Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ара мен шыбын. Оспанхан Әубәкіров
Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Ара мен шыбын. Оспанхан Әубәкіров
Мақсаты: Оқушының жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене отырып, мысалдағы түйінді ойды ашуға жағдай жасау. Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту. Этикалық талғамын арттыру, еңбекке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдісі: сұрақ - жауап, талдау, іздену
Көрнекілігі: интерактивті тақта

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа даярлық.
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз бақытты баламыз,
Қайырлы күн! Амандасып аламыз.

II. Үй тапсырмасын тексеру.
1. А. Байтұрсынов туралы не білесің?
2. Бұл мысалда кейіпкерлер не істемекші болды?
3. Олар неге жүкті орнынан қозғалта алмады?
4. Мысалда адамдардың қандай әрекеті сыналады?
5. “Бірлік”, “Ынтымақ” туралы қандай мақалдар білесіңдер?
6. Үй тапсырмасын бағалау.

III. Мақсат қою кезеңі:
1. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
2. Жаңа сабаққа даярлық.
Жұмбақ шешу:
1. Шақсам, удай тісім
Оны, бала, түсін.
Көп жей берсең балды,
Ауырады тісің. Ара
2. Қыста ұйықтап жатар,
Жазда думан ашар. Шыбын

IY. Жаңа сабақ. Кіріспе.
1. Автор туралы мәлімет:
Оспанхан Әубәкіров 1936 жылы туып, 1986 жылы қайтыс болған. Ол Алматы облысы Жамбыл ауданы, Үшбұлақ ауылында дүниеге келген.
Әзіл - сықақ жанрының шебері болған. Оның «Қоңырау», «Бөдене», «Күлкіңіз келе ме?», «Жасыратын не бар?», «Сыйлық», «Ұзын сөздің қысқасы», «Өзіміз білеміз» атты сықақ әңгімелері мен өлеңдер жинақтары жарық көрген.
Әубәкіров қазақ әдебиетіндегі сатира жанрының дамуына елеулі үлес қосқан, талантты сатирик. «Сатирик» деп адамның бойындағы теріс қылықтарды сынап, мысқылдап жазатын жазушыны айтамыз.
1983 жылы балаларға арналған «Қағаз қалпақ» сатиралық жинағы үшін Қазақстан Жазушылар одағының сыйлығы берілді.
2. Не білесің?
Ара. Ағылшынша Bee, орысша Пчела жарғаққанаттылар отрядына жататын бунақдене, ұзындығы 1 - 1, 5 см.
- Аралар сары ала болып киінген жауынгерлерге ұқсайды.
– Демтүтік арқылы ауамен демалады.
– Ұясын шатырға, ағаштардың қуысына бұтақтарға салады.
– Құйрығының ұшында өткір шаншар бізі бар.
– Шаққан жері ісіп кетеді.
Аралардың 22 мыңнан астам түрлері белгілі. Олар ара патшасы, еркек ара, жұмысшы ара болып үшке бөлінеді.
Шыбын. Ағылшынша Fly, орысша Муха қосқанаттылар отрядының бір тармағына жатады. Жер шарында кең тараған. Шыбындардың мұртшалары қысқа, үш бунақты. Шыбын көптеген жұқпалы ауруларды – дизентерия, асқазан сүзегін, ішек - қарын құрттарының жұмыртқаларын таратады. Үй - жайларда шыбынның өсіп - өнуіне жол бермеу үшін ас - судың бетін жауып ұстау керек. Мал немесе құс ұстаған жағдайда қора - қопсыны таза ұстау керектігін есте сақтау керек. Шыбынға қарсы «Мухолов», «Дихлофос», «Нефос» т. б. дустарды пайдаланған жөн.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама