Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ата салты - асыл қазына
Астана қаласы, №68 орта мектептің
өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі,
Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері
Есенбаева Роза Түзелбайқызы

Өзін - өзі тану пән апталығында 11 сынып оқушыларымен өткізілген тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: Ата салты - асыл қазына
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: Құрмет көрсету, сүйіспеншілік, адамгершілік;

Сабақтың мақсаты:
1. Ұлттық салт - дәстүрдің, ата салтының ұрпаққа мұра ретіндегі маңызын түсіндіру.
2. Оқушыларды ата салтына адал болуға, қастерлеуге, сақтауға, жасампаздықпен дамытуға үйрету.
3. Ұлтжандылыққа, ата салтына беріктікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың міндеті:
1.«Ата салтының» ұлттық құндылық ретіндегі мәнін ашу;
2. Ата салтын жіті біліп, оны құрметтеудің перзенттік борышы екенін түсіндіру;

Сабақтың жоспары:
І. Кіріспе Салт - дәстүр - халқымыздың бай қазынасы.
ІІ. Негізгі бөлім
*Ұлттық тәрбие өнегесі.
*Халқын сүйген – халқының салтын сүйеді.
*Дәстүр жалғастығы – ұлт болашағы.
ІІІ. Қорытынды бөлім
Ұлт тағдыры – ұрпақ қолында.

Сабақтың барысы:
1 - ші жүргізуші: Қазақ халқы салт - дәстүрге өте бай ел. Бұл оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің белгісі. Біздің халқымыз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт - дәстүрмен, өнегені әдеп – ғұрыппен, үлгіні жөн - жосықпен, әдепті ырым - тыйыммен тәрбиелеп, аса сенімді, әрі ғажайып жол екенін көрсетті.
2 - ші жүргізуші: Отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық, қайырымдылық, жоғары адамгершілік қасиеттер осы жол арқылы дарыған.
1 - ші жүргізуші: Қазақ дәстүрі - ата - ананы, үлкенді сыйлауға баулиды. Үлкенге сәлем беру, жол беру, қонақты қарсы алу, жолдас - жораға қайырымды болу сияқты дәстүрлер өмір бойы ескірмейді.
2 - ші жүргізуші: Халықтық жақсы дәстүрлерді ешбір ұлы адам аттаған емес, әрбір жас дәстүрді қорғаушы, орындаушы әрі дамытушы болуы керек.
Көрініс көрсету «Бақытты жастар ауылы»
Ауыл ақсақалы: Уа, балалар, мына ауыл қандай керемет еді! Паһ, шіркін берекесі мен бірлігі қатар қонған бақытты ел екен.
Ауыл анасы: Иә, дұрыс айтасыз, ақсақал! Бұл ауылдың жастары әдепті, білімді, ата - аналарын сыйлап, ұлттық тәрбиеге құрметпен қарайтын жастар екен.
Ауыл ақсақалы: «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді», - дегендей бірлікті жаны сүйген, тату – тәтті, білім нәрімен сусындаған жастар екен ғой.
1 - ші жүргізуші: Келіңіздер, көріңіздер! Біздің ауылдың қыздары әдепті әрі сыпайы, шеттерінен өнерлі. Ал, жігіттерге келсек «сегіз қырлы, бір сырлы», сабырлы әрі ұлтжанды, білімді жастар.
2 - ші жүргізуші: Құрметті қонақтар! Біздің шағын ғана «Бақытты жастар ауылы» атануымыз, ең бірінші – тәлім – тәрбие берген ұстаздарымыз бен өздеріңіз сияқты жақсылыққа бағыт сілтеген ата - анамыздың еңбектерінің жемісі деп ойлаймыз. Біз ана тілімізді сүйеміз, салт - дәстүріміз бен тарихымызды құрметтейміз.

1 - ші жүргізуші: Біз бойымызға ұлттық ізгі қасиеттерді дарыта отырып, жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгеруге ұмтылған, білім нәрімен сусындаған, алдымызға мақсат қою арқылы биік белестерден көрінетін ХХІ ғасырдағы Қазақстан Республикасының азаматтары боламыз.
2 - ші жүргізуші: Ал, құрметті қонақтар, ауылымызға қош келдіңіздер!
(Ауыл жастары қонақтармен амандасу рәсімін көрсетеді)
Ақсақал, «Батамен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер» демекші жастарға бата беріңіз.
(Ақсақал жастарға бата береді)
Ауыл анасы: Осы ауылда бүгін той болады деген қуанышты хабарды естіп, шашуымды ала келдім.
1 - ші жүргізуші: Бүгін біздің ауылда үлкен той. Жас сәбидің тұсауын кесу тойы. Тұсау кесу – қасиетті салт – дәстүрдің бірі, сәбидің өмірге алғашқы аяқ басу тойы.
2 - ші жүргізуші: Бұл әдемі дәстүрді ауылымыздың қадірлі, көпті көрген, ұлағатты адамдары сәбидің болашағына ақ жол тілеп, тұсауын кессін.
Шашу шашылып, жұрт көңілденеді.
1 - ші жүргізуші: Ал, құрметті халайық! Қазақ халқының барлық тойы, салт - дәстүрі ән мен жырсыз өтпеген. Ауылдың алты ауызын, сіздерден сұрайық. Қане, кімнің тойға әнмен шашу шашпақ ойы бар?
Әсем мен Қымбаттың орындауында “Қазақтың салт - дәcтүрлері” әні
2 - ші жүргізуші: Келесі кезекті «Бақытты ауылдың» жастарына берейік, ой - пікірін тыңдайық.
1 - оқушы: Мен ұлтымның салт - дәстүрін құрметтеймін, себебі ол - мен үшін үлкен тәрбие бесігі.
2 - оқушы: Салт - дәстүр - қазақ халқының күделікті өмірімен байланысты, оны бөліп алу мүмкін емес деп ойлаймын.
3 - оқушы: «Анасын көріп, қызын ал, аяғын көріп асын іш...» демекші, ана тәрбиесі мен үшін басты бағыт - бағдар.
4 - оқушы: «Әке көрген оқ жонар...» дегендей, әке тәрбиесінің ерекше мәні бар, жауапты іс.
5 - оқушы: Жүрегі иманды, адамгершілігі жоғары, білімді қазақ қызын - ең сұлу қыз деп бағалаймын.
6 - оқушы: Үлкенді - құрметтеу, кішіге - ізет көрсету - біздің адамгершілік міндетіміз.
1 - ші жүргізуші: Біз жаһандану заманында білім нәрімен сусындаған, ұлттық тәрбиені бойына сіңірген, өз отанын сүйетін, еліне қызмет ететін, болашақта үлкен мақсаттарға жететін жастар болып қалыптастық.
2 - ші жүргізуші: Құрметті ұстаздарымыз! Бізге берген шексіз тәрбиелеріңіз бен білім нәрімен сусындатқан еңбектеріңізге алғыс айтамыз.

Өнеріміз, өздеріңізге арналады, құрметті ата - аналар мен ұстаздарымыз!
*Әдемі ән мен күмбірлеген күйге кезек береміз.
*«Қара жорға» биін билеу.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама