Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 12 сағат бұрын)
Өнерлінің қолы - алтын, өлеңшінің сөзі - алтын
Тақырыбы: «Өнерлінің қолы - алтын, өлеңшінің сөзі - алтын»
Мақсаты: Ата - анамен балабақша арасындағы қарым - қатынасты нығайту. Шығармашылық қиялын дамыта отырып, іскерлікке, шеберлікке баулу.
Көрнекілігі: өнер туралы нақыл сөздер, шармен безендіру, интерактивті тақта.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті апайлар бүгінгі «Өнерлінің қолы - алтын, өлеңшінің сөзі - алтын» атты ата - аналар сайысына қош келдіңіздер! Сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Қазылар орнықтырар әділдікті.
Кімдердің жауаптары кәміл шықты,
Өнер мен шеберліктің сайысында.
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты,- деп бүгінгі доданы саралайтын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.

Жүргізуші: Ендігі кезекте сайыскерлерімізбен таныс болайық.
1. «Шеберлер» тобы
2. « Әшекейлер» тобы

Жүргізуші: Сонымен біздің бағдарламызда:
1.«Сәлем сөздің - анасы» (топты таныстыру)
2.«Ою ойғанның ойы ұшқыр» (қағаздан ою ойып, атын айту)
3.«Өнерлі өрге жүзер» (өз өнерлерін көрсету)
4.«Ойлы болсаң, озып көр» (мақал – мәтелдерді толықтыру)
5.«Бұл қандай ән» (музыканың атын және жалғасын табу)
6.«Ас - адамның арқауы» (аналар салат жасап, қорғайды)
7.«Қол өнері - ой өнері» (өздерінің қолдарымен жасалған бұйымдарды көрсету)

Жүргізуші: «Болар елдің баласын сәнімен емес, сәлемінен танисың»- демекші, алғашқы сайысымыз «Сәлем сөздің - анасы».
Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,
Бір басына өнер білім жетер деймін.
Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе деймін.
Жүргізуші: Қазылар алқасы ұпай санын білдірсеңіздер.

Жүргізуші: Ендігі «Ою ойғанның - ойы ұшқыр» сайысы.
Ою - өрнекке қарасаң,
Өңкей мүйіз тігілген.
Қайсысын қаласаң,
Қиып ал сызған ізімнен.
Қию оңай демеңдер,
Оған да өнер ой керек.
Бос мақтанып жүрмеңдер,
Қиюға пысық қол керек.

Жүргізуші: Қазылар алқасы ұпай санын білдірсеңіздер.
Жүргізуші: Біздің халық өнерпазға бай халық,
Әнші деп те биші деп те айталық.
Талаптарын таудай екен бүгінгі,
Өнерлеріңді көрсетсеңдер қайтеді - дей отырып біздің сайыскерлерімізді өз өнерлерімен ортаға шақырамыз.
Жүргізуші: Әділқазылар алқасынан сайыскерлердің өз өнерлеріне қойған бағасын тыңдайық.

Жүргізуші: Келесі кезекте «Ойлы болсаң, озып көр» мақал - мәтелдерді толықтыру сайысына береміз.
1. Жігітке жетпіс өнерде аз.
2. Өнерді үйрен де, де жирен.
3. Ерінбеген етікші болады.
4. Шебердің саусағы - алтын.
5. Өнерлі өрге жүзер.
6. Өз үйінде ою оймаған,
Кісі үйінде сызу сызбас.
7. Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
8. Адамды адам еткен - еңбек.
9. Қол өнері кілемде,
Сөз өнері өлеңде.
10. Әр нәрсеге асық болғанша,
Бір нәрсеге машық бол.
Жүргізуші: Ендігі кезекте «Бұл қандай ән» атты музыкалық әуенді сайыс.
Айналайын, қарағым,
Бәрекелді, жарадың.
Енді бізге еліңнің,
Айтып берші бір әнін.
Жүргізуші: Әділқазылар әділ бағасын берсеңіздер.

Жүргізуші: Келесі «Ас - адамның арқауы» сайысымызда аналар салат жасап, аттарын айтады.
Жүргізуші: Әділқазылар ұпай санын білдірсеңіздер.
Жүргізуші: Қорытынды сайыс «Қол өнері - ой өнері» бұл сайыста дайын қол өнер көрсетіледі.
Жүргізуші: Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Уақыт біраз жерге таяп қалды.
Көріскенше хош сау болып тұрыңыздар,
Сайысымыз осымен аяқталды.
Жүргізуші: Ал, қазір қатысушы топтардың жалпы ұпай санын есептеп, жарыста жеңген жеңімпаз топты марапаттау үшін әділ қазыларға сөз берейік.

Жүргізуші: Әділ қазы шешеді,
Істің ақ пен қарасаң.
Бүгінгі міне сайыстың,
Әділ берер бағасын.
Жеңімпаз топқа марапаттау рәсімі жасалады.
Жүргізуші: Сайыс осымен өз мәресіне жетті, келіп қатысып тамашалағандарыңызға рахмет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама