Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Омыртқалы жануарлардың қозғалуы
«Балқаш қаласы, Абай атындағы №2 лицей» КММ-де
биология пәні мұғалімі, директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары
Садыканова Бикеш Жекенқызы

Мақсаты: Оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыра отырып, БжС технологиясының тиімділігін көрсету, білім сапасын көтеру.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту БжС технологиясы арқылы
Сабақтың әдісі: Ауызша - 1 картасы
1. Үй тапсырмасын қилы сұрау арқылы тексеріп, матрицаға белгілеу.
1. Жануарлар тіршілігін қамтамасыз ететін аса маңызды қандай әрекет? (Қозғалыс)
2. Табанымен бекитін омыртқасыз қандай жануар? (Гидра)
3. Гидра неше жолмен қозғала алады? (Екі)
4. Ненің денесі ұзарып жіңішкереді, қысқарып жуандай алады? (Шұбалшаңның)
5. Қылтандар қайда орналасқан? ( Дененің алдыңғы бөлігінде, құрсақ жағында, әрбір
буылтықта)
6. Шаянның баскөкірек бөлімінде неше жұп мұртшалары болады? (Екі жұп)
7. Шаянның денесі қандай бөлімдерден тұрады? (Баскөкірек, құрсақ)
8. Неше жұп жүретін аяқтары болады? (5 жұп)
9. Суда құрсағын алға қаратып, оны баскөкіректің астына қарай бүгіп, қайта
жазатын қандай бунақденелі? (Шаян)
10. Өрмекшілердің неше жұп аяқтары бар? (4 жұп)
11. Өрмекші өрмек арқылы қалай қозғалады?
12. Бунақденелілерде болатын аяқтар жұбы нешеу? (Үшеу)
13. Нелердің көптеген түрлерінде 2жұп қанаттары бар? (Бунақденелілердің)
14. Кальмар, сегізаяқ қандай тәсілмен қозғалады? (Реактивті)
15. Ұлудың аяғы мен төсемік арасындағы үйкелісті жеңілдетіп, қозғалуға
не мүмкіндік береді? (Шырыш)
16. Көбелектерде неше жұп қанат бар? (Екі)
17. Қанат қандай қызмет атқарады? (Ұшу)
18. Шаяндардың құрсақ ұшында құрсақ аяқтарының нешінші жұбы орналасқан? (Алтыншы)
19. Шаяндардың құрсақ аяқтарының алтыншы жұбы соңғы бунақпен бірігіп, не түзеді? (Жүзу қанатын)
20. Шұбалшаңдар топырақты қай бөлігімен қазады? (Бас бөлігімен)
21. Шұбалшаңды қозғалысқа келтіретін бұлшықеттер? (Сақиналы, ұзын салалы)
22. Бунақденелілерде топырақ қазу қызметін аяқ атқара ала ма? (Кейбіреулерінде)
23. Бунақденелілердің аяқтары денесінің қай бөлімінде орналасқан? (Көкірек)
24. Өзен шаянының денесі неше бөлімнен тұрады? (Екі)
2. Жаңа тақырып бойынша тірек сөз. Есте сақтау - 1мин. 13 - 14 сөз.
1. Дене пішіні
2. Жүзбеқанат
3. Торсылдақ
4. Сүйекті қабыршақ
5. Алдыңғы аяқ, иық белдеуі
6. Бұғана, қарға сүйек, жауырын
7. Артқы аяқ, жамбас белдеуі
8. Ортан жілік, асықты жілік, табан сүйектері
9. Қағушы қауырсындар
10. Бағыттаушы қауырсындар
11. Беломыртқа, сегізкөз
12. Құйрық
13. Жамбас сүйегі
14. Мықты тірек
3. Жаңа тақырып кітап арқылы, қилы сұраққа жауап беру, матрицаға белгілеу.
1. Балықтар қайда тіршілік етеді?
2. Балықтың қозғалысы қалай жүзеге асады?
3. Балықтың денесі немен қапталған?
4. Балықтың жүзбеқанаттарын ата?
5. Құйрық жүзбеқанатының атқаратын қызметі?
6. Көкірек жүзбеқанаттарының қызметі қандай?
7. Құйрықасты жүзбеқанатының қызметі қандай?
8. Құрсақ жүзбеқанаттарының қызметі қандай?
9. Торсылдақ қандай қызмет атқарады?
10. Жүзбежарғақ қандай жануарға тән?
11. Бақаның алдыңғы аяғы неше бөлімнен тұрады?
12. Бөлімдерін ата?
13. Артқы аяғы неше бөлімнен тұрады?
14. Бөлімдерін ата?
15. Кесірткенің қозғалысы қалай жүзеге асады?
16. Жыландарда аяқ бола ма?
17. Қағушы қауырсындар деген не?
18. Бағыттаушы қауырсындардың қызметі не?
19. Қозғалмайтын байланыс қалай түзіледі?
20. Оның атқаратын қызметі қандай?
21. Әр түрдің тірек - қимыл жүйесінің өзіне тән ерекшеліктері қандай?
А) Балықтар
Б) Қосмекенділер
В) Жорғалаушылар
Г) Құстар
Д) Сүтқоректілер
22. Қозғалыс деген не?
4. Сын тұрғысынан сұрау. Иә, жоқ. Матрицаға белгілеу.
1. Балықтар тек құрлықта тіршілік етеді.
2. Балықтың қозғалысын жүзбеқанаттары атқарады.
3. Балықтың денесі сүйекті қабыршақтармен қапталған.
4. Балықтың екі жұп көкірек, екі жұп құрсақ жүзбеқанаттары бар.
5. Балықтың жүзбеқанаттары жауынан қорғану қызметін атқарады.
6. Торсылдақ барлық балықтарға тән мүше.
7. Қосмекенділер тек құрлықта ғана тіршілік етеді.
8. Қосмекенділерге екі жұп аяқ тән.
9. Қосмекенділердің артқы аяқтарының саусақтарының арасында жарғақ болады.
10. Алдыңғы аяғы - қар, білек, алақан бөлімдерінен тұрады.
11. Артқы аяқта - кәрі жілік, асықты жілік, табан сүйектері бар.
12. Сүйектер өзара буын арқылы байланысады.
13. Кесірткенің алдыңғы аяқтары қысқа, артқы аяқтары ұзын болады.
14. Кесерткенің қозғалуына құйрығы көмектеседі.
15. Жыландарда аяқ болмайды.
16. Құстардық артқы аяқтары қанатқа айналған.
17. Қанаттың қалақшасын түзетін ұзын қауырсындар - қағушы қауырсындар деп аталады.
18. Құйрықтағы ірі қауырсындар - бағыттаушы қауырсындар деп аталады.
19. Құс қанатымен ұшады, құйрығымен қонады.
20. Сүтқоректілердің барлығының аяқтары өте қысқа болады.
21. Сүтқоректілерге ұшу тән қасиет.
22. Сүтқоректілер тек құрлықта ғана тіршілік етеді.
23. Құс қанаты мен омыртқалылардың аяқтары құрылысы жағынан ұқсас.
24. Құстың қанаты қозғалыс қызметін атқарады.
5. Тақырыптық сөздік қор. 5 мин. Матрицаға белгілеу.
6. Қорытынды шығару.
7. Уақытқа байланысты жаңа тақырыпты түсіндіру.
Үйге тапсырма: Омыртқалы жануарлардың қозғалуы.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама