Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Менің педагогикалық қызмет көрсетудегі философиям

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы,

«Балдырған» ясли-бақша КМҚК тәрбиешісі
Құсайынова Сара Асқарқызы

Бала – ізін, бала деген ғажап шақ     
Бір байыптап соңымызға қарасақ
Ойынменен жетіледі балалар,
Бала шақтан бастау алар - Болашақ!                   

Құйттай ғана сәби әлі өзіндік «мен» деген көқарасы толық қалыптса қоймаған  жан. Дегенмен, әлемнің бар байлығын анасы мен әкесі сол құйтымдай балаға сыйлағысы келері хақ.  Ал, біз  балабақша тәрбиешілері сол балақандарды ұжымдық ортада тәрбиелеу үшін жан аямай жүрген жандармыз.

Ыбырай Алтынсариннің «Бақша ағаштары» деген әңгімесі естеріңізде болар. Сол әңгімеде қисық өскен аңаш пен түзу ағашты көрген баласы әкесінен бұның себебін сұрағанда оның себебі –«күтімінде, ал адам баласының қисық болмай дұрыс  өсуі берген тәрбиеден» демей ме?  Жас бала-жас шыбық, қалай исең солай иіледі. Сол үшін де «балабақша» атты біздің ғажайып үйіміз ізденіспен, шығармашылықпен жұмыс істейді.

Сондықтан да мен Құсайынова Сара Асқарқызы 1964 жылдын 29 наурызда дүниеге келдім. Мамандығым М. Әуезов атындағы педагогикалық «мектепке дейінгі балалар тәрбиесі мамандығы бойынша бітірдім. Мамандығым бойынша 21 жылдан бері кішкентай бүлдіршіндермен талмай жұмыс істеп келемін. Сонымен тәрбиешілік еңбегімнің қызыққа толы күндері басталды. Дүниеде бала жанына жақын жүріп, оны зерттеп, ішкі жан дүниесіне терең бойлап, баламен бала бола  жүріп, оның тәрбиелі болуына жол ашу бірінің қолынан келе бермейтін дүние. Тәрбиешілік қызметтің болмысы терең, игілігі мол іс. Тәрбиеші деген  сөздің мағынасына үңілсек, мақсаты тәрбие беру екенің түсінеміз. Адамның жаны мен тәні қашанда тәрбиеге мұқтаж екендігін ескерсек, тәрбиешіге артылар жүк жеңіл еместігіне көзіміз жетеді. Балабақшада дұрыс тәлім-тәрбие бере алсақ, ол ертең мектепке барып саналы түрде білім алуға тырысады. Соның нәтижесінде елін сүйген азамат болып шығады.

«Бала жүрегі - кішкентай күйсандық. Ол күйсандықтың кілтін тапсаң ғана ашылды. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт жүруі керек» дейді заңғар ақын Мұхтар Шаханов. Тәрбиеші үнемі алға талпынып, жас ұрпақ тәрбиесіне белсенді араласуға, балалар  арасында  беделді болуға міндетті және де моралдық жағынан биік болуы, өз мамандығын жақсы көруі шарт. Сонымен қатар тәрбиеші бала және оның ата-анасымен тіл табыса білетін, қиын ситуациядан шыға білетін жақсы психолог болуы керек екенін тәрбиешілік салада жүріп үйрене бастадым. Иә, ата-аналардың барлығы бірдей емес. Кейбір ата-аналар бар балабақшаны баласын тек қана жұмысқа баратын кезде еріксіз қалдыратын жер деп ойлайды. Тәрбиешімен ешқандай қарым-қатынста болмайды, тәрбиешілік мамандығы маман емес деп қабылдайды, тәрбиеші – ол тек қана баласының күтушісі деген сияқты қате пікірлерде болады. 2-3 жастағы кіші топтың балаларының өзіне бағдарламаның 5 саласы бойынша оқу қызметі ұйымдастырылатынын ата-аналардың көбі біле бермейді. «О, мына балаларға не үйретесіздер, бұлардың әлі тілдері шықпаған ғой» деп танырқайтын ата-аналар да бар. Бұл балалардың тілі шықпаған болса да оларға үйретеріміз көп. Көздері мөлдіреген бөбектер бізден көп нәрсе күтеді. Осындай ата-аналар арасындағы жағдайлардан шығу үшін ата-аналар жиналысын ұйымдастырып отыру, атаулы мерекелерге байланысты іс-шараларға қатыстырып, ата-аналармен үнемі қарым-қатынаста болу керек. Әр аптаның бір күнінде ата-аналарды «Ашық есік» күніне шақырып отыру, онда бір күннің ішінде не істейтінің көрсету керек. Сонда ата-аналар тәрбиешілік қызметіне деген көзқарасы өзгеріп, түсінушілікпен қарап, әрдайым жанашырлық танытып жүрері хақ.

Әрине, теория жағынан көп нәрсені біле бермейсің, іс-тәжірибеде яғни, қызметтік салаға келген соң үйренерің өте көп екен  білесің. «Нағыз тәрбиеші ұстаз бойында он екі тума табиғи қасиетті меңгерген дана адам болу керек» деп Әл Фараби айтқандай тәрбиешіге байқампаздық, бақылаупаздық, зейін, ақыл-ой, ерік-жігер, шыдамдылық, ұстамдылық, шыншылдық, адамдық, қарапайымдылық, мейірімділік, ізеттілік, іздемпаздық қасиеттер қажет.

Тәрбиешінің жүрегі болу керек. Өз балаңды қалай жақсы көрсең, алдындағы баланы да, солай жақсы көру керек. Бала да жақсы көру, еркелету сезімдерін жақсы түсінеді. Баланы жазалау арқылы емес, жақсы көре отырып тәрбиелеу керек. Сонда ғана жақсы нәтижеге қол жеткіземіз. Өйткені, бала біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі, келешегіміздің келбеті.

Біздің өміріміздің мәні де, сәні де, салтанаты, махаббаты, мәртебесі де – бала. Француз педагогы Жан Жак Руссо былай айтқан екен, «Бала туғанда ақ қағаздай боп туады, оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді». Сондықтан бала тәрбиесі - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Баланы тәрбиелеу, оның жеке басы  қасиетін қалыптастыру, күнделікті өмірде жүзеге асырылады. Сондықтан да тәрбиеленушінің күнделікті өмірі мен ісінің әр  түрлі мазмұнды болуы, жасына қарай білім салаларының құзіреттіліктерін қалыптастыруға құрылуы өте маңызды.

«Бес жасқа дейінгі жүргізілетін барлық тәрбие ісіңіз-бүкіл тәрбие процесінің тоқсан пайызы» - деп Жүсіп Баласағұн барлық кезеңдегі тәрбиенің маңызын анық көрсеткен. Баланы өзге балалармен салыстыруға болмайды, әр баланың өзіндік ерекшеліктері, табиғи мүмкіндіктері, қабілеттері, даму қарқыны, бейімделігі тәрбиесі болады. Соны көре біліп, мінез ерекшелігін ашу керек. 

Ақын Мұқағали ағамыз айтқандай «адам өмірінің бақыты - балалық шағы. Балалық шақ бақытсыздықпен өтсе, санасы бар пенденің бүкіл ғұмырына ақау түсіреді» деген екен.  Бала бақытты болуы үшін жүрек жылуын аямай ата-аналарымен  бірлесе отырып түрлі қызықты шаралар өткізіп, балаларға қуаныш сыйлауға тырысамын. Ал, ғалым, ақын әрі ұстаз А.Байтұрсынұлы «Ертегі-баланың қиялын тәрбиелейді» деген емеспе? Әр сағатта ертегі айтып, жұмбақ шешіп, тілін  дамытып, ойын ойнатып,  баланың  ой-қиялын самғату менің мақсатым. Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан деп Абай атамыздың айтқаныңдай кісілігі мол, рухани бай, бақытты, елжанды бала - біздің болашағымыз.

Сонымен  мен - тәрбиешімін!....

Мен осымен мақтанамын! Әлемде мамандық түрі әр алуан, бірақ бұл мамандықты таңдамайды, ол сені таңдайды.

Бұл салада еңбек етуден еш жалыққан емеспін. Өйткені менің жас бүлдіршіндерге арналған осы уақытымды өмірдегі ең бір бағалы уақытым, бақытты кездерім деп айта аламын.

Тәрбиеші дегенің – ерекше сөз.
Бұл сөздің түбінде тұр асыл, жақұт.
Бала деген – бұлағы тұнық судың,
Сол бұлақтың жүрейік көзін ашып.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама