Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 10 сағат бұрын)
Жаратылыстану пәндерінің көшбасшысы
«Жаратылыстану пәндерінің көшбасшысы» зияткерлік сайысы, ІІІ – кезең.
Мақсаты: зерделі, зияткер оқушыны анықтау, оқушылардың жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылықтарын арттыру, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, өз беттерінше ізденуге, жауапкершілікке, ұлтжанды болуға, зиянды нәрселерден аулақ болуға және де қоршаған ортаға жанашыр тұлғаны тәрбиелеу.

Сайыс барысы:
1. Ашылуы. Ән орындалады.
- Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Жаратылыстану пәндерінің көшбасшысы» сайысының ІІІ - кезеңін тамашалауға қош келдіңіздер! Осыған дейінгі өткізілген көшбасшылар сайысында өздерінің білім – біліктілерін көрсетіп, жеңімпаз атанған оқушылар сайыстың ІІІ – кезеңінде өздерінің бақтарын сынамақшы. Сайысқа қатысушыларға сәттілік тілеймін. Олай болса ортаға сайыскерлерімізді шақырайын.(Сайыскерлер орындарына жайғасады)

2. Әділ – қазы алқасы таныстырылады.
3. Сайыс бөлімдері: І – бөлім.
1. Таныстыру. (әр жұп өздерін таныстырады; эмблемасы, ұраны.)
2. Іздеген жетер мұратқа. (белгілі бір тақырыпта слайд – презентация қорғау)
3. Химия пәнінің басқа пәндермен байланысы (постер қорғау)
4. Қызықты тәжірибелер (тәжірибелер топтамасы)

ІІ – бөлім.
1. Қаншалықты білемін? (тест сұрақтарына жауап беру)
2. Ұқсас сурет, сәйкес сөз (суреттер бойынша сөзді табу)
3. Мені толғандырған мәселе (ой толғау жазу)
4. Қорытынды.

І бөлім: 1. Таныстыру.
Әділ – қазылар бағаларын береді.
2. Іздеген жетер мұратқа.
«Іздеген сирек болса да табады, іздемеген еш уақытта таппайды.» Бальзак.
Әділ – қазылар бағаларын береді.
3. Химия пәнінің басқа пәндермен байланысы.
Химия – физика
Химия – математика
Химия – биология
Химия – география
Химия – қазақ тілі, әдебиеті
Химия – тарих
Химия - экология
Әділ – қазылар бағаларын береді.
4. Қызықты тәжірибелер.
«Тәжірибе - табиғи құбылыстар мен танымдық қабілеттер арасын байланыстырушы.» Д. И. Менделеев
Әділ – қазылар бағаларын береді.

ІІ бөлім: 1. Қаншалықты білемін? (Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан)
Тест сұрақтары:
1 – оқушы, 3 – оқушы.
1. Химия нені зерттейді?
*А) затты
ә) денені
б) құбылысты
в) әлемді
2. Жер қыртысында көп тараған металдар:
А) мыс, темір
* ә) алюминий, темір
б) оттек, қалайы
в) алтын, күміс
3. Өзен құмының құрамына кіретін элемент:
А) алюминий
ә) кальций
б) натрий
*в) кремний
4. Металдар патшасы:
А) қалайы
ә) сынап
*б) алтын
в) қорғасын
5. Су астында шапалақ соғу неге қиын:
*А) су тығыздығы ауадан жоғары.
Ә) су мен ауа тығыздықтары тең
б) балықтар кедергі болады
в) адамға байланысты
6. Ең жеңіл және ең ауыр металл?
*А) жеңіл – литий, ауыр – осмий
ә) жеңіл – осмий, ауыр – литий
б) жеңіл – алтын, ауыр – күміс
в) жеңіл – күміс, ауыр – алтын
7. «Бітпейтін мүмкіншілік заты». ХХ ғасыр ортасында кейбір елдерде құндылық бірлігі рөлін атқарып ақша орнына жүрді:
А) су
ә) бидай
* б) ас тұзы
в) мата
8. Бірінші дүниежүзілік соғыста химиялық қару ретінде пайдаланылған газ:
А) азот
* ә) хлор
б) фтор
в) гелий
9. Биологиялық катализаторлар:
А) гербицидтер
ә) нәруыздар
б) ақуыздар
* в) ферменттер
10. Бактерияларды жоятын қасиеті бар металл:
*А) күміс
ә) алтын
б) уран
в) платина

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама