өсіп  келеді. Тұрғындардың жеке  меншігінде мал  саны жыл  сайын  арту  үстінде.Қазір  жеке  меншікті 14159  бас  қой-ешкі.1583 бас  түйе, 228 бас  сиыр  малы  бар. Село  халқында 230 автокөлік, 95 мотоцикль және  үш  трактор көліктері  бар.

Жармыш   жауапкершілігі  шектеулі  серікткстігінде  9800 бас  қой, 599 бас  жылқы  малы  өсірілуде. Онда  қазір 61  адам  жұмыс  істейді.Серіктестік 11 жүк автокөлігі,7 трактор тіркемесі, 3  шөп  шабатын косилька, 1 тырма және  тайлағыш техникалары бар.Биыл  Жармыш серіктестігі 10000 центнер пішен дайындауды  көздеп отыр.

 

Қорытынды

Елбасымыз  Нұрсұлтан Назарбаев  халқымыз ға  арналған жолдауында  «Қазақстан жарқын болашақта  бәсекегк  қабілетті , дамыған  елу  елдің қатарынан  табылатын  болады» ,- деп  алдымызға үлкен  міндет қойғанын  білеміз.

Сондықтан  да , ауыл  экономикасын дамытатын болашақ  жастар. Жоғарыда  айтып  өткеніміздей Жармыш  ауылының  «Жармыш  жауапкершілігі  шектеулі серіктестігінің» алға  қарай  дамуы , жерімізден  табылып  жатқан темір  рудалары , тұз, көмір, цемент, құм, саз т.б пайдалы  қазбаларды  өңдеп, халқымызға   пайдалануға  беру  болашақ ұрпақтарымыздың еншісінде. Қазіргі  ауылымыздың негізгі  экономикасы  мал  бағу – қазақ  жұртының әзірге  түпкілікті  шаруасы. Қашан  біздің ел фабрика – зауыт салып, әбден отырықшы  болғанша , мал  бағу қалмайды. Мал  бағудың ол  уақытта  да жойылар, жойылмасы  екі  талай. Өйткені  фаврика – зауыт  болу  үшін тері – терсек, жүн  жұрқа , сүт  өнімдерін беретін мал  шаруашылығы  болу  керек.

Адамшылықтың  ілгері  басуы  мал  бағуды  жоюға  тірелмейді. Қайта  сол  малды  көркейтуге тіреледі. Қазақстан  шаруашылығы  жылдын-  жылға  өзгеріп  келеді. Мал  санының азаюы  экономикаға  байланысты. Себебі, оның   ішетін  суы мен  жейтін  шөбіне  байланысты.

Қазақстан  солтүстігі қара  топырақ егін  егуге  жарамды  болса , ал  оңтүстігі  сары  топырақ егін  егуге  қолайсыз  болғандықтан  онда  мал  шаруашылығымен  айналысуға  қолайлы. Енді  10-20  жылда   қазақтың бірсыпырасы  отаршылдыққа  айналар. Осы  күнгі  солтүстік Қазақстанның шаруашылығы  соған  қарай  бейімделіп келеді. Әрбір  шаруашылықтың ілгері  басатын шарттары бар. Ауыл  шаруашылығының ілгері  басатын шартының бірі  айырбас  яки осы  күнгі  халықтың   тілімен айтқанда  сауда -  саттық. Сауданың  арқасында  қазірде  ауыл  шаруашылығына  кіргелі  отырған өзгерістерді  көрсетіп  өтейік. Қашанда   болса  сауда – саттықты  мал  шаруашылығы  туғызады. Бұрын қазақ шаруашылығы  сауда-  саттықты  білмейтін қазақ  халқы  өзінің  қойының жүнін, сиырының сүтін сатып  пайда көрген емес.

Ал, қазір дүниенің көбі  есепке түсті. Артығын сатып  ақша  қылады. Ақшаға жаңадан мал алады. Шаруасын молайтады. Қазақтың кедейі де бұрынғыдан өзгеруі өз бетімен еңбек  етуге  кірісті. Шаруашылыққа  еңбек  кірген  соң кедейдің еңбегі  іске  асты. Кедей  кәсіпке  айналды. Қазақстан бірте-бірте жұмыскерлер тобы  шығып  келеді. Қазақстанның алдында  негізінен елсіз немесе халық аз  мекендейтін жерлерде  орналасқан пайдалы  қазбалардың келешегі  бар көптеген кеніштерін шаруашылық айналымға  тарту  міндеті  тұр. Осындай  жағдайларда  жаңа  адамдарды  кешенді  түрде  игеру , тұрғын  үйлерді  салу , өндірістік обьектілердің құрылысы сияқты  деңгейде  инфра  құрылымының  бүкіл  жүйесін құруға баса  көңіл бөлу  шаруашылықты  ұтымды  жүргізудің аса  маңызды  өлшеміне  айналуға  тиіс.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. А.Г Аганбегян Д.Д Москвин Қайда? Қалай? Неге олай? Алматы1986 ж
  2. Тасмағамбетов.И.Н Экономика 1-10 том Алматы 2005 ж
  3. «Маңғыстыу» энциклопедиясы
  4. «Маңғыстау» «Жаңа  өмір»

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама