Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қазақстанның экологиялық проблемалары
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның экологиялық проблемалары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың Қазақстандағы экологиялық апат аймақтары туралы білімдерін тереңдетіп, таным белсенділіктерін арттыру.
Дамытушылық: Семей, Байқоңыр, Арал тағдыры - адам тағдырымен тікелей байланысты екендігін ұғындыру. Оқушыны шығармашылық ізденіске баулу.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаны экологиялық жағынан таза бүлдірмей ұстауға тәрбиелеу. Топта жұмыс жасауға үйрету.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ. Жаңа сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, атлас, кескін карта, Семей, Арал, Байқоңыр, Каспий суреттері.
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ - жауап.
Пәнаралық байланыс: химия, география, қазақ тілі.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Сәлемдесу, түгелдеу.
2) Құралдарын тексеру.
2) Назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Үй жұмысын тексеру кезеңі
Өткен тақырыпты тексеруге арналған сұрақтар.
Үй тапсырмасын тексеру:
1. Халықаралық табиғатты қорғау одағының рөлі қандай?
2. Қазақстанда ”Қызыл кітаптары”қай жылдары шықты?
3.”Қызыл кітапқа”қандай сүтқоректілер енген?
4.”Қызыл кітапқа”енгізу қандай талаппен жүргізіледі?
5. "Қызыл кітапқа" енгізілген аңдар мен құстар туралы сурет жинақтары бар ма?
6.”Қызыл кітаптың”тәрбиелік мәні неде?
7.”Қара кітап” туралы не білесіңдер?

ІІІ Жаңа сабақ кезеңі:
1) Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
2. Қызығушылықты ояту: “ой қозғау” әдісі
І - топ. Семей тобы
ІІ - топ. Байқоңыр тобы
ІІІ - топ. Арал, Каспий тобы

Табиғат – адамзаттың тіршілік ететін ортасы, сондықтан оның көптеген сұраныстарын қанағаттандыратын шикізат көзі болып саналады. Қоршаған ортаның табиғат жағдайлары адамның шаруашылық әрекетінің түрін анықтайды. Қоршаған орта адам денсаулығына әсерін тигізеді. Ауаның тазалығы, қоршаған ортаның басқа құрам бөліктеріндегі тепе - теңдіктің сақталуы адамның ұзақ өмір сүруіне жағдай жасайды.
Біздің де Қазақстанда экологиялық проблемалары бар.
Шығармашылық жұмысын қорғауы. Топ басшысы: _________________

Семей полигоны. КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысында адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. 1949 - 1963 жылға дейін жер бетінде сынақтардың зардабы әсіресе мол болды. Семей аймағында тұратын 500 мыңдай адам сынақтан азап шекті.
1999 жылы қаңтар айында бір - біріне жабысып туылған егіз нәресте дүниеге келген. Жетілмей туған нәрестені медицинада кейде арамтамақ эмбрион деп те атайды. Жасалған күрделі ота кезінде дәрігерлер дені сау нәрестеге еш зақым келтірместен сол арамтамақ эмбрионды ажыратып, кесіп алып тастаған. Отадан кейін нәрестенің жағдайы тез жақсарып, аман - есен сауығып үйіне кеткен. Ата - анасының да емдеген дәрігерлерінің қуанышында шек болған жоқ.
Нақты нәтижелерге жету үшін алдағы мақсатты жұмыстар жүргізу. Бұл шаралар Елбасының биылғы халыққа Жолдауында айтылғандай, елдің әл - ауқатын нығайтуға, атом сынағы кезіндегі зардап шеккен жерлерімізді сауықтыруға, адамдардың денсаулығын түзетуге қызмет ету тиіс.

ІІ - топтың шығармашылық жұмысы.
Топ басшысы: _________________________
Байқоңыр ғарыш айлағы. Жалпы көлемі 6, 7 мың км кв. жерді алып жатыр. Ғарыш айлағының жұмысы қоршаған ортаға мынадай кері әсерін тигізеді. 1956ж бастап 260 - тан астам зымыран ұшырылған. - ұшу процесінен кейін, атмосфераның табиғи режимі бұзылады. - атмосфераны және жер беті қабаттарын токсинді зымыран жанармайының қалдықтарымен ластайды.
- атмосфераның озон қабатын бұзады.
- территорияларды ұшу аппараттарының қалдықтарымен, сынықтарымен зақымдайды.
- қышқылды жаңбырдың жаууына себепші болады.

Байқоңыр ғарыш айлағындағы өзекті мәселелерді
шешу жұмыстары:
1. Қоршаған ортаның және халықтың
экологиялық қауіпсіздігін нығайту.
2. Қуатты зымырандардың ұшырылуын сирету.
3. Егінді жинау, бау - бақшалардың гүлдеуі кезінде токсинді химиялық қосылыстарды бөлетін зымырандарды ұшырмау.
4. Аймақтың суы, топырағы, өсімдіктеріне, жан - жақты зерттеу жұмыстарын жүргізу.
5. Токсинді зымыран жанармайларын сақтауда және тасымалдауда қауіпсіздік шараларын сақтау.

ІІІ - топтың шығармашылық жұмысы
Топ басшысы: __________________________ Арал теңізінің дүниежүзілік мұхиттан 52 метр биіктікте орналасқан. Бұл проблеманың тууына себепші болған - адам әрекеті. Қазіргі таңда 18 метр тереңдікке төмендеп, тартылған теңіз табанынан тұзды, қышқылды шаң - тозаңдар желмен аспанға көтеріліп он мыңдаған шақырымға дейін ұшып барады екен. Теңіздің 1шқ кв. жерінен жылына 80000 тонна тұзды шаң әуеге көтеріледі екен.
Арал теңізін құтқару жөніндегі бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар:
Сібір өзендерін Қазақстанға бұру.
2. Амудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту.
3. Арал теңізін жартылай сақтап қалу.
4. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу.
5. Жер асты суларын пайдалану

Солтүстігіне құятын Еділ өзенінде бөгендердің салынуы, мұнай кәсіпшілігінің өркендеуі теңіздің экологиялық жағдайын нашарлатты.
Соңғы жылдары бұл аймақ мұнай мен газдың өндірудің маңызды экономикалық ауданына айналды. Теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты бұл аймақ табиғи апат жағдайына ұшырады. Табиғи қорларын игеруде де, бұл аудандардағы табиғат компоненттерінің өзгеруіне байланысты мынадай проблемалар туындауда:
- экологиялық апатты аймаққа жататындықтан, Азғыр полигонының ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуіне байланысты тұрғын халықтардың денсаулығының күрт нашарлауы;
- мұнай мен газдың өндірілуіне байланысты тіршілік дүниесінің өзгеруі балықтардың (бекіре) қырылуы, уылдырық шашатын көксерке балықтарының кеміп кетуі;
- осы теңізге ғана тән (эндемикалық) итбалықтың мезгіл - мезгіл қырылуы;
- аңызақ желдердің шаруашылыққа тигізетін кері әсері (жел эрозиясы).
Теңізіндегі мұнай мен газдың өндірілуіне байланысты тіршілік дүниесінің өзгеруі, балықтардың қырылуы, уылдырық шашатын көксерке балықтардың кеміп кетуі, осы теңізге ғана тән (эндемикалық) итбалықтардың мезгіл - мезгіл қырылуынан көрініс.(суреттер көрсетіледі)

Сабақты бекіту.
Венн диаграммасы

білемін
не білдім
білгім келеді

Үйге тапсырма беру: §51 Қазақстанның экологиялық проблемаларын оқу, кескін картаға Қазақстанның экологиялық аймақтарын және оның ластану көздерінің шартты белгісін қойыңдар.
Білімдерін бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама