Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қазақстандықтар білім алу үшін зейнетақы төлемінің бір бөлігін қалай жұмсай алады

Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова білім алу үшін зейнетақы төлемінің бір бөлігін пайдалану механизмін енгізу жоспары туралы айтып берді.

«Кейінгі жылдары мемлекеттің жастарды жоғары біліммен қамту бағытындағы шараларына қарамастан, 2019 жылы отандық жоғары оқу орындарына ақылы негізде жоғары білім алу үшін 107 мың адам оқуға түскен. Бұл – жалпы тапсырушы 173 538 адамның 62 пайызы. Мемлекеттік тапсырыс аясында 67 мың адам білім алу мүмкіндігіне ие болды. Бұл ретте жалпы білім беретін мектептерде 1 сыныпқа қабылданып жатқандардың саны орташа есеппен 400 мың балаға дейін артып келе жатқанын атап өткім келеді», - деді Бибігүл Асылова Парламент Сенатында өткен дөңгелек үстел барысында.

Вице-министр осы ретте Білім және ғылым министрлігі БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтарының бір бөлігін білім алу үшін жұмсай алатындай механизм әзірлегенін айтып өтті. Оның сөзіне сенсек, аталған механизм бойынша экономикалық тұрғыда белсенді азаматтар қайтарым тәртібінде зейнетақы қорындағы ақшаны пайдалана алады.

Аталған механизмнің негізі мынадай:

1. БЖЗҚ салымшысы білім несиесін ресімдеу үшін құжаттар пакетімен банкке жүгінеді. Құжаттардың ішінде оқу ақысы мен зейнетақы шотынан көшірме болуы керек;

2. Осыдан кейін банк несиелік желінің ашылғаны туралы шешім шығарып, несиені транштар бойынша семестрлерге бөле аударады. Банктың шарттары: «Қаржы орталығы» АҚ несие бойынша қамсыздандыру бойынша 100 пайыз кепілдік береді. Сонымен бірге, банкте оқу салымы шоты ашылуы тиіс. БЖЗҚ зейнетақы қорындағы ақшаны салымшының банкіндегі депозиттік шотқа аударады. Депозиттен ақшаны толығымен шешіп алуға мүмкіндік берілмеуі тиіс.

3. БЖЗҚ салымшысы қаражатты аудару үшін ашық оқу депозитіне жүгінеді;

4. Банк әрбір транш бойынша «Қаржы орталығы» АҚ-қа хабарласып, несие бойынша кепілді алып отырады;

5. Кепілдік алғаннан кейін банк транш сомасын білім ұйымына жолдайды;

6. Қарыз алушы ай сайынғы тәртіп бойынша банк кестесіне сай несиені өтеп отырады;

7. Қарыз алушы толығымен несиелік міндеттемелерді алғаннан кейін банк депозиттің қаржысымен ақшаны БЖЗҚ-ға қайтарады;

8. Қарыз алушы міндеттемелерді орындамаған жағдайда банк «Қаржы орталығы» АҚ-қа жүгіне алады.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама