Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 9 сағат бұрын)
Қош келдің Әз Наурыз!
Қош келдің Әз Наурыз!
Балалар әсем безендірілген залға әсем әннің ырғағымен саппен кіреді.
Тәрбиеші: Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21 - 22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау» — жаңа, «руз» — кун деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген ұғымды білдіреді. Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Адамдар үйлерінде дастархан жаяды. Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады.
— Құрметті қонақтар, балалар!
Наурыз – Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Ақ мол болсын!
Жаңа жыл бақ, береке, молшылық әкелсін!
— Наурыз — бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн.
— Ал, енді біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз наурыз мейрамға дайындаған тақпақтарын ұсынады.
Ән: «Көктем»
(Әже кіреді де шашу шашады)
Тәрбиеші: құрметті қонақтар, сіздерге арналған бақша бүлдіршіндерінің «Алтын сақа» ертегісінен қысқаша көріністі тамашалаңыздар:
Шал: Шек, шеку, ей кебенек! Мына ешкілер әбден мазамды алды. «Қой бақтым қоңырау тақтым, ешкі бақтым еңіреп бақтым» деген осы екен ғой. Ух, әбден шаршадым, дем алайыншы - деп малдас құрып отыра қалады. Сол кезде артынан Мыстан кемпір келіп шалды қылқындыра бастайды.
Мыстан: Ах, бәлем қолыма түстің бе?
Шал: Ойбай, ойбай жіберші, қылқынып барамын.
Мыстан: Сен маған не бересің?
Шал: Бір отар қой беремін.
Мыстан: Жоқ маған қой керек емес, балаңды бер әйтпесе жібермеймін
Шал: Жарайды, жалғыз Кенжебек деген ұлым бар еді, соны ал.
Мыстан: Онда келісемін, оны қалай бересің?
Шал: Баламның жақсы көретін алтын сақасы бар, соны саған беріп кетейін, балам алтын сақасын іздеп келгенде, сен оны ұстап аласың. – Міне, алтын сақасы,- деп қалтасынан алтын сақасын алып береді де өзі кетіп қалады. Мыстан алтын сақаның жанында отырады. (Бала алтын сақасын іздеп жығады.)
Бала: Апа, апа алтын сақамды алып беріңізші.
Мыстан: Ой, мен отырсам тұра алмаймын, тұрсам отыра алмаймын, өзің алшы.
(Бала еңкейіп сақасын ала бергенде мыстан баланы ұстап алады.)
Бала: Апа, мені жіберіңізші, сақамды беріңізші.
Мыстан: Сақаң керек болса, менің шартымды орында. Маған тақпақтар айтып беріңдер. (Балалар тақпақтар айтады.)
Кәусар: Әже деген көп шығар
Әжемдей жоқ шығар
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі
Нұрасыл: Айналайын анашым
Әлпештеген баласын
Еміп өскен бөбекпіз
Анамыздың мамасын
Азиза: Көктем келді шуақты
Балаларды қуантты
Алақай - ау, алақай
Құстар келіп, гүл атты.
Аяжан: Әлпештеген, аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жазып бүгін саған
Мерекеңмен құттықтаймын!
Еңлік: Мен үшін не керек, бәрін іздеп табасың
Айналайын анашым, жұмысыңа барасың
Қайтып мені көргенде
Шын сағынып қаласың
Мөлдір: Арпа, бидай, тары бар
Қатық малта тағы бар
Ішілетін, жейтіннің
Бұл көжеде бәрі бар.
Тәрбиеші: Мыстан апа енді Кенжебекті жібересіз бе?
Мыстан: Жоқ, маған енді балалар өз өнерлерін көрсетсін.
(Балалар Наурызға арналған билерін билейді.)
Би: «Қамажай»
Мыстан: Туу, көңілім бір көтеріліп қалды ғой.
Тәрбиеші: Мыстан апа, енді Кенжебекті жібересіз бе?
Мыстан: Жібермеймін, қане ұлдарыңның күштерін сынап көрейінші деп, беліндегі арқанын шешіп береді.
Ұлттық ойын: «Күш сынасу»
Мыстан: Қандай күшті балалар.
Тәрбиеші: Мыстан апа Кенжебекті енді жіберетін шығарсыз.
Мыстан: Жоқ, менің енді тағы да тақпақтар тыңдағым келіп отыр
(Балалардың тақпақтары айтылады.)
Нұрдәулет: Наурызбен құттықтап
Алыс - жақын қауышты
Көктемдегі жарқын сәт
Көңілдерге ауысты
Назерке: Жайдарымыз бәріміз
Дастарханда дәніміз
Көжесі көп, ағы көп
Қандай жақсы Наурыз!
Кәусар: Өлең өрлеп, жыр самғай
Үйлесті әсем сәніміз
Болады екен жыл сондай
Қандай болса Наурыз.
Бекнұр: Алақай - ау, алақай
Бүгін мейрам балақай
Көңілді той мейрам
Кел балақай, балақай.
Сағынбек: Наурыз тойын қарсы алып
Би билейік, ән салып
Құшақтарға гүл толып
Титтей - титтей күн болсын.
Палина: Наурыз, Наурыз,
Ну - ка дружно веселись
Ходи в гости, пей кумыс
В славный праздник Наурыз.
Тәрбиеші: Қазақ халқының ежелгі салт - дәстүрінің бірі – бата - тілек білдіру. «Жаңбырменен жер көгереді, батамен ер көгереді», деп ақ ниетпен бата беріп, тілек тілеуді дәстүрге айналдырған.
Көрініс: «Бөбекке арналған бата»
Кішкентай бөбегін көтерген келіншек, атадан бата алуға келеді.
Келіншек: Ата, бөбегіме бата беріңізші:
Ата: Нұрға бөлеп жүректі
Көтерейік білекті
Бөбекке бата берейік
Ағынан айтып тілекті
Бір үйдің баласы болма
Көп үйдің санасы бол
Бір үйдің атасы болма
Көп үйдің данасы бол
Ақты ақ деп бағала
Қараны қара деп бағала
Осы айтқанның бәрі кеп
Алла берсін мол бақты
Аумин!
Ән: «Наурыз келді»
Тәрбиеші: Мыстан апа енді балаларымыздың тағы ұлттық ойынын тамашалаңыз.
Ұлттық ойын: «Орамал тастамақ»
Тәрбиеші: Мыстан апа енді Кенжебекті жібересіз бе?
Мыстан: Жоқ. Балалардың тақпағын тыңдағым келіп тұр.
Тәрбиеші: Тақпақтарға кезек берейік:
Айгерім: Көріктісі ай көктемнің
Жасыл бояу төккен кім?
Құстар қайтып келіпті
Қойға қозы өріпті
Аяна: Наурыз келді далама
Наурыз келді қалама
Қуанады ата - ана
Қуанады бала да
Аяулым: Ақ қабақты анашым
Күн сәулелі анашым
Айжан: Менің әжем жыр әжем
Шуағы мол жан әжем
Мыстан: Жарайсыңдар, балалар сендер сондай ақылды, жақсы балалар екенсіңдер. Менің барлық сындарымнан сүрінбей өттіңдер. Кенжебектің сақасын өзіне қайырып берейін.
Тәрбиеші: Наурыз құтты болсын!
Дендеріміз сау, мықты болсын!
Наурыз тойы жылда келе берсін!
Барлық халық бақытты болсын!
Қош сау болыңыздар! Көріскенше күн нұрлы болсын!
Барлықтарыңызды Наурыз дастарханына шақырамыз! Наурыз көжеден дәм татыңыздар!

Жамбыл облысы,
Т. Рысқұлов ауданы,
"Балбөбек" бөбекжайы
Жумагулова Гулжан Базарбаевна

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама