Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 сағат бұрын)
«Жас Мұхтар» әңгімесі
Сабақтың тақырыбы Ахмет Әуезовтің «Жас Мұхтар» әңгімесі
Мақсаты: Білімділік: Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру, Әңгіменің негізгі идеясын ашқыза отырып, өз ойларын жинақтатып, қорытынды жасату.
Дамытушылық: Көркем шығарманы талдай білуге төселдіру, оқушылардың өз ойларын еркін жеткізу қабілеттерін дамыту. Ынтасын, шығармашылық ізденушілік белсенділігін дамыту.
Тәрбиелік: Жазушы өмірін үлгі ету. Кейіпкер бейнесі арқылы өмірді таныту, адамгершілік
қасиеттерін бойларына сіңіре отырып, имандылыққа, ата – ана қадірін түсінуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: дамыта оқыту сабағы
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Әдісі: тусіндірмелі – көрнекілік, баяндау, ішінара іздендіру, топтастыру, кубизм стратегиясы.
Көрнекілігі: ақын портреті, шығармалары
Тех. құрал - жабдық: интербелсенді тақта
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
III. Өткен оқу материалын қорыту
IV. Жаңа сабақты түсіндіру
V. Жаңа сабақты бекіту
VI. Жаңа сабақты қорыту
VIІ. Үйге тапсырма беру
VIІІ. Оқушылардың білімін бағалау
I. Ұйымдастыру кезеңінде оқушылар түгенделіп, назары сабаққа аударылады.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Мұхтар Әуезовтің «Жетім»әңгімесінен түсінік.
2. Мәтінге сүйеніп Қасымға сипаттама жазу.

ІІІ. Үй тапсырмасын қорыту.
1. Әңгіме неліктен «Жетім» деп аталған?
2. Иса кім? Қасым кім?
3. Иса Қасымға қиянат жасады ма, жоқ па?
4. Табиғат балаға қалай көрінді?
ІV. Жаңа сабақ.
1. Мұхтар ес білгелі Абайдан үлкен тәрбие алды, үлгі – өнеге алды. Атам ескіше оқып, хат танып, әріпті жаза бастаған соң, Мұхтарға, бәрімізге Абай өлеңін, қара сөзін үйрете бастады - деп жазды Ахмет Әуезов.
Бұл әңгіме Ахмет Әуезовтың «Бала Мұхтар» естелік кітабынан үзінді. Мұхтардың балалық шағы туралы. Бұл әңгімені жазған Мұхтардың інісі Ахмет Әуезов.
2. Ахмет Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша түсінік беру.
3. М. Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша түсінік беру. Абайды әлемге танытқан Мұхтар. Ал өзін әлемге танытқан Абай жолы эпопеясы болды. Абай жолының сөздік қоры, мәні өте зор. Бұл кітапта 1000 - ға қатысады. Осы жуық кейіпкерлер рөлге кейіпкерлерді диалогке
түсіріп жазу кез - келген жазушының қолынан келмейді, әрине.
4. Мәнерлеп дауыстап оқу
5. Мәнерлеп тізбектей оқу
Кубизм стратегиясы
Суреттеңіз.
1. Бала Мұхтар неге «Қоңыр қозы» атанған?

Зерттеңіз.
1. Мұхтарды кішкене кезінде кім деп атаған?
2. М. Әуезов бала кезінен бастап нені оқып үйренді?
3. Атасының аты кім?
4. Атасы қандай жырлар мен ертегілерді айтып берді?

Салыстырыңыз.
1. Тақырып кім туралы?
2. Мазмұн кім әңгімелейді?
3. Кейіпкерлер кімдер?
Қолданыңыз
1. Естілген нәрсені ұмытпас үшін әрбір оқушы қандай болу керек?
2. Мазмұнын әңгімелеу.
3. Мұхтар Әуезовтің шығармаларын ата?
V. Жаңа сабақты бекіту
«Кейіпкер моделі» кестесіне ауызша жауап беру арқылы кейіпкерлерге
мінездеме беру.
Кейіпкер моделі
Кейіпкер Мінездеме Оқушы сезімі
Атасы
Ахмет
Мұхтар

Әңгімеге сатылай кешенді талдау.
1. Авторы: ___________
2. Тақырыбы: __________
4. Жанры: ___________
5. Идеясы: ____________
6. Кейіпкерлер:______________
7. Оқиға қалай басталды: ______________
8. Оқиға немен аяқталды:________________
VI. Дәптермен жұмыс

1 - топ. Мұхтарға үйреткен Абайдың қара сөзін тауып жазу.
2 - топ. Мұхтар тыңдаған жырлардың атын тауып жазу.
3 - топ. Оқу - білім туралы мақал - мәтел жазу.
VII. Жаңа сабақты қорыту.
1. Әңгіме неліктен «Жас Мұхтар» деп аталған?
2. М. Әуезовтің қандай әңгімелерін білесін?
3. Абайдың өлеңдерін жатқа айт.
VII. Үйге тапсырма беру
Жазушының өмірі туралы хабарлама жазып келу. Әңгімені оқып, түсінік айту.
Абайдың қарасөздерін жаттау.
VIII. Оқушылардың білімін бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама