Жаңартылған білім мазмұны – ұстаз келбетінің жаңғыру айнасы
ХХІ ғасыр – ғылым мен техниканың заманауи нышандарын жаңа мазмұнда ілгерілтіп, адамзат болмысының үнемі ізденіс үстінде үздіксіз білім алып, жетілу қажеттілігін көрсетіп отыр. Міне, осы мақсатта мамыр айының 22-жұлдызы мен маусым айының 9-жұлдызы аралығында ауданымыздың «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пән мамандары өз біліктіліктерін заманауи оқу мен оқыту үдерісінде дамыта білім алды.
Пән мұғалімдері жаңартылған бағдарлама аясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» аксионарлік қоғамының филиалы Оңтүстік Қазақстан облысы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы – Қансейтова Жұмагүл Жұмабекқызынан дәріс алды. Аға оқытушымыздың тұлғасы – тыңдаушылардың өнеге айнасына айналғандай. Ізет пен шыдамдылық, сабырлылық пен өнегелік, имандылық пен мейірім жүзі тұнған келбеті: «Міне, жаңашыл ұстаз келбеті осындай болуы керек!» – дегендей. Жаңаша оқыту бағдарламасының жаңа сатысына көшу деңгейінде білім алушылардың әрбіріне Жұмагүл Жұмабекқызының берген жаңа мазмұнды әдіс-тәсілдері мен дәрістері әр пән мұғалімінің ертеңгі күнге деген үміті болғандай.
Жаңа технологияның бүгінгі күн талабындағы сұранысы неден туындап отырғандығын пән мұғалімеріне түсіндіруден бастап, елімізің болашағы-шәкірт болмысын тұлға етіп қалыпастыруа, оқыту мен оқудың жаңа стандартты үдерістерін жаңа бағыттағы бағдарламада дамыта оқыту мақсатында туындап отырған қажеттіліктер негізін: жан-жақты іс-тәжірибе өнімінде және теорияның нақтылы берілуі бағытында берілген тапсырманы шәкірттерге жүйелі жоспар құра жүргізу міндетін айқындауда екендігін атап өтті.
Ұстаздар үшапталық білім жетілдіру барысында 12 жылдық білім баспалдағына көшу сатысында жаңартылған бағдарлама әдіс-тәсілдерін, сондай-ақ: ұзақ мерзімді жоспар, орта мерзімді жоспар мен қысқа мерзімді жоспарды оқу бағдарламасының мақсатына сай оқу мен оқыту стратегияларына сай ықшамдап, оқушылардың белсенділігі мен оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым және тілдік дағдыларын дамытуда, кері байланыс жасау барысында оқушының өз білім деңгейінің иерархиясының тұлғалық қалыптасуына бағыт-бағдар мен жаңаша құрылымда өсу сатысында оқыту қажеттілігін нақтылады.
Оқу бағдарламасының мазмұнының мақсаты-қолданыстағы дәстүрлі білім беру жүйесін әлемдік деңгей сатысына көтеру болып отыр. Назарбаев Зиякерлік мектептері халықаралық озық тәжірибені оқыту және оқу үдерісіне енгізу мақсатында білім бағдарламасын өзгертті. Бағдарлама Мемлекеттік тіл - қазақ тілінің оқытылуымен қатар орыс, ағылшын тілдерінде жекелеген пәндік оқытылулардың үштілділік білім негізіндеқолданысқа енгізілетіндігі де атап өтілген.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы Жолдауында: «Мәңгілік Ел» – бұл барлық қазақстандықтарды біріктіретін жалпыұлттық құндылықтар және елімізің болашағының іргетасын құрайды», – деп атап көрсеткендей, «Мәңгілік Ел» – жалпыұлттық идеясының маңыздылығы, сол – Елбасымыз атап өткен «Бір мақсат, бір мүдде, бір келешек» тұтастығында екендігін осы жаңартылған бағдарлама аясында түсіне алдық.
Біздің еліміз бүгінгі таңда зайырлы, әлем алдында кең қанат жая: экономикалы, индустриялы, білім мен техниканың өркендеуінде инновацияларға бет алған жас мемлекет екендігін көрсетті. Мұның дәлелі, маусым айының 10-жұлдызы мен қыркүйек айының 10-жұлдызы аралығында еліміздің бас қаласы – Астанада өтілген ЭКСПО халықаралық көрмесінің ТМД және Орта Азия мемлекеттері арасында тұңғыш біздің Қазақстанға аяқ тіреуінде. Осы үш ай көптің көкейіне қазақстандық әрбір болашақтың көптілді саясатты қолдауға қадам басатындығын айқындап көрсетті десек болады. Өйткені, өркениет өрісі биіктерден қол бұлғап шақыруда. Ол үшін - біздің бүгінгі жастарымыз,ертеңгі ел тіректері бірнеше тілді меңгере, ғылым мен техникада даму көшіне ілесе, топ жару қажет. Ал мұның өзі, біздің еліміздің ендігі сәтте әлем алдында үнемі үздік технологиялар мен үздік экономикалық табыстар нәтижесінде көрінуді талап етеді. Осы орайда, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық иделарының құндылықтарын білім беру мазмұны арқылы жүзеге асыруда оқу пәнінің оқытылу мақсаттары мен оқу жоспарлары әлемдік білім беру стандарттарына сәйкес жаңартылған бағдарламада жоспарланып, қазақстандық пән мұғалімдеріне оқытылуда. Соның ішінде, Ұлылар мекенінен Отырарлық ұстаздар да көшқатарында өзіндік білім беру техникаларын теория мен тәжірибеде ұштастыра жетілдіруде.
Жаңартылған бағдарламаның негізгі идеяларының бірі «Мәңгілік Ел» аясы – ұлтжанды, мәдени-танымды қалыптасқан әрбір азамат, мемлекетіміздің ертеңгі жарқын болашағы болып табылып қоймай, бүгінгі заманауи оқыту технологиясы арқылы кешегі зиялы қазақ ұлысының тарихи құндылықтарын меңгере, ертеңгі болашағының зияткерлікке бастау алар тұлға көшбасшысы ретінде бағытқа ала ұстанар рухани азығы болуы тиіс дүниетанымы екендігін де білгеніміз абзал.
Иә, осы жаңартылған бағдарлама барысында – ХХІ ғасыр – үштілділік саясаттың қажеттілігімен қатар, «қазақстандықпын» деген әрбір азаматтың патриоттық рухта тәрбиеленуіне және білім беру мазмұнында ортақ идеологиялық құндылықтарды бойларына сіңіруіне Мемлекеттік тіліміз - Қазақ тілінің рөлі зор екендігін біле алдық. Әрбір қазақ азаматы ұлттық тіліміздің бүгінгі халі Еуразия кіндігінде жарқын болашақтың келбетіндей жайқалған Елордамыз Астанадай екендігін көз алдарына түсіне білсе, ана тіліміздің ертеңгі таңы арайлы да шуақты екендігіне көз жеткізе алар еді. Ұлы дала тілі – Қыпшақ тілі Ұлы Жібек жолымен еуропа мен азиялық мәдениетке өз кезеңінде қандай рөл ала алғандығын бір сәтке елестетер болсақ, оның ішінде медицина атасы – Ибн Сина, екінші ғұлама – Әбу Нәсір әл Фараби мен Мысыр билеушісі атанған мәмлүк Бейбарыс пен тағы да басқа тұлғаларды жеке дара дәлел ретінде атап өтпегенде, ертеңгі ұрпақтың ұлттық тілі – Ана тіліміздің болашағы да көптілділіктің кіндігіне айналарына сеніміміз мол.
Оңтүстік Қазақстан облысы
Отырар ауданы, Шілік ауылы
М.Шаханов атындағы жалпы орта мектеп
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі
Озықбай Қалбибі Жүсіпжанқызы