- 07 қаз. 2021 00:00
- 213
Организмдер деңгейіндегі метаболизм
Ассимиляция сипатына қарай автотрофты, гетеротрофты және миксотрофты организмдерді ажыратады. Автотрофты (грек. autos-өзім, trophe-қорек), немесе өздігінен қоректенуші организмдер, — бұл организмдер, неорганикалық (көмір-қышқыл газ, су және азот пен күкірттің неорганикалық қосылыстарынан) заттардан органикалық заттарды синтездеуге қабілеттілер. Тұтынатын энергияның көзіне тэуелді автотрофтар фотосинтездеуші және хемосинтездеуші организмдер деп бөлінеді.
Біріншілері жарық энергиясын пайдаланса, екіншілері экзотермиялы химиялық реакциялардың энергиясын (неорганикалық қосылыстардың айналуы кезінде), яғни әртүрлі неорганикалық қосылыстардың (сутек, күкіртті сутек, аммиак және басқалары) тотығуы кезінде түзілетін энергияны пайдаланады. Фотосинтездеуші организмдер жапырақтарында фотосинтез жүзеге асатын өсімдіктер болып табылады.
Жасыл өсімдіктер жапырақтардан тамырға қарай қозғалатын көмірсулар түзейді, олар тамырда аммиакпен реакцияға түседі және аминқышқылдарын түзейді. Хемосинтездеуші организмдерге микроорганизмдер азотты, күкіртті бактериялар, сутекті бактериялар және темірлі бактериялар жатады. Бос азотты азотты бактериялар сіңіреді.
Гетеротрофты (грек. heteros — басқа, trophe — қорек) организмдер — бұл организмер, дайын органикалық қосылыстарға мұқтаждар. Бұларға жануарлар, сонымен қатар, микроорганизмдер де жатады. Гетеротрофты организмдер энергияны органикадық қосылыстардың тотығуы жолымен алады. Жануарлар үшін гетеротрофты қоректенудің голозойлық тәсілі тән, оның мәні қоректі қатты бөлшектер түрінде тұтыну және соңынан механикалық және химиялық өңдеу.
Керісінше, микроорганизмдер үшін гетеротрофты қоректенудің осмостық тәсілі тән. Қоректенудің бұл тәсілінде еріген қоректік заттар денесінің барлық бетімен сіңіріледі. Миксотрофты (лат. Mixtus-аралас) организмдер — бұл организмдер, органикалық заттарды синтездеуге де, оларды дайын күйінде пайдалануға қабілеттілер. Мысалы, жасыл эвглена жарықта автотроф, қараңғыда- гетеротроф болып табылады. Диссимиляция сипатына қарай аэробты және и анаэробты организмдерді ажыратады. Аэробты (грек. aer-ауа) организмдер тыныс алу үшін (тотығу) бос оттекті пайдаланады. Аэробтарға қазіргі кезде тіршілік ететін көптеген организмдер жатады. Керісінше, анаэробтар субстраттарды, мысалы, оттек жоқ жерде қантты тотықтырады, яғни тыныс алуы олар үшін ашу болып табылады. Анаэробтарға көптеген микроорганизмдер, гельминттер жатады. Мысалы, динитриттеуші анаэробты бактериялар органикалық қосылыстардың неорганикалық тотықтырғыштары болатын нитриттерді пайдалана отырып, тотықтырады.
Автотрофтар мен гетеротрофтар қоректену (қоректік тізбектер) жэне энергетикалық жол арқылы бір-бірімен байланысты, нәтижесінде оның біреуінің тіршілігі екіншісіне тәуелді және керісінше болады. Мысалы, аэробтардың оттекті қажет етуі толықтай автотрофтарға (жасыл өсімдіктерге) тәуелді. Соңғылары гетеротрофтардың, қоршаған ортаға түсіретін С02 пайдаланады. Барлық тірі заттар энергияны ауыстыруды қамтамасыз ететін жүйелерге ие болады және энтропияны төмендетуге қабілетті. Қоректену типтері әртүрлі организмдердің тіршілік әрекеттері табиғатта заттар айналымын түзейді.