Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Жат қылықтан аулақ бол, жас дос!
"Жат қылықтан аулақ бол, жас дос!" психологиялық көмек

Есірткілер - нашақорлыққа душар ететін табиғи немесе синтетикалық заттар.
Есірткі — адамның орталық жүйке жүйесіне әсер етіп, нашақорлыққа шалдықтыратын табиғи және жасанды заттар. Есірткі заттарын тек қана медициналық қажеттілік бойынша (мысалы, операциялық наркоз үшін, қатерлі ісік ауруларында, т. б.) және қатаң дәрігерлік бақылаумен белгіленген мөлшерде ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ол мөлшерден асып кеткен жағдайда адам өміріне қауіп туады. Егер адам есірткіні жиі қолданса, оның организмі соған үйреніп кетеді. Сөйтіп, ол адам есірткісіз өмір сүре алмайтындай жағдайға нашақорлыққа душар болады. Есірткіге құмарлық - ұзақ емдеуді қажет ететін ауру. Есірткіге құмарлықтан арылу үшін адам неғұрлым дәрігерге ертерек қаралса, соғұрлым тез жазылады. Кез келген есірткі адамның денсаулығын, психикасын бұзады, адамды қуатсыз, әлсіз, жігерсіз етеді. Есірткі қолданатын адамдарда ең қауіпті аурулар — СПИД, сифилис жөне гепатит жұқтыру мүмкіндігі күрт жоғарылайды. Нашақорлардың көбісі осы үш аурумен ауырады. Гепатит, оған қоса есірткі заттармен улану бауырдың дистрофиясына алып келеді де, адам мүгедек болып қалады. Есірткіден жүрек, ми, өкпе де зардап шегеді. Есірткімен заңсыз әрекет жасағандар (мысалы, медициналық қажеттен тыс қолдану, заңсыз дайындау, сатып алу не сату, сақтау, тасымалдау, т. б.) ҚР заңы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады

Темекі түтінінің адам ағзасына тигізетін әсері
Сіз темекі түтінін жұтқанда...
Сіз темекі түтінін жұтқанда, ол Сіздің ауызыңыз бен тамағыңыз арқылы өкпеңізге түседі. Түтіннің құрамында обырды тудыратын уытты заттектерді қоса алғанда, 4 мыңнан астам химикат бар. Мысалы, формальдегид, бензол, мышьяк және басқалары. Бұл заттектер ағзаға енгенде тіндермен өзара әрекетке түседі. Түтін өкпеге жеткенде шайыр түрінде тұнып қалады.

Никотин
Никотин – темекіде және басқа өсімдіктердің құрамында болатын (2% - ға дейін) алкалоид. Темекі шеккен кезде ағзаға сіңіп кетеді. Бұл – аз мөлшерде жүйке жүйесіне қоздыру әсерін беретін, көп мөлшерде оның салдануына (тыныс алудың тоқтап қалуы, жүректің тоқтап қалуы) соқтыратын күшті - у.

Темекі шегудің өкпеге әсері
Темекі түтінін тікелей өкпемен байланысқа түседі, сонысымен обыр, пневмония, эмфизема, созылмалы бронхит және басқа өкпе ауруларына шалдығу қауіпін арттырады. Бақытқа орай, көптеген өзгерістерді қалпына келтіруге болады.

Есіңізде болсын!
Темекі шегу тек сізге ғана зиянды әсерін беріп қана қоймайды. Темекі түтіні сіздің айналаңыздағы адамдардың өкпесіне еніп, жоғарыда аталған асқынулардың барлығына сіздің туыстарыңыз бен жақындарыңыз тап болады.

Ішімдіктің ағзаға тигізетін әсері
• Ішімдікке салыну әр түрлі мүшелер мен жүйелердегі аурулардың даму қауіпін туындатады:
• Ми: есте сақтау қабілетінің төмендеуі, алкогольдік жарыместік, психикалық бұзылулар.
• Жүрек - тамыр жүйесі: артериалдық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы, жүрек ырғағаның бұзылуы.
• Асқорыту мүшелері: гастрит, асқазан және ұлтабардың ойықжарасы, панкреатит, обыр.
• Бауыр: гепатоз, алкогольдік гепатит, бауыр циррозы.
• Орталық жүйке жүйесі: жүйке жасушаларының бұзылуы, ми инсульті.
• Репродукциялық денсаулық: жатыр ішіндегі нәрестенің алкогольдік улануы, жатыр ішіндегі нәрестенің алкогольдік синдромы, перинаталды кезеңдегі аурулар, денесі мен ақыл - естің дамымай қалуы.
• Ішімдіктер мезгілсіз өлімнің себебі болуы мүмкін: жарақаттар мен уланулар, адам өлтіру, өрт, суға кету, автокөлік оқиғалары және т. б

Егерде сен қиын жағдайға тап болсаң!
Құрметті оқушы!
Өмір жолы - қиын жол. «Алынбайтын қамал жоқ» демекші адамның сол қиындықтарды жеңуге өз тарапынан құлшынысы, ұмтылысы болса, бәрін де жеңіп, алдына қойған арман – мақсаттарына жетуге ерік - күші толық жетеді. Бұл қиындықтар - күнделікті өзіңді қоршаған адамдармен (ата - ана, достарың, мұғалімдер, өзге де ересек адамдар) қарым – қатынаста кездесетін келіспеушілік, дау - жанжал, т. б. жағдай болуы мүмкін. Сондықтан төменде берілген кеңестерге назар аударған жөн!
- әрбір баланың ең бірінші ақылшысы – ата-анасы. Сол себепті мектепте болатын түрлі жағдаяттарда өз-өзіңді қалай ұстау жөнінде ата-анаңмен ақылдас;
- мұғалімнің берген ескертулерін, жазалау шараларын түсіністікпен қабылдап, өз кемшіліктеріңді жоюға тырыс; - мектепте оқушылармен, мұғалімдермен сыйластық қарым – қатынаста болуға тырыс;
- себепсіз пәле - жаладан өз – өзіңді қорғау үшін әр уақытта да шыншыл бол, өз ойыңды еркін айта біл, өз құқығыңды қорғай біл;
- мектепте жүрген кезіңде шешімі қиын мәселелерде саған ақылшы болатын, көмек қолын созатын мұғалімдер, сынып жетекші, мектеп психологы бар екенін есіңде ұста; - «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей өзінің кездескен қиындықтарыңды шамаң келгенше өзің қажет деп тапқан адамдарыңмен (ата - ана, мұғалім, мектеп психологы) бөлісіп, олардан ақыл – кеңес, көмек сұрауға тырыс.

Атырау облысы, Махамбет ауданы, Сарайшық ауылы,
Қ. Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебінің педагог психологы
Тауова Нұрсұлу Раулқызы

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама