- 18 қар. 2021 00:00
- 284
Жұмыс іздеп сенделген жұрт не істемек?
Тақырыпқа терең үңілмес бұрын алдымен жұмыссыздық деген не екенін біліп алғанымыз абзал. Жұмыссыздық ол ел ішіндегі жұмысқа жарамды адамдар тобының белгілі бір тұрақты кәсіппен айналыса алмай тоқталатын әлеуметтік әрі экономикалық құбылысы болып табылады. Осы тұста "жұмыссыздық неден пайда болды? "- деген сұрақ туындауы сөзсіз. Жұмыссыздық бүгінгі таңда көптеген өнер-кәсіп салаларының қарқынды дамып, автоматтандырылып кетуіне байланысты. Қазақстанда 2020 жылдың наурыз айынан бастап карантиннің басталуына байланысты көптеген кәсіп-орындардың табысы тұралап қалғаны белгілі, жалғыз ол емес жұмыс форматтарының өзгеруі, жасаралық шектеу секілді факторларда әсер етпей қоймасы анық. Қазірдің өзінде stat. gov. kz сайтының мәліметінше елдегі жұмыссыздық деңгейі 2021 жылғы қазан айымен бағамдағанда 4,9 % құрап отыр. Бұның өзі кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда. Жұмыссыздар қатарына жұмысқа қабілетсіз, жарамсыз адамдар емес, еңбек етуге арналған келісімшарт жоқ, жұмыс іздеп жүргендер мен уақытша мерзімде жұмыс жасайтындар кіреді. Вице-министрдің айтуы бойынша елімізде 451 мыңнан аса жұмысы жоқтар тіркелген. Алдыңғы жылмен салыстырғанда биыл жұмыссыздардың мөлшері 2,6 мың адамға кеміген.
Өзгені қойып өзімізді әлі күнге дейін жұмыспен қамтамасыз ете алмай жүргенде жұмыс іздеп жұмыла келген шетелдіктердің саны көбеймесе азаяр емес. Ішкі істер министірлігінің болжамы бойынша 2019 жылы елге 600 мыңдай еңбек мигранты келуі тиіс деп болжам жасалған. Айтса айтқандаяқ болжам орындалды. Жалпы, жыл сайын Қазақстанға жұмыс іздеп келетіндердің саны артуда. Олар негізінен Өзбекстан, Әзербайжан және Тәжік азаматтары. Еңбек етуге келіп мемлекет қазынасына миллион-милрдтаған салық төлепте жатқаны жалған емес. Әсіресе шетел азаматтары Қазақстанға тіршіліктің қызған кезі - көктем және жаз айларында ағылатын көрінеді. Негізгі табыс құрылыс секілді бар қара жұмыстардан басталып, бау-бақша өнімдерін өсірумен жалғасады. Құрылыс саласы деп тоқталып отыруымның себебі, қазіргі кезде өзімідің жергілікті қазақтардың жұмысына қарағанда салыстырмалы түрде өзг елдік құрылысшылардың үй тұрғызу құнының қолжетімділігінде. Бау-бақшаға келер болсақ ауылды аймақтар, қала сыртындағы жазық аймақтардың көп бөлігі егіншілікпен айналысады. Соның бірі Еңбекшіқазақ ауданындағы, Бәйдібек би ауылының жоғарғы жағандағы егіншілік аймақтағы өзбек бауырларымызбен тілдесіп көрдім. Олардың айтуы бойынша өз елдерінде егіншілікпен айналысуға қолайсыз әрі ақша құнсыздығы да әсер ететінін баса айтты. Міне қызық, "Ритм Евразии" порталының өкілі Сергей Смирновтың айтуынша 2019 жылғы ресми статистика бойынша, Қазақстанға 12,2 мың адам келіп, 45,2 мың адам қоныс аударған. Тіпті 2020 жылғы пандемияға қарамастан Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан обылыстарының өзінде 11 мың адам шетел асқан. Бұл 2018 жылғымен салыстырғанда сегіз пайызға көп. Кеткендердің 60-70 % жоғары білімді азаматттар. Қазақстандықтардың шет елге аңсары неге ауып отыр? Жоғары жалақы, тұрақты жұмыс, жайлы өмір. Ал келіп жатқандардың ішінде жоғары білімі барлар 15 % ғана құрайды. Еуразиядағы этникалық және діни мәселелер жайындағы сарапшы Гобл мұны "Білімділердің жаппай көшуі" дейді. Ендігі түйін, жоғары жалақы, тұрақты жұмыс,жәйлі өмірді кім қаламайды? Түптеп келгенде жұмыссыздардың күннен күнге артуы, эмигранттар санының иммигранттар санынан асып түсуі елдің экономикасының әлі де құлдырап тұрғандығынан ишар береді.