Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 11 сағат бұрын)
Поэмадағы Батыр Баян бейнесі
Поэмадағы Батыр Баян бейнесі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: М. Жұмабаев шығармашылығын өз бетінше ізденіп отыруға, поэманы түсінуге және талдай білуге қалыптастыру. Тарихи деректер мен поэма мазмұнын астастыра отырып, Баян бейнесін аша білуге үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың өз бетінше ойлау және көркем де дәйекті сөйлеу қабілеттерін дамыту. Өз ой пікірлерін оралымды, дәлелді жеткізуге, ізденімпаздыққа қалыптастыру;
Тәрбиелік: Баян әрекеттерін бағалау, талдау барысында Абылайдың тұлғалық сипатын ашуда оқушы бойында патриоттық сезімді ояту. Бауырмалдыққа, адалдыққа, әділдікке тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі: Мағжан суреті, плакаттар, бейнежазба, слайд.
Пәнаралық байланыс: психология, математика, тарих, музыка.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, сұрақ – жауап, топтау, СТО стратегиялары.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру:
Амандасу, түгендеу, кейіпкерлердің есімдері мен сөздері бойынша топқа бөлу.(Баян, Ноян, Ақсақал, Тұтқын қыз).
Үй тапсырмасын сұрау. «Ия», «Жоқ» стратегиясы бойынша.
Сұрақтар
Баянға Ноян мен тұтқын қыздың қашып кеткенін естірткен Ақсақал.
Поэма Батыр Баянның өлімінен аяқталды.
Ноян – Баянның 18 жастағы інісі
Қанай би, Ұса, Серен - қонтайшылар
«Ел бетін бір көрмей ерге шықпа» - тұтқын қыздың сөзі
Ноян мен тұтқын қызды Баян Іле өзенінің бойында өлтірді
Ер Көкше, Ер Қосай – қалмақтың батырлары
Поэманың екінші тарауы Баянның ерлік істеріне арналған.

Оқулықпен жұмыс:
Адамға әсер етіп, сол оқиғаны баяндайтын тұстарын ашық түрде оқулықтан тауып оқып, баяндап беріңдер.
1. Баянның жұмсақтығы, қайырымдылығы қай жерде көрінеді, дәлелде.
2. Баянның Ноянды өлтіргеннен кейінгі күйі.
3. Поэмадан Батыр Баянның өмірімен қоштасқан сәтін тауып оқы.

Топпен жұмыс:
Ноян тобы. Поэманың композициялық құрылымына талдау.
Басталуы: Батырлардың бас қосуы.
Байланысуы: Ноянның қалмақ қызына ғашық болуы.
Шиеленісуі: Қос ғашықтың елден қашуы.
Шарықтау шегі: Батыр Баянның екеуін атып өлтіруі.
Шешімі: Батырдың өз үкімі. Баянның ерлігі.
Қалмақ тобы. «Топтастыру шарты» стратегиясы. Баян, Ноян, Абылайға мінездеме беру, топтастыру.
Баян: Батырлығы алашқа аян, елдің еркесі, алаш батыры, Абай армандаған, Мағжан патриот тұлға қостаған, «ақыл, қайрат, жүректі» бірдей ұстаған толық адам. Ұлт қаһарманы, отаншылдық биігінде самғаған қыран. Намысшыл, Отан үшін інісінің опасыздығын кешірмейді.
Абылай: Ақылды хан, айлалы батыр, даңқты, қайратты дарынды дипломат, қаһарман, елін, жерін сүйген патриот
Ноян: білікті жігіт, аңғал, адал, қайырымды, сүйгеніне адал ер.
Ақсақал тобы. Рөлдік ойын. Поэмадан үзінді алып көрініс көрсету.
Баян тобы. ВЕНН диаграммасын жасау. «Батыр Баян» мен «Қалқаман – Мамыр» дастанын салыстыру.
«Таным дерек» бейнежазба.
Поэманы оқулық пен кино бойынша салыстыру.
Оқулықта Ноян мен қалмақ қызының қашып кеткенін Баянға ақсақал хабар берсе, ал кинода ауыл әйелі хабар береді. Сол кездегі Баянның іс әрекеті кинода қайсар, намысшылдығын көрсетеді, оқулықта сабырлы, байсалды қылып көрсеткен. Кинода қыздың руы жоңғар болады.
Шығармашылық жұмыс.
Шарты: Бірнеше проблемалық сұрақтар беріледі. Әр топ оқушылары сұрақтарды шеңбер айналу арқылы орындайды. (Ротация) әдісі.
1. Баянның бойындағы қасиет неге Ноянда жоқ?
2. Бүгінгі қоғамда Баянға тең келер батырлар бар ма, олар кімдер?
3. Баян қандай батыр? Дәлелде.
4. Інісін өлтірген Баянның ісі қылмысқа жата ма?
Кері байланыс.
3, 2, 1 бұнда оқушылар өздерінің сабақтан алған 3 ақпаратын, 2 үйренгісі келетін, 1 сабақ туралы пікірін айтады.
Мұғалім: Бүгінгі сабақта біз «Батыр Баян» поэмасындағы Баян бейнесін ашуға, Баян әрекетін түсінуге тырыстық. Қазақта «Батырды намыс өлтіреді, Қоянды қамыс өлтіреді» деген сөз бар. Баян ел намысын қорғаймын деп осындай құрбандыққа барды. Осы образдар арқылы жастықтың албырттығын, сезімнің соқырлығы мен ақылға бағынбайтын асаулығын, ашу мен ақылдың, сана мен сезімнің таласын әрі көзсіз ерлікті көреміз.
Үйге тапсырма.
«Бейбітшілік заманындағы батырлық» ойтолғау.
Бағалау.
Топбасшысы бағалайды. Жақсы белсенділік танытқан топты мадақталады.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
«Күйкен орта мектебі» ММ.
С. Байманова

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама