Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Желтоқсан жайлы не білеміз ағайын!

Желтоқсан оқиғасы көтеріліс пе? әлде толқу ма?
16-желтоқсан қарсаңында әлеуметтік желілерде тәуелсіздігімізді алып берген желтоқсаншылар деген пікір белең алып жүр. Тіпті сол оқиғаға қатысқандардың өздері осы пікірді алға тарта беретіні жасырын емес. Тікелей айтпаса да, жанама түрде. Тіпті баспасөз беттерінде де кездесіп қалып жүр. : Желтоқсан оқиғасын қалай түсініп жүрміз?Рас, «Желтоқсан оқиғасы» қазақ тарихында ауыр да қасіретті парақтың бірі болып жазылары белгілі. КСРО атанған қанқұйлы алып машинаның алдына қаймықпай қарсы шыққан батырларды қалай құрметтесек те, артық болмас.""""Күмисжан"""
     
Кішкене кезімнен бері естіп келе жатқан осынау «Желтоқсан оқиғасы» туралы қаншама шығарма, қаншама деректерді оқыдым .Сонда да дәл тақырыптағы сұраққа жауап таба алмадым. Сөз көбейтпей, неге күмән келтіретінімді қысқаша айтып кетейін.
     Айталық тәуелсіздікті кімнен алдық? Әлбетте, КСРО-дан. Ендеше нақты құжаттар мен тарихи деректер, шетел баспасөзіндегі шолуларға қарасақ, «қызыл империяның» құлауына «қырғи-қабақ соғыс», мұнай бағасының арзандауы, соның салдарынан рубльдің құнсыздануы, экономиканың әлсіреуі, қала берді КСРО генсекретары Горбочевтың ЦРУ-дың адамы деген пікір әлсіз болса да, баспасөздерде аз айтылып жүрген жоқ. Ал желтоқсан оқиғасының ықпалы туралы бірде-бір дерек естімеппін.
     Әрине, оқиға туралы деректердің бәрін оқып шықтым деу мүмкін емес. Бірақ баршаға қолжетімді құжаттарды оқып шыққанда, күмәнім қоюлана түсті. Негізі бұл пікір кейінгілерді 1991 жылғы 16-желтоқсанда қол қойылған «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңымен шатастырып алғаннан туындаса керек.
     Ал енді «Желтоқсан оқиғасына» оралайық. Сол кезге көз салсақ, ең маңызды бір сұрақ туындайды:

16-желтоқсанда жастар тәуелсіздік үшін күресті ме?

     Тағы да күмәндімін. Біріншіден, деректерге қарағанда жастар шеруі 17-желтоқсанда басталды. Әлбетте, оған түрткі 16-сы күні Г. В. Колбиннің Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы болып тағайындалғаны екені рас. Бірақ біз айтып жүрген оқиға ертесі басталып еді ғой.
: Желтоқсан оқиғасын қалай түсініп жүрміз?     Екіншіден, шеруге шыққан жастардың қолында "Әр халықтың өз ұлттық көсемі болу керек" деген ұранмен қатар, «Ленин идеясы жасасын!» плакаттар да болған. Бұл нені білдіреді?
     Демек, олардың ойларында КСРО-ны құлатайын, болмаса қазақ жеке шықсын деген «өзге пиғылды» ниет болмағаны көрініп тұр. Сонда олар қалай Тәуелсіздік алып бермек? Оның үстіне КСРО-ны сақтап қалу жөніндегі референдумда Қазақстан халқы «иә» деп жауап берген және одақтан ең соңғы болып шыққан мемлекет болды. Бұған әрине, басшылардың қатысы болар, бірақ сол кезде желтоқсаншылардың еңбегі қайда?
     Осындай жайттарға қарап, қорытынды жасасақ, «Желтоқсан оқиғасы» КСРО-ның тарауына негіз болған жоқ деген пікірге тірелеміз(Қазақстанның соңғы болып шыққанын ескеріп, КСРО-ның тарауы ұғымымен бір қарап отырмын).
Алайда, қазақ халқының өміріндегі маңызды кезең болғандықтан, оған нақты баға берілу керек. Алайда «әрі тарт, бері тартпен» әлі шешілмей келе жатқан мәселе бұл. Әлеуметтік желідегі жұртшылықтың да «Тәуелсіздік күні» қарсаңында жұлмалап жатқаны да осы сұрақ:""Асем""


     Мүмкін, 17-желтоқсан. Жарайды, қойшы ол маңызды емес. Маңыздысы қандай дүрбелең?
     Оқиға емес деушілер өте көп. Әй, сонда болған жағдайды оқиға демегенде, не Желтоқсан оқиғасы: қозғалыс па, көтеріліс пе, әлде толқу ма?
деп атаймыз? Оқиғаның үлкен-кішісі болады. Бірақ олай айту баға беру емес қой. Сондықтан тағы бөлшектеп көрейік.
     Жалпы саяси қозғалыстың анықтамасы – өкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштерді айтады екен. Осы жағынан аздап келеді. Бірақ қозғалыстың нақты сипатында белгілі бір мерзімді болмай ма? Бастаушысы, басқаруылуы, ұйымдастырылуы тағы бар дегендей… Ал деректер Желтоқсан оқиғасына Колбиннің тағайындалуы түрткі болғанын айтады. Басы да, аяғы да жоқ, өте қысқа мерзімді қозғалыс болуы мүмкін емес.
     Көтеріліс десек, бірден көз алдымызға қару ұстанған адамдар елестері сөзсіз. Басқа не болушы еді?! Аты айтып тұрғандай көтерілу, өре түрегелу. Қанша жерден стихиялы түрде болса да, көтерілістің де бастаушысы, ұйымдастырылу мерзімі болады. «Азаматтық көтеріліс» дегенді алға тартсаңыз да, ол аяқ асты пайда болмайды. «Бұрқ ету» деген тіркес әдеби шығармаларда болар. Әйтсе де аттан дегенде билікке қарсы атқа міне шапқан әрекетті қазақ тарихынан таба алмайсыз. Демек бұл нұсқа да «істен шықты».
Біріншіден, Желтоқсан оқиғасы 70 жыл бойы өз үстемдігін жүргізген Кеңестер Одағының құлауына себепші болды. Осы көтерілістен кейін Балтық жағалауы елде­рін­де, Грузия, Әзірбайжан, Ресей т.б рес­пуб­ликаларда саяси толқулар орын алды.

Екіншіден, ресми деректерге сүйенсек, Желтоқсан көтерілісіне қатысқан 9 мыңға жуық азаматымыз зорлық-зомбылықтың, қинау мен жазықсыз жазаланудың құр­ба­ны болды. Мысалы, сол қаһарлы күндері 2500-ге жуық адам тұтқындалыпты (ІІМ дерегі бойынша – 2336 адам, ҰҚК дерегі бойынша – 2212, Прокуратураның дерегі бойынша – 2401 адам). Күшпен ұсталған жә­не уақытша қамау изоляторларына қамал­ған 8,5 мың желтоқсаншы қақаған қыста жалаңаш қала сыртына шығарылып тасталған. Ал ресми деректерде жарақат алғандардың саны 763-тен 1137 адамға дейін деп көрсетілсе, Мұхтар Шаханов басқарған комиссия олардың саны 1,7 мың адам болғанын айтады. Осы бір сандардан-ақ бұл жай ғана оқиға немесе толқу еді деп баға беруге болмайтынын аңғарасыз.

Үшіншіден, Желтоқсан көтерілісін ұйым­дастырды деген айыппен 758 студент оқудан шығарылып, 1164-і жазаланған. 319 азамат жұмыстан босатылған, 100-ден астам адам сотталған. 700-ге жуық адам ішкі істер орындарының арнайы бақы­лауына алынған. Мысалы, Т.Бейіс­құловтың деректері 110 адам сотталғанын айта­ды. Ал Американың Хельсинки аза­маттық құқық қорғау тобының зерт­теу­ле­рі­не қарағанда 99 адам түрмеге то­ғы­ты­лып, 631 азамат арнайы есепке алынған. Бүкіләлемдік тарихта жай ғана толқу үшін осыншама адамның бас бостандығынан айырылуы – болмаған жағдай. """Роза"""


Желтоқсан оқиғасын қалай түсініп жүрміз?     Менің ойымша Желтоқсан оқиғасы толқуға көбірек келетін сияқты. Былайша айтқанда мемлекет ішіндегі билікке наразылық. Өйткені жоғарыда айтып өткендей, алаңға шыққан жастардың ойында егемендік алу, жоғары билікті құлату, болмаса коммунистерден азат болу болмағанын көріп отырмыз. Рас, Қазақ АКСР-ы басшылығына қазақ отырсын деген талап болды. Бірақ бұл ұлттық саясатты негізге алды деуге келе ме, тәуелсіздікті былай қойғанда? Жеке басты кемсітушілік салдарынан осындай жағдай болды деуге мәжбүр етеді тарихи деректер. Өйткені бұған ұлттық дейтіндей орыс пен қазақтың арасындағы шиеленіс емес, алаңға шыққан жастардың басым көпшілігі қазақ болғанмен, ішінде 26 орыс, 18 ұйғыр, 10 татар, 7 қырғыз, 4 өзбек, 4 кәріс және бірнеше (қарақалпақ, грузин, шешен, грек, украин, башқұрт) ұлтының өкілдері болғандығы дәлел бола алады (тапқан деректер бойынша бұл мәліметтер сол кездегі ішкі істер министрлігінен алынған).
Ал бұндай билікке қарсылық қазір әлемнің түкпір түкпірінде болып жатыр. Тіпті Еуропа елдерінде де. Бірақ бұны ешкім көтеріліс немесе қозғалыс деп атамайды. Толқу деп баға береді. Айталық Түркиядағы Гези саябағындағы талдарды кесуге қарсы наразылықтың соңы Ердоғанға кет деумен жалғасқан жоқ па? Онда да бірнеше адам өліп, мыңдаған адам жараланған еді.
Білем, сіздің көкейіңізде «жастар өзге ұлт өкілінің сайлануына қарсы шықты, Түркиядағыдай емес» деген пікір тұр. Бірақ ол да өтірік сөз. Өйткені Деректер Қонаевтың орнынан алынғанына емес, айдаладағы Колбиннің сайланғанына наразылық туғанын айтады. Әйтпесе оған дейін Қазақстанды кіл қазақ басқарып келмегені әмбеге аян. Аяқ астынан намысы оянып кетті дей алмаймын. «Колбин емес, елдегі өзге ұлт басқарса болмай ма» деген сарындағы пікірлерді көзім шалған-ды.
     Міне, қолым жеткен деректерді қарап отырып, мен түйген пікір осындай. Бұлардың барлығы әлеуметтік желілерде отырып, негізсіз пікір айтатындарға қарсы білдіретін ойым еді. Босқа даурығып, тарихты зерделеген ұрпақтың алдында өтірігіміз шығарғанша, нақты деректерге сүйенген артық болмас.
     Осындай негізсіз псевдопатриоттық әңгімелерді айтқанша,""Күнсәуле""

«Желтоқсан оқиғасындағы» батыр ұл-қыздардың тұлғалық келбетін, азаматтығын неге кейінгілерге дәріптемеске?!

     Расында да, мемлекет «желтоқсаншыларды» бағаламайды, көтермейді, әлеуметтік жеңілдіктер жасалмайды деп билікті жамандаумен боламыз. Бірақ қарапайым халықтың өзі олар туралы керемет білетініне сеніміңіз кәміл ме? Билік тұрмақ айқайлап жүргеендердің өздері Қайрат пен Ләззатты, Ербол мен Сәбираны тек қана 16 желтоқсанда еске алатынын көріп жүр емеспіз бе?
     Неге?
     Оның себебі біреу-ақ! Біз олардың себебін саясатқа тіреп қойғанбыз. Билік мойындау керек, орыс мойындау керек, геноцид, біз қырылдық деп соңы өш алу керекпен аяқталады. Сонда біздің ойлап жүргеніміз кек пе? Мүмкін саяси ұпай жинау болар?
     Құрып кетсінші, мен үшін олардың бірі де бір тиын. Тіпті өліп кеткен боздақтар үшін де кектің қажет екеніне күмәнім бар.
Блог - kokbori: Желтоқсан оқиғасын қалай түсініп жүрміз?     Сонда не істеу керек?
     Дәріптеу керек. Бірақ жаңағы жалған ұрандармен, популистік жарнамалар емес, Қайрат, Ерболдарды кезіндегі Павлик Морозов немесе Ғани Мұратбаев секілді неге жастардың кумиріне айналдырмасқа?! Оларды ҰОС соғыс ардагерлерімен теңестіруге тырысып, дау тудырғанша, ұлттың намысын таптатпай, қазақ екенін көрсетіп кеткен ер екенін дәріптесек қой шіркін! Мағынасы мүлде жуымайтын ҰОС ардагерлерімеен емес, Алаш қайраткерлері, «Жас тұлпар» ұйымымен, «Целиноград оқиғасымен» бір қатарда қарастырған жөн емес пе?! Жас ұрпаққа «Желтоқсан оқиғасының» саяси мәселесін алға тартқанша, жоғарыдай айтып өткендей, Қайрат Рысқұлбектің «Мен алаңға қазақ қызын ұрып жатқандықтан келдім» деген бір ауыз сөзінің астында қаншалықты ердің ісі, ұлттың тәрбиесі жатқанын ұғындырсақ кәні?!
     Ол үшін билікті әурелеп емес, өз ұрпағымызға мақтанышымыз ретінде көрсете білсек, желтоқсан құрбандарының нағыз аңсаған арманы орындалған болар еді. Ол үшін «Қайрат Рысқұлбеков» атындағы «Ұлт батыры» деген халықтық атақ бересің бе, жыр дастан арнайсың ба, ән жыр арнайсың ба, өз шаруаң. Тек 16 –желтоқсандағы науқандық шараға айналдырмасаң бопты. Өйткені, тағы да айтам,
     Сенің популистік ұрандарың мен науқаншылдығыңның құны көк тиын!!!   """"Акерке""


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама