Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Мектеп жасына дейінгі балаларға сенсорлық тәрбие беру
Мектепке дейінгі ұйымдағы педагогтің тәжірибе жұмысы
Тәжірибе тақырыбы:
«Мектеп жасына дейінгі балаларға сенсорлық тәрбие беру»
Мақсаты: балаларға сезім дамыту оқу іс – әрекеті бойынша өткен тақырыптарды еске түсіріп, білімдерін ойын арқылы жетілдіріп бекіту.
Міндеттері:
1. Балаларға естілім жүйелерінің әсерлерін қалыптастыру.
2. Балаларға сенсорлық эталондар жүйелерінің әсерлерін қалыптастыру.
3. Балалардың танымдық пен практикалық әрекетте естілім және сенсорлық эталондар жүйелерінің әсерлерін өз бетінше қабылдауды қалыптастыру.
Тәжірибенің пайда болу жағдайлары.
Сенсорика латындармен аудармада сезім мүшелері арқылы орындайтын қабылдауды білдіреді. Психологияларда және физиология сенсорикалық сезінулердегі мәлеметті білдіреді. Сенсорика - функциялардың бірі, сезгіштік пен қатар қоршаған орта туралы мәлеметті қабылдауының әдісінің бірі болып табылады. Мысалы: көрермен, акустикалық иіс сезу және әрі қарай организмның сенсорлық жүйелердің бір белгісі болады. Сенсорика К. Г. Юнга типологияларда «сезіну» деп аталады. Сенсориканың айырмашылық ерекшелігі бұл функцияны позицияларымен әлеммен өзара әрекеттесуі. Сенсорика әлемі - бұл сезімдері органдары арқылы қоршаған ортаның заттарымен, пішінімен, түсімен қолдануға болады. Сенсорикада саусақ маторикасы жұмыс істейді.
Сенсорлық қабылдаудың дамуы бұл және бұйымдардың сыртқы қасиеттерi туралы ұсыныстарды қалыптастыру: кеңiстiкте пiшiнге, түс, шамаға, жағдай олардың, сонымен бiрге иiс, дәм және тағы басқалар.
Сенсорикалық тәрбие қоршаған ортаны толық қалыптастыруға бағытталған. Балаларды сенсорикалық жағынан дамыту үшін, бірнеше ұстаным бар. Заттардың көлемі, қалыбы, түсімен таныстыру. Тілдің дыбыстық саралауын жүзеге асырып ән - күйлік естумен қабылдауды қалыптастыру. Сенсорикалық қимылмен балаларды іс - әрекеттерін үйрету. Қоршаған ортамен байланысты сенсорика бойынша жалпылауға үйрету. Заттардың сапасы мен мәндері туралы түсініктерін қалыптастыру.
Сенсорлық даму – бұл заттардың сыртқы қасиеттері туралы ойларының қалыптасуы және оны қабылдай білуі: олардың пішіні, түсі, көлемі, кеңістіктегі орналасуы, сонымен қатар иісі, дәмі т. б. мектепке дейінгі жаста сенсорлық дамудың мәнін бағалау қиын. Дәл осы жаста сезім мүшелерінің әрекетін жетілдіру, қоршаған орта туралы білімін жинақтауға қолайлы кез. Мектепке дейінгі педагогика саласындағы атақты шетелдік ғалымдар (Ф. Фребель, М. Монтессори, О. Декроли т. б.) толыққанды сенсорлық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған сенсорлық тәрбие мектепке дейінгі тәрбиелеудің негізгі жағы болып саналатынын айтқан.
Сенсорлық даму, бір жағынан баланың жалпы ақыл - ойының дамуының іргетасын құрайды, бір жағынан өзіндік мәні бар, өйткені толыққанды қабылдау баланы балабақшада, мектепте оқыту үшін қажет. Қоршаған орта құбылыстары мен заттарын қабылдаудан тану басталады. Танудың басқа түрлері – есте сақтау, ойлау, елестету – қабылдау негізінде құралады. Сондықтан қалыпты ақыл - ойдың дамуы толыққанды қабылдауға сүйенусіз мүмкін емес. Балабақшада бала сурет салуға, жабыстыруға, құрастыруға үйренеді, табиғат құбылыстарымен танысады, математика мен жазу негіздерін меңгере бастайды. Баланың мектепте оқуға дайындығы оның сенсорлық дамуына байланысты болады. Нәтижесінде әріптерді жазуда, суретті салуда қисықтық, еңбек сабағында жасаған заттарында дәлдік жоқ болады. Кейде бала ден шынықтыру сабағындағы қимылдарды қайталай алмайтын жағдай болады. Бірақ мәселе тек мұнда емес. Музыкант, суретші, құрастырушының табысын қамтамасыз ететін ерекшеліктерінің қатарында сенсорлық қабілеттер маңызды орын алады. Сенсорлық қабілеттің бастауында ерте жаста жететін сенсорлық дамудың жалпы деңгейі жатыр. Сенсорлық тәрбиелеудің басты бағыты - баланы сенсорлық мәдениетпен азықтандырудан тұрады.
Тәжірибенің өзектілігі.
Әр бала ақылды болсын. Бiздiң мiндет - балдырған өз потенциалын, оны ашып әлемге өз алдына жетуге үйретуге көмектесу. Ол үшiн балаға iстей алатын маңызды қауымдансын және өз дара қабiлеттiлiктер айқындалсын, дамытып және меншiктi ырғақта оқыту.
Жеке жұмыс тәжірибесін сипаттау:
Сенсорлық тәрбие бойынша 2 - 3 жасқа дейінгі бағдарламаның талаптары:
  • 8 түсте бағдарлау, олардың атауларын атау, үлгі бойынша тандау;
  • Үш және одан да көп қарама - қарсы шамаларда бағдарлау;
  • Әртүрлі шамадан 5 - 8 сақиналардан тұратын пирамиданы жинау;
  • Жазық суретпен көлемді, геометриялық пішіндерді, кескінді ара қатынасын
белгілеу, үлгі бойынша қою (әртүрлі шамаларды қосымша беттерге жайып
қойып немесе тақтайшада ұқсас формаларға орналастыру).
  • 4 бөліктерден тұратын ойып жасалған суреттерден, бүтін қойма текшелерді құру;
  • Форма бойынша заттарды танып білу (текше, кірпіш, шар, призма);
  • Жазықтықтағы пішіндерге (шеңбер, сопақша, шаршы, тік төртбұрыш) байланыста бағдарлау;
  • Түс, пішін, шама бойынша біркелкі заттарды салыстыру, ара қатынасын белгілеу, топтау;
  • Заттардың пішіндерін саусақтармен сұлба бойынша жиектеу;
  • Парақ шеңберінде тік, көлденең, дөңгелек, қысқа және ұзын сызықтарды өткізу.
Дидактикалық ойындар арқылы балалардың сенсорлық тәрбиені жүзеге асырып, танылатын үрдіс дамытады (білуге құмарлық, қарапайым көрністерде өзара байланысты түсіну және т. б). Біз, яғни тәрбиешілер ойынды ойлау, сөйлеу, қиял, ес, қоршаған өмірді кеңейту және бекіту әдістер ретінде қолданады».
Дидактикалық ойын міндетті, мазмұнды, ережелерді және ойын әрекеттерді енгізеді.
Дидактикалық ойынның негізгі элементі дидактикалық міндет болып табылады. Ол оқу қызмет бағдарламасымен тығыз байланысты. Барлық қалған элементтер қойылған міндетке бағынып және оны орындауын қамтамасыз етеді. Дидактикалық міндеттері әр түрлі (қарапайым математика ұғымдарың бекітуге байланысты болуы мүмкін).
Дидактикалық ойындардың мағынасы қоршаған болмыста (табиғат, адамдар, олардың ара қатынастары, тұрмысы, еңбегі, қоғамдық өмірлері, оқиғалары және т. б.)
Дидактикалық ойында үлкен рөл ережелерге беріледі. Олар әрбір балаға ойында не және қалай істеуге тиісті екендігін анықтайды, табысқа жету жолын көрсетіп жатыр.
Балаларда жүрiс тұрыста тойтарылу, өз мінез - құлқын басқаруды тәрбиелеудеміз, ойын әрекеті – бұл ойын мақсатында балалардың белсенділік таныту: түрлі - түсті шарларды сырғанату, мұнараны талдау, матрешканы жинау.
Сенсорика сипаттағы дидактикалық ойындар
Мектепке дейінгі кіші жастағы балалар үшін сан туралы білімдерін кеңейтуге және бекітуге үлкен мүмкіндіктер береді: «бір» және «көп»; заттардың теңдігі туралы, өрнектерді түсіну: сонша - қанша, тең, бір бірден - көп - бір де. Заттар салыстырып, олардың шамаларын сіңіру: ұзын - қысқа, бірдей, жоғары - төмен, кең - тар, жуан - нәзік, көбірек - аз. Пішінді анықтау: шеңбер, шаршы, үшбұрыш. Кеңістіктің бағыттарын танып білу: алға, артқа, оңға, солға. Уақытты бағдарлау: таңертең, күн, кеш, түн.
Әлем бала өміріне біртіндеп кіреді. Бала ең алдымен оны үйде, балабақшада не қоршап тұрғанын ұғынады. Біртіндеп өмірден алған тәжірибесі көбейеді. Балалар өзінің айналасындағы қоршаған ортамен танысуға өте құштар. Бұл баланың бірнеше сұрақтар қоюына әкеліп соғады. Яғни, балаға әлем аздап ғана сырын ашса, онда баланың білуге деген құштарлығы арта түседі. Ойын – баланың бірінші әрекеті, сондықтан да оның мән – мағынасы ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?», - деп айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Балалардың зейіні тұрақсыз болады. Оларды біркелкі жұмыс тез жалықтырады. Сондықтан олардың зейінін үнемі қажетті бағытқа аудару үшін ойын түрінде жүргізу қажет. Өйткені ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінде алған білімді ойынмен тиянақтау білімнің беріктігіне негіз қалайды.
Дидактикалық ойын - балаға білім берудің ең негізгі бір түрі, өйткені ойын - балалардың негізгі іс әрекеті. Балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыруда дидактикалық ойындардың алатын орны ерекше. Пішіндерді өткен кезде шар, куб, «не домалайды, не домаламайды?» ойыны арқылы осы екі пішіннің ерекшелігі, қасиеті туралы түсіндіру өте тиімді. Білім берудегі дидактикалық ойындарды нәтижелі қолданудағы негізгі шарты: ол ойын таңдаудағы бірізділікті сақтау, келесі дидактикалық принциптер міндетті түрде ескеруі керек; түсініктілік, қайталанылуы, тапсырмаларды біртіндеп орындау. Баламен іс әрекет түрінде өткізілсе, тапсырмалар оңай орындалып, алға қойған межеге жету оңай болады.
Ойын арқылы балаларды геометриялық пішіндердің ортақ белгілері (дөңгелектенген, бұрышты) бойынша біріктіру туралы алғашқы түсініктерін қалыптастырамыз. Уақытты бағдарлауға үйрету үшін тәулік бөліктері, апта күндері, жыл мезгілдері және айлары туралы санамақтар, жаңылтпаштар, жұмбақтарды кеңінен пайдаланамыз. Бұл арқылы баланың ойлау, есте сақтау қабілеттері мен тілін дамытуды көздейміз.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Дидактические игры и упражнения по сенсорному воспитанию дошкольников. Венгер Л. А. 2000
2. Балаларды ерте дамыту Волосова Е. Б. Линкас - Пресс 1999
3. Воспитание сенсорной культуры ребёнка от рождения до 6 лет: Кн. Для воспитателей дет. сада Л. А. Венгер, Э. Г. Пилюгина, Н. Б. Венгер; Под ред. Л. А. Венгера. Просвещение 1988
4. 3 жасқа дейінгі бүлдіршіндерге арналған білім беру ойындары Галанова Т. В. Ярославль: Академия развития, 1996
5. Дидактические игры и упражнения по сенсорному воспитанию дошкольников Л. А. Венгера Просвещение 1978
6. Мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлық дамуы Курашова Р. А. Новое знание 2006

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы,
«Күншуақ» бөбекжайы» КМҚК
тәрбиешісі Тобагабулова Майра Дукеновна

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама