Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 8 сағат бұрын)
Жайнайды Астана! (оқушы шығармашылығынан)
Жайнайды Астана!
Жайна, жайна, Астана,
Бәйтерегің тұрсын жайнап!
Астана болдың бас қала,
Әсем үйлер самсап, көп
Көшелерің көсілген,
Сарыарқаның төсінде
Алдың жерді жас қала
Ағады ерке «Есілің»,
Болашаққа бастады,
Аяқ басып Астана!

Ыстық қой, шіркін, Туған жер!
Туған жерім түп қазығым, байлығым,
Сарқылмайтын айдын көлім, айбыным,
Сүйкімді маған құмың да,
Сүйкімді жұмыр тастарың.
Мына сенің асыл далаң,
Туған жер! Кете ме естен?
Кетсем егер алысқа,
Сағынамын мен деген
Ыстық қой, ыстық қой,
Жылу шашып тұрасың, сен әркімге
Туған жер! Әрқашанда!
Туған жер - ау, бәрі де,
Таулы дені, жазық та,
Өзенді, көл, аймақты,
Мал, егіс, ғылым мекені,
Жетпейді туған жеріме!
Менің жерім, туған жерім
Жырлап әнге қосамын.
Мәңгілікке қымбаттысың,
Туған жер!
Арта берсін,
Қадірің мен құрметің.
Басымды иіп
Мәңгі саған өтемін.

Табиғат - ана
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз!
Өсіп оның баурайында
Үлкен қыздар боламыз!
Бау - бақшаға серуендеп,
Саябаққа барамыз!
Таза ауасын жұтып біз,
Тынығып бір қаламыз!
Жасыл шөбін жұлмаймыз,
Табиғатты аялап,
Құрметтеп, оны сақтаймыз.

Отан - анам
Отан, отан, отаным деп ән салам,
Отаным бай, байтақ деп жар салам.
Отан, отан өрлей берші биікке,
Көркейсін, көріктенсің бар далаң!
Отаным - құлазымас асқар шың,
Отан жайнар құшағында бар ұлттың.
«Отан» сөзі мәңгілікке жаңғырар,
Отанменен барша ұлттар танылар.
Отан - менің алтын ұям, ақ ордам,
Нәр аламын, нұр аламын Отаннан.
Отаныма мәңгі қызмет етемін,
Отаным деп мәңгі шырқап өтемін.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама