Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Өсімдіктен тоқ алу

Тарихи сахнамыздың мыңдаған жылдар бұрыңғы, жер бетінде мекендеген  адамдар табиғатта өмір сүру үшін күресетін. Олар табиғат-анаға құрмет көрсетіп, осынау жаратылыстан қорқатын. Қазіргі заман алпауытында, керісінше табиғат-ана адам баласынан қорқатын болды. Күн санап жоғары қарқынмен дамып келе жатқан осы заманғы жоғары дәрежелі өнеркәсіптің өркендетілуі жылма-жыл бізді дүние жүзілік  апаттарға әкелуде. Соның бірі болашақ энергиясы. Бұл апаттың өзі ертеңгі күні кемел болашағымызға энергия ресурсының қай түрін, болмаса қанша пайызын қалдыра аламыз деген сұрақтың алдымыздан орағытатыны аян. Бүкіл әлем елінің сауалды сұрағына айналған энергия көзі Қазақстанның да өзекті мәселелерінің бірі. Жұмыр жерді мекендейтін жеті миллиардтай халықтың электр қуа­тынсыз күні қараң. Ақыл-ойдың арқасында таби­ғат­тың да, тір­ші­лік атаулының да қожасына ай­нал­ған адамзат атаулының өмір өзегі энергияға тәуелді. Күн­де­лік тіршілігінде технология же­тіс­тіктерін тойымсыз тұтынуға барынша бейімделген өркениет пен­де­лерінің күннен-күнге өсіп бара жатқан сұранысын қанағат­тан­дыруға енді табиғат-ана да тарлық ете бастаған сыңайлы. Жаһанды энергетикалық тапш­ы­лық қаупі буып барады. Осыны анық сезін­ген саналы өркениет өкілдері ал­ғаш рет энерге­ти­ка­лық қауіпсіздік атты әлемдік проблеманы күн тәр­тібіне өткір қойып отыр.

Қауіп негізсіз емес. Бүгінгі күн­ге дейінгі барлық зерттелген бол­жамдар бойынша Жер-ана қойнауында екі триллион баррель мұнай қоры бар. Алғашқы триллион баррель сарқылып бітті. Адам­зат енді соңғы, екінші трил­лион­ға ауыз сала бастады. Соған қа­ра­­мастан әлемде электр энергиясын тұтыну көлемі барған сайын артып барады. Халықаралық энер­гетикалық агенттіктің болжамы бойынша, 2015 жылы электр энер­гиясын тұтыну көлемі қазіргіден 1,55 есе артады. Алдағы 30 жылда әлемдік электр энергиясын тұ­тыну мөлшерін қамтамасыз ету үшін 16 триллион доллар қаржы керек. Ақиқатында адамзат дәл қа­зір жаһандық энергетикалық апат алдында тұр.

Еліміздің қазіргі қызу талқысы да, әңгімесі де, жеңісі де – EXPO-2017. Бұл – үлкен жауапкершілік. Қазақстанның әлемдік деңгейдегі шаралар­ды өткізуде тәжірибесі мол екені рас. Астананың ЭКСПО-2017 арналған негізгі тақырыбы – «Болашақ энергиясы». Бұл тақырып альтернативті энергия көздерін, «жасыл» технологияларды іздеу мен дамыту мәселесіне арналған. Көрмеде энергосақтау саласындағы әлемдік озық технологиялар, осыған дейін белгілі болған альтернативті энергия көздерін қолданысқа енгізу саласындағы жаңа жобалар мен жетістікер ұсынылатын болады.

Ал ондай ғаламдық тақырыпты таңдап отырған Қазақстанның өзіне келсек, жалпы еліміз табиғи ресурстар байлығына ие бола отырып, Еуразиялық континенттің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, тұрақтылық пен бекем дамуды нығайтуға қомақты үлесін қосып та отыр. Еліміздің экономикасы да қарқынды даму үстінде. Соның арқасында қуат көзіне деген сұраныс та барынша артып отырғаны түсінікті жайт. Мәселен, болжам бойынша, 2020 жылға таман Қазақстанның энергия тұтыну көлемі 2 есеге дейін артады. Оның үстіне Үдемелі индустриялық бағдарлама аясындағы нысандарды қосқанда, ел экономикасы энергетика тапшылығынан ентігіп қалу мүмкіндігін де сарапшылар жоққа шығара алмайды. Ендеше, баламалы әрі жаңартылатын қуат көздерін пайдалануға көшу мәселесі Қазақстанның да берік ұстанымына айналуы тиісті дүние болып табылады. Сондықта да бұндай басымдықты Елбасы Н. Назарбаев та айқындап берген болатын. 

Жалпы көптеген ғалымдар ойлары ұқсас келеді, күн сәулесінен, желден немесе мұхиттан толқындардың арқылы электр энергиясын алу жолдарын іздеген.Соңғы бірнеше жыл ішінде, жасыл энергия көздерін дамытуға тартылған көптеген компаниялар,оны дайындау үшін баламалы әдістерін іздестіруге бағытталған адал зерттеулер жүргізілді.Сондықтан Голландиялық компанияның Plant -жетістігі  өнімдер кейбір су талап өсімдіктер фотосинтез осы мақсат үшін пайдалануға аяқтады. Картоп  немесе лимон шырынды электродтар салынғаның, сондай-ақ белгілі, мектептегі экспериментке ұқсас нәрсе электр генерациялайтын принциі,мұндай сипатталған технологиялар неғұрлым күрделі құрылғы бар.Голландиялық ғалымдар тірі өсімдіктерден электр тоғын алуды үйренгендігі туралы хабарлаған болатынбыз.Осы орайда Нидерланды елінің басшылығы жаңа өнертабысқа қызығушылық танытты. Олар бұл технологияны одан әрі дамыту үшін қаржы бөліп отыратындықтарын айтты.Жоба авторы Вагенинген университетінің қызметкері Марйолейн Хелдер. Оның "Өсімдік - микробты жанармай элементі" технологиясы арқылы бұдан былай батпақтар мен сулы аймақтарды энергия көзі ретінде пайдалануға болады.

Ғалым жаңа технологияның қоршаған ортаға да, өсімдікке де зиян еместігін айтты. "Өсімдіктер артық энергияны тамырлары арқылы ылғал түрінде шығарады. Бұл бөлінген су жердегі бактерияларды ыдыратады. Осылайша жинап алуға болатын электрондар пайда болады. Ол үшін топыраққа электродтарды орнатып қою керек", - деді жоба авторы.

Дегенмен өсімдіктен алуға болатын энергия біз ойлағандай аса көп емес. Голландиялық мамандардың сөзінше, осындай технология бойынша 1 шаршы метр топырақтан 0,4 Вт энергия алуға болады екен. "Бірақ, - дейді ол, - қазірдің өзінде күн энергиясын пайдаланғаннан гөрі біздің технология тиімдірек болады".Ғалымдар болашақта оны жетілдіріп, 3,2 Вт-қа дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Бұл дегеніміз ауданы 100 шаршы метрді құрайтын топырақпен жабылған үй шатыры жылына 2800 кВт энергия тұтынатын бір үйді толық электрмен қамтамасыз ете алады деген сөз. Зерттеушілер энергия көзі ретінде кез келген өсімдікті қолдануға болады дегенді айтады. Олардың болжамы бойынша, дәл осындай технологиямен жабдықталған шатырлар 2015 жылға қарай үйлерді энергиямен толық қамтамасыз етпек. 

Қазіргі кезде қайта қалпына келетін тиімді энергия көзін іздеумен бүкіл адамзат айналысып жатыр. Қазақстан да бұл істен шет қалып жатқан жоқ. Соның дәлелі ретінде 2017 жылы Астана қаласында өтетін EXPO-2017 жәрмеңкесін айтуға болады.

Естеріңізге сала кетелік, бұған дейін жасанды тері технологиясына гаджеттер жасаумен айналысатын әлемдік компаниялардың қызығушылық танытқандығы туралы айтқан болатынбыз.

Голландияның ғалымдары топырақтан электр энергиясын алудың жаңа технологиясын тапты. Ғалымдар жасап шығарған Plant-Microbial Fuel Cell технологиясы бойынша, энергия алу үшін ең алдымен өсімдіктер мен бактерияға бай топырақ болса болғаны. Өсімдіктер тамыры өз кезегінде 70% топыраққа сіңетін органикалық материал бөліп шығатыны белгілі. Ал микроағзалар болса, оларды өңдеп, еркін электрондар кеңістігін қалыптастыра алады екен. Пайдаболғанэлектрондардыжинапалуүшін, топырақжанына электрод орналастырукерек. 

«ЕХРО – 2017» Халықаралық көрмесін өткізу барысында бізді үлкен істер күтіп тұрғаны анық.

Маңғыстаудың табиғаты үшін өсімдіктен энергия өндіру әзірге ең тиімді жоба болып тұр.Жалпы Қазақстан Республикасына оның ішінде Маңғыстау облысына өсімдіктен энергия қажет!!!

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Егемен Қазақстан газеті
2. Дала мен қала газеті
3. Ғ.Сағынбаев Экология негіздері 2005ж
4. www.google.kzсайты.

О.Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжі
Арнайы пән оқытушы
Кенесова Айгуль


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама