Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің даму жолдары
№16 колледж МКҚК
Сапа менеджменті жүйесі
Орындаған: А-41 топ студенті Турсынбай Азамат Забирханұлы
Жетекшісі: Қанжигитова Айнур Мырзағалиқызы
Отандық кәсіпкерліктің қайта жандануын шартты түрде төрт этапқа бөлуге болады: Біріншісі, комсомолдық ұйымдасуларда жастардың шығармаларының ғылыми-техникалық түрінде пайда болуы мен жұмыс істеуінде құрылды. Олардың қызметтері ғылыми- техникалық проблемаларды шешуге жұмсалған. Әрине, «комсомолдық» кәсіпкерлік басым күшіне ие болмаған, алайда көптеген саудалық құрылымдар алғашқы капиталдың жиналыуын алды.
Екінші этап кәсіпкерліктің құрылуын 1988 жылы кооперация туралы кеңес заңынын қабылданумен байланыстыруға болады. Берілген этапта кәсіпкерлік көпшілікке ие болды.
Үшінші этап аренда жайлы, кәсіпорындардың ортақтастығы, банктық қызмет, кіші кәсіпорындар жайлы және кіші бизнестің дамуына заңдық актілердің қабылдануымен байланысты болды және кәсіпкерліктің ұйымдастыру- құқықтық формаларының түрлендіруіне, іскерлік активтін сферасын ұлғайтуға мүмкіндік берді. Және де, төртінші этап КСРО- ның құлдырауы мен жаңа суверенді мемлекеттердің пайда болуымен және кәсіпкерлік туралы заңдарды қабылдануымен байланысты болды. Кәсіпкерлік үшін нарықтың табысқа тез ие болуға болатын аудандары тиімді болып табылады. Бұл алып- сатуда негізделінген және мұнда ірі ақша қаражатын жұмсау қажет етілмейді. Негізінен кәсіпкерлер тауарлы- делдалдық операциялармен, сатып алу және әр түрлі тауар түрлерін шет елдерде және ТМД елдерінде сатумен айналысады.
Қазақстан Республикасында жүрген және кәсіпкерлік істі реттеген бірінші заңдардың бірі «Кәсіпкерлік істің бостандығы және ҚазақССр-нде кәсіпкерліктің дамуы» (1991 ж) болып табылады.
Кәсіпкерлікті сипаттайтын негізгі ерекшеліктеріне тоқталайық.
Біріншіден, бұл шаруашылық іс-қызмет, яғни тауарлардың өндірілуі, жұмыс пен қызметтің нарықтық шарттарда сатылуға арналған. Екіншіден, бұл ынталы қызмет, яғни ол өзінің еркімен, қалауымен, кәсіпкердің тәуелсіз таңдауымен атқарылады. Кәсіпкер өз еркімен белгілі бір ісін ашып, өзінің шаруашылық партнерларын және ынтымақтастықтың шарттарын өзі анықтайды. Үшіншіден, кәсіпкерлік қызмет әрекеттері, қазіргі күші бар заңдар шекарасында іске асырылуы тиіс.
Кәсіпкерлік кәсіпкердің өз қаражатынан жұмсалатын барлық шаруашылық қызметтің орындалуын қамтиды.
Және де заңда кәсіпкерлік қызметтің бағыты табыс алу болып табылады. Сондықтан да, табыс алуға бағытталған шаруашылық формалары кәсіпкерлік болып саналмайды.
Тіркеу-кәсіпкерліктің бастапқы және маңызды этапы. Тек тіркеуден кейін кәсіпкер банкте есеп счетын ашуға, жұмыскерлерді жалдауға, өз атына мөрді, бланктерді және басқа да фирмалық белгілерді тапсырысқа беруге, шаруашылық келісім шартқа отыруға және нарыққа шығуға құқылы болады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының шаруашылық субъектілердің тіркеу тәртібі туралы ережесінде айтылған және Қазақстан Республикасының Президентімен бекітілген.
Кәсіпкер барлық шаруашылық түрлерімен айналысуға құқылы: өндірістік және делдалдық, экономикаішілік және сырттай экономикамен. Кәсіпкерлер әр-түрлі қызмет түрлерін бұған деген еш бір рұқсат қағаздарын сұрамай-ақ біріктіріп, үйлестіре алады; олардың ара- қатынасын, байланыстарын өзгерте алады, бұл түрлердің қызметін тоқтатып, басқа түрді дамыта алады.
Арнайы мемлекеттік рұқсат қағаздар, лицензиялар белгілі бір өнім шығаруға немесе, белгілі жұмыс атқару үшін министрлік пен ведомстволармен беріледі. Мысалы, лицензиясыз геологиялық барлау жұмыстарын, пайдалы қазбалардың кен орындарын, орман және су ресурстарын эксплуатациялау, құрамында есірткелі және улы заттары бар, қауіпті істі іске асыруға болмайды.
Жеке кәсіпкерлік құқықтық қорғануда мұқтаждық етеді. Ерікті шаруашылық қызмет және кәсіпкерліктің дамыту туралы заңның 20 бабында, кәсіпкерлерге кәсіпкерліктік қызметтің формасына және меншік формасына қатыссыз тең құқықты беруіне мемлекет кепілдік бере алады. Ал заңның 30 бабында, мүліктің заңсыз алудан қорғау туралы кепілдік берілген. Кәсіпкерліктің құқықтық қорғаудың маңызды формасы комерциялық құпияны сақтау болып табылады. Бұған заңның 27 бабында технологиялық информациялармен, басқарумен, финанстық, басқа қызметтермен байланысқан және құпияның жариялануы оның ісіне зардап тигізе алуы туралы мәлімденеді.
Бірақ мемлекеттік, қоғамдық мүдделерінде кейбір информациялық материалдарды жабуға және оны құпияға енгізуге болмайды. Кәсіпкерлік туралы заңның 27 бабында қоршаған ортаның ластануын және басқа да зиян келтіретін қызметтің іске асырулына рұқсат етілмейді. Қызметтер түрлерінің нақты тізімі және де комерциялық құпия бола алатын мәліметтерді Қазақстан Республикасының министрлігімен бекітіледі. Кәсіпкерлер әр жылы қысқа баланстық мәліметтерді, уставтық фондты, табыс және шығыс көлемін, қарыздық және кредиттік қарыздар туралы хабар беруге міндетті.
21 маусымның 1991 жылы және 4 шілдеде 1992 жылы қабылданған «Жеке кәсіпкерліктің қорғауы» туралы заңдар ұзақ уақытқа жеке кәсіпкерліктің қызметтерінің құқықтық негізі болды.
Олар жеке кәсіпкерліктің негізгі формалары мен қорғау әдістерін анықтайды, мемлекеттің тікелей кәсіпкерлік қызметке араласуының және мемлекеттік органдардың жеке кәсіпкерліктің құқығын бұзуына жауапкершілік саяси қабыл алмауын бекітеді.
1998 жылы кооператив арасында, құрылыс ісі жалпы санынан – 32,5%, тауаралардың шығарылуы халықтық тұтынудың- 11,1% , тұрмыстық қызмет ету- 7,2 %.
Кіші кәсіпорындар негізінен сату және қоғамдық қоректенумен- 37,8 %, құрылыс ісімен- 13,3% және өнеркәсіп- 12,9% -дарда маманданды.
Дәл осындай қызмет түрлерімен жеке кәсіпорындар айналасты: сату мен қоғамдық қоректенумен- 38%, құрылыс ісі- 13,3%, және өнеркәсіп- 9,9%.
Кәсіпорындардың басым бөлігі дамыған өнеркәсіпті аудандарда орналасқан.