Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 11 сағат бұрын)
Құтты болсын Жаңа Жыл!
Құтты болсын Жаңа Жыл!
Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау, шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аяз Атаның, Ақшақардың, балалардың карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.

Жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата - аналар! Сәлеметсіздер ме, балалар. Сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер.
Балалар бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, сән құрап тұрып, қол ұстасып жүріп ән салайық.
Ән: «Аппақ, аппақ жапалақтап»
Жүргізуші: Балалардың тақпақтарын тыңдайық:
Айқын:
Жаңа жыл, жаңа жыл.
Жаңа жылда - жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.

Нұрдәулет: Тамаша. тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.

К. Нұрасыл: Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіп, сағынған,

Айгерім: Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле Төрле Жаңа жыл
Бізге Құтты жыл болсын

Қалдан: Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа - жыл
Ата - әже, әке - шеше
Құтты болсын Жаңа жыл

Аяна: Жылдың әнін бастайын,
Аяз - Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.

Аяжан: Қалып едік сағынып
Күтіп алдық жабылып
Жолын қылдық жарық қып
Шыршамызға шам іліп

Тосын сәт: Ән ырғағымен Ақшақар кіреді.
Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме балалар! Бәрің қандай әдемі болып кеткенсіңдер! Шыршаларың да әдемі екен! Мен Аяз Атаның қызы Ақшақармын. Сендерде Жаңа жыл мерекесі болып жатқанын естіп келдім.
Жүргізуші: Ақшақар, сен бізге шыршамыздың шамын жағуға көмектесші.
Ақшақар: Мен шырша шамын жаға алмаймын, шыршаны Аяз Ата ғана жаға алады, өйткені Аяз Атаның сиқырлы таяғы бар.
Жүргізуші: Енді не істейміз?
Ақшақар: Аяз Ата келгенше біз сендермен бір ойын ойнайық.
Ойын: «Шыршаны безендіру»
Шарты: Ата - аналармен ойнатылады. Екі ата ананы алып шығып, екеуінің үстіне шырша ойыншықтарын қыстырғыштармен қыстырып жарысады.
Тосын сәт: Буратино ертегісіндегі кейіпкерлер Түлкі мен мысық келеді.
Мысық: Әй, түлкі, біз қайда келдік? Бұл жер өзі қалай аталады? Мынаны қара, мұнда әдемі шырша тұр ғой.
Түлкі: Ой, қандай ақымақ мысықсың. Біз Жаңа Жыл мерекесіне келдік. Бұл балабақша ғой. Қарамайсың ба бәрі әдемі болып кеткен. Қазір бұл жерге Аяз Ата келеді. Қасында Ақшақар қызы бар. Оның қызы әдемі. Киімі де әдемі. Бірақ мен оны жек көрем. Аяз Ата оны қасынан тастамайды. Ылғи ертіп жүреді.
Мысық: Әй, түлкі, менде бір ой бар. Екеуіміз Ақшақарды ұрлап кетейік. Менде бір керемет сусын бар, соны Аяз Атаға ішкізсек, ол ұйықтап қалады. Сосын біз Ақшақарды ұрлап кетеміз де Аяз Атадан сыйлық бер деп талап етеміз.
Түлкі: Керемет ой екен! Ой, мысық, қандай ақылдысың! Маған сенің ойың қатты ұнады.
Мысық: Жүр Түлкі керемет сусынымызды алып келейік. (Түлкі мен Мысық шығып кетеді)
Жүргізуші: Ақшақар Аяз Атамыз кешікті ғой, бізді таппай жүген сияқты. Біздің балалардың шамдары бар, қазір шамдар биін билесін, ал Аяз Ата сол шамдардың көмегімен бізді тауып алатын шығар.
Би: «Шамдар биі»
Тосын сәт: Аяз Ата келеді
Аяз Ата:
Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?
Жүргізуші: Салеметсіз бе Аяз Ата! Біз сізді көп күттік, Әдемі шыршамыз көнілсіз болып тұр, шыршамыздың шамдарын жағып берсеңіз жақсы болар еді.
Аяз Ата: Жарайды, қазір мен шырша шамдарын жағайын, бірақ сендер маған көмектесіңдер. Қане бәріміз бар дауыспен қатты сиқырлы сөзімізді айтайық:
Хормен: Қуант, бізді таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! (Шырша шамдары жанады)
Жүргізуші: Балалардың тақпақтарына кезекті берейік:
Бибінұр: Тыңдап құлақ салыңыз
Жасыл шырша сәніміз
Жаңа жылды жақсы әнмен
Кел шырқайық бәріміз

Айдын: Ақ қар жапты даланы
Ақ жамылды айнала
Жарқыратып шамдарын
Шырша келді ортаға

Кәусар: Аяз ата келіп тұр,
Бізге сәлем беріп тұр.
Сақалының ұзыны - ай
Кесіп алсам шіркін - ай!!!

Азиза: Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған
Сәлем бepді жұртына.

Бекнұр: Аяз Ата келіп тұр
Бізге сәлем беріп тұр
Бір қолында шоколад
Бір қолында мармелад.

Ж. Нұрасыл: Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай әсем шыршамыз.
Ән шырқайық баршамыз

Еңлік: Ал балалар билейік,
Ойнайық та, күлейік.
Аяз ата қуансын,
Доңғаланып жүрейік.

Мөлдір: Көрдің бе Аяз Атаны?
Аппақ екен сақалы.
Аппақ екен мұрты да,
Аппақ екен шапаны.

Рауда: Ақ таяғын таянып
Таңмен бірге оянып
Аяз Ата келіп тұр
Ақ көрпеге оранып

Жүргізуші: Аяз Ата біздің тамаша әнімізді тыңдаңыз.
Ән: «Тамаша, тамаша»

Жүргізуші: Аяз Ата сіз шаршап келген шығарсыз, орындыққа отырып дем алыңыз, біздің балалардың ойынын тамашалаңыз:

Ойын: «Қар лақтыру»
Шарты: Екі командаға бөлініп, екі себеттегі қарларды екі шелекке дәлдеп лақтыру. Қай команда бірінші болады, сол команда жеңімпаз.

Ойын ойналып жатқан сәтте Түлкі мен Мысық қайта келеді.

Аяз Ата: Мен шөлдеп кеттім, тастай су болса жақсы болар еді.
Мысық пен Түлкі: Бізде дәмді сусын бар. Арнайы сізге алып келдік, дәмін көріңіз. (сусындарынан бір ыдысқа құйып Аяз Атаға береді)
Сол мезетте Аяз Ата ұйықтап қалады. Түлкі мен Мысық Ақшақарды алдап, ұрлап кетеді. Жүргізуші Аяз Атаны оятпақшы болады, бірақ Аяз Ата оянбайды.
Жүргізуші: Балалар, қане, Аяз Атаны бәріміз бірігіп оятайық. Қолымызды қатты - қатты шапалақтасақ атамыз оянады. (Аяз Ата оянады)
Аяз Ата: Ой, мен қатты ұйықтап кетіппін. Менің Ақшақар қызым қайда? Ақшақар, Ақшақар, қайдасың?
Балалар: Ақшақарды Түлкі мен Мысық ұрлап кетті.
( Сол кезде Түлкі Ақшақар болып келеді)
Аяз Ата: Балалар, мынау Ақшақар ма?
Балалар: Жоқ. Бұл Түлкі.
Аяз Ата: Әй Түлкі, сен менің қызым Ақшақарды тауып бер, әйтпесе құрисың.
Түлкі: Аяз Ата сіз бізге сыйлық берсеңіз, біз сізге Ақшақарды қайтарамыз.
Аяз Ата Түлкі мен Мысыққа сыйлық дайындайды, Түлкі мен Мысық Ақшақарды алып келеді. Сыйлықтарын алып, Ақшақарды босатады.
Сыйлыққа екеуіне парсыз аяқ киім шығады.
Түлкі мен Мысық: Біз бұл парсыз аяқ киімді не істейміз? Аяз Ата бізді кешірші, біз енді бұзық болмаймыз.
Түлкі: Ой, балалар, келіңдер одан да ойын ойнайық, Ол үшін екі командаға бөлінеміз. Біреуі менің командам, екіншісі Мысықтың командасы. Бір парсыз аяқ киімді киіп, тез - тез жүріп, орындықты айналып қайта орнымызға келіп, келесі ойыншыға береміз. Сөйтіп ойын жалғаса береді. Қай команда бірінші бітеді, сол команда жеңімпаз атанады.
Ойын: «Кім жылдам?»

Түлкі мен Мысық: Жүр кеттік үйімізге барып, өзіміз ойнайық.
(екеуі шығып кетеді)
Жүргізуші: Аяз Ата, Ақшақар балаларымыздың тақпақтары бар еді, соны тыңдаңыздар:

Палина: Дед Мороз, Дед Мороз
Елку из лесу принес
А пока я в сад ходила
Мама елку нарядила.
Айару: Снег идёт, снег идёт!
Значит, скоро Новый Год!
Дед Мороз к нам придёт,
Всем подарки принесёт!
Айжан: Наша елка высока,
Наша елка велика,
Выше мамы, выше папы,
Достает до потолка.
Ердәулет: Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз Ата оралып

Нурислам: Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле Жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын

Назерке: Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса

Айша, Сағынбек: Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағынған
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған

Аяука: Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны
Той маскарад басталды
Аяз оны басқарды

Жүргізуші: Ақшақар, сен неге көңілсіз болып тұрсың? Саған біздің балалардың өнерлері ұнамай қалды ма?
Ақшақар: Жоқ, бәрі әдемі, өте өнерлі екен, бірақ жаңағы Түлкі мен Мысық мені ұрлап кеткенде, менің мойнымдағы моншағым үзіліп қалды.
Жүргізуші: Ақшақар, сен мұңайма, біздің қыздардың әдемі моншақтары бар, қазір саған сыйға тартады.
Би: «Моншақтар»
(қыздар қолдарындағы моншақтарын Ақшақарға сыйға тартады)
Ақшақар: Рахмет, сендерге.
Жүргізуші: Аяз Ата, Ақшақар біздің балалар Жаңа Жылға арнап тақпақтар айтты, ән айтты, би биледі, қызық - қызық ойындар ойнады, енді балаларға сыйлық беретін уақыт та жеткен сияқты.
Аяз - Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)

Балалар: Сау болыңыздар! Рахмет сіздерге!

Жамбыл облысы,
Т. Рысқұлов ауданы, "Балбөбек" бөбекжайы
Жумагулова Гулжан Базарбаевна

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама