Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Мұхтар Әуезов "Ақын қонақтар"
Наурызбай батыр Құтпанбетұлы атындағы орта мектеп МДШО КММ
Мұғалімнің аты - жөні: Қалтабаева Г. С.
Сабақ тақырыбы: Мұхтар Әуезов «Ақын қонақтар»
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: М. Әуезов. «Абай жолы» роман - эпопеясымен танысады, ойын жеткізе білуге үйренеді, сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыланады, табиғат әсемдігін бағалай білуге, қорғауға машықтары дамиды
Сабақ мақсаттары: Тақырыпты түсініп оқи білуге дағдыланады. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттырады.
Тілдік мақсаттар:
Тәуір болу, елдің шабысы, қажымай, қан базардай, сүле науқас, құлан таза болып арылу, ырым байлау, портрет
Пәнаралық байланыстар: қазақ тілі, Қазақстан тарихы
Бастапқы білім: «Ақын қонақтар» әңгімесін оқып келеді.
Сабақтың жоспарланған кезеңдері: Ресурстар
Сабақтың басы
10 минут
Ұйымдастыру кезеңі.
Топқа бөлу.
Топқа М. Әуезовтың шығармаларының атауымен бөлінеді.
Үй тапсырмасын сұрау
«Мина алаңы» әдісі арқылы оқушыларға Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтар қойылады..

Сабақтың ортасы:
Біз бүгін қазақ халқының заңғар жазушысы, ұлы қаламгер Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің «Ақын қонақтар» атты көркем шығармасымен танысқалы отырмыз.
“Ақын қонақтар” жазушының «Абай жолы» деп аталатын ұлы туындысынан алынған үзінді. Данышпан ақын Абайдың өмірі туралы аса құнды кітап жазған Мұхтар Омарханұлы да ұлттық әдебиетімізді әлемдік деңгейге көтерген алыбымыз..
Кішкентайынан Абай өлеңдерін жаттап, Абай рухымен ер жеткен бала Мұхтар кейін бар өмірін Абайға арнады.
Жазушы «Абай жолы» романында ақынның бала кезінен бастап, өмірден кеткеніне дейінгі ғұмырын жазып шыққан. Ол осы туындысы арқылы, яғни Абай арқылы қазақ елін әлемге танытты. Оны дүниежүзі халықтары оқып таң қалысты.
Француз жазушысы Бержерон: «Мұхтар Әуезов - ақын. Ол өзінің елінің далалары мен тауларын, адамдарын үлкен эпик ақынша асқан суреткерлікпен бейнеледі. Әуезовтей кісі жырлаған халық шынымен бақытты ғой”,- десе, қырғыз жазушысы Ш. Айтматов: «Өз басым өзге елге сапарға шығып, өзге жұрттың табалдырығын аттай қалсам, әрқашан қасиет тұтып, өзіммен бірге ала жүретін екі түрлі ұлттық асылым бар. Бірі - Манас, бірі - Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» дейді.
Міне, Мұхтар Омарханұлы шығармашылығына өзге ұлт өкілдерінің берген бағасы. Ұлы тұлғаларымызды өзіміз түгіл өзгелер осылайша бағалап жатса, бұл біз үшін үлкен мәртебе емес пе?!
Әңгіменің толық мазмұнымен танысу үшін оқушыларға үйден оқып келу тапсырылған еді.
1. Семантикалық картамен жұмыс: Иесін тап:
Кейіпкерлер сөзінен үзінділер ----------------------------- Зере ------ Ұлжан ------ Абай ----- Барлас ----- Байкөкше
1 Е - е, бұлдыр - бұлдыр күн өткен...
2 Ал, балам, әңгіме - жырдың дүкені жаңа келді...
3 Шешенің судай төгілген, тыңдаушың бордай егілген...
4 Жақсы қып тұрып сый беріп аттандыршы...
5 Шырағым, ер жетерсің...
6 Келген сапарларыңа азырақ ырым байлаттым...

2. Сергіту сәті. «Адамның суреті» ойсергегі.
3. «Уақыт тізбегі» әдісі арқылы оқушылар оқиға желісін тізбектеп жазып шығады.
4. - «Ақын қонақтар» әңгімесінде сіздер түсінбейтін сөздер бар, сондықтан сөздікпен жұмыс жасаймыз.
Сөздікпен жұмыс:
1. Тәуір болу - жазыла бастау
2. Елдің шабысы – ел ішіндегі дау - дамай, қақтығыс
3. Қажымай – шаршамай
4. Қош алу - келісу
5. Қан базардай - өте көп адамдар
6. Термелеу – белгілі бір мақамға алып орындау
7. Ұғымтал – түсінікті
8. Сүле науқас – созылмалы дерт, ауру
9. Құлан таза болып арылу - толық жазылу
10. Ырым байлау – құрмет көрсету
11. Жетекке алу – жылқыларды жетектеп кету
12. Дән риза – қатты разы болу
Әдеби - теориялық ұғым:
Көркем әдебиетте адамның сырт бітімін, кескін - кейпін, жүріс - тұрысын суреттеуді портрет дейді.
Оқулықпен жұмыс:
Абай мен Барластың портретін тауып оқиды.

Сабақтың соңы
Кері байланыс. «Бес саусақ»

Үйге тапсырма:
1. “Ақын қонақтар” әңгімесіне сценарий құру.
2. Түсінік айту
3. Портрет анықтамасын жаттау
Бағалау.
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.
Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез - келген кезеңінде қолданыла алады Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс - тәсілдеріңізді жазасыз Денсаулық сақтау технологиялары.
Сергіту сәттері мен белсенді іс - әрекет түрлері.
Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама