Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Мемлекет  басшысының  ел дамуында қозғаған маңызды  реформалар

Мемлекет  басшысының  ел дамуында қозғаған маңызды  реформалар
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тарих факультетінің 
доценті, т.ғ.к. Гүлнар Қозғамбаева 
 
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын 2022 жылдың 16 науыз күні жария етті. Бүгінгі Жолдаудың мәні мен мазмұны айрықша болды. Мемлекет басшысы әуелі биылғы қаңтардағы дүрбелең оқиғасы және онда құрбан болған отбасыларына көңіл айтудан бастады. Өткен қаңтар дүрбелең оқиғасы туралы  мәліметтер жариялап, қазақ елінің  алдына қойған міндеттерінің мәні мен маңызы айрықша екендігіне тоқталып өтті. Осы күнде халқымыз біртұтас ұлт екендігін танытып, Отаншылдық рухының арқасында қасиетті тәуелсіздігімізді сақтап қалғандығын ерекше атап өтті.
Президент Қазақстан халқына Жолдауында тұғыры мығым ел болу жолында кедергілерді еңсеріп, қиындықтарды жеңу жолында берекелі бірлік пен еселі еңбек арқылы жету керектігімізге үлкен мән берді. Мемлекеттің тиімділігі және республика халқының тұрмысын, әл-ауқатын арттыру мен жақсартуға негізделген бастамалар мен міндеттерді атап өтті. Саяси партиялар дербес көппартиялық жүйеде ашық бәсекелестік орын алатыны туралы айтылды. Парламентті күшейтіп, депутаттардың қызметін, сенатта 15 депутаттан 10-ға қысқарту қажеттігі, сонымен қатар төменгі палатаның құзыретін кеңейту қажеттілігі айтылды. Елімізде көптеген ауқымды жобалар мен бағдарламалар бар, бірақ оларды жүзеге асыру барысы көңіл көншітпейді, сондықтан парламент республикалық бюджеттін сапалы орындалуына бақылауды күшейту қажеттілігіне мән берілді. Осы орайда есеп комитетінің орнына жоғары аудиторлық палата құру туралы мәлімделді. Оның төрағасы Мәжіліс депутаттары алдында жылына екі рет есеп беру керектігі және осылайша Мәжілістің мәртебесі артатындығын мәлімдеді. Сайлау жүйесін жетілдіру, саяси жаңғырудың басты мақсаты азаматтардың мемлекетті басқару ісіндегі рөлін арттыру болып табылатындығына мән берілді. Сайлау алдында берген уәдесін орындамаған депутатты кері қайтаруға болатындығы қарастырылды. Сайлау науқаны үздіксіз үдеріске айналды. Сайлауды ұйымдастыру мен өткізу кезінде аумақты сайлау комиссия жұмысын кәсіби түрде жетілдіру мәселесі және сайлаушылардың бірыңғай электрондық базасын құру мүмкіндігін қарастыру қажеттілігіне мән берілді.
 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама